Ақмола облысы жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері арасында «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға ішкі конкурс

Ақмола облысы жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері арасында «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға ішкі конкурс

 

«Ақмола облысы Егіндікөл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (индексі 020600, Ақмола облысы, Егіндікөл ауданы, Егіндікөл ауылы, Жеңіс көшесі 6, анықтама үшін телефон нөмірі: 8(716-42)21-8-55, факс: 8(716-42)21-3-42, электрондық  мекенжайы: egindykol_sup@aqmola.gov.kz.) (электрондық хатты мемлекеттік органдардың интранет порталы арқылы жолдағанда файлдардың максималды жіберілетін көлемі 20 Мб, сыртқы поштадан (mail.ru, gmail.com және т.б.) 5 Мб аспауы қажет) Ақмола облысы жергілікті атқарушы органдардардың мемлекеттік қызметшілері арасында «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

 

  1. Егіндікөл ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыс жөніндегі бас инспектор, «Е-3» санаты, 1 бірлік. Блок В, грейд 4.

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 226837 теңгеден 260564 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері: Аудан әкіміне қол қоюға ұсынылатын әкімнің шешімдері, өкмідері, әкімдік қаулыларының және құқықтық сипаттағы өзге де құжаттардың заң талаптарына сәйкестігін тексеру. Аудан әкімі және әкімдігімен қабылданатын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындауға қатысу және әзірлеу, көрсетілген жобаларға виза қою, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу үшін әділет басқармасына жолдау бойынша жұмысты ұйымдастыру. Қолданыстағы Заңдарды насихаттау бойынша іс-шаралар әзірлеу, атқарушы орган мен ведомствоға қарасты ұйымдарда құқықтық жаппай оқытуды ұйымдастыру. Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу журналын толтырып жүргізу.  Құқықтық мәселелер бойынша қорытынды беру. Нормативтік құқықтық актілерге мониторинг жүргізу. Құқық қорғау және сот органдарымен өзара байланысты жүзеге асыру. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекетті ктіркеуді жүргізу, әкім және әкімдіктің актілеріне заңды сараптама жасау (қол қою). Аудан әкімдігі мемлекеттік қызметшілері арасында құқықтық оқу жүргізуді ұйымдастыру. Наразылық – қуыным жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу, барлық деңгейдегі соттарда әкімдік пен аудан әкімі аппаратының мүддесін білдіру. Бөлімнің іс қағаздарын жүргізу. Нормативтік құқықтық актілер бойынша, аудан прокурорының актілері, сот жұмысы бойынша, құқықтық жұмыс бойынша мониторинг жүргізу және есептерді белгіленген мерзімде жоғарғы органдарға жолдау. Лауазымдық нұсқаулықпен  анықталған өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Бизнес, басқару және құқық (құқықтану немесе халықаралық құқық) саласында жоғары немесе жоғарыдан кейінгі білім.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

          1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес

 

  1. Сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі тұрғын үй инспекциясы, құрылыс және қаржы секторының меңгерушісі, «Е-R-3» санаты, 1 бірлік. Блок А, грейд 5.

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 263131 теңгеден 302255 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері: Сектор қызметіне басшылықты жүзеге асыру. Сектор мамандарының лауазымдық міндеттерін орындауын бақылау. Аудан аумағында объектілерді салу бойынша жұмыстардың уақтылы және сапалы жүргізілуіне бақылауды жүзеге асыру. Кондоминимум объектісінде және әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде және оларға іргелес аумақтарда үй-жайлар (пәтерлер) меншік иелерінің ортақ мүлкін пайдалану, күтіп-ұстау, пайдалану және жөндеу тәртібінің сақталуын бақылау. Тұрғын үйлерде (тұрғын ғимараттарда) үйге ортақ жылу, энергия және су ресурстарын есепке алу аспаптарының болуын бақылау. Кондоминимумның ортақ мүлкінің және оның инженерлік жабдықтарының техникалық жай-күйін бақылау. Кондоминиумды күтіп ұстау және жөндеу бойынша жұмыстардың уақтылы орындалуын бақылау. Кондоминиум және әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне тұрақты техникалық тексеру жүргізу. Тұрмыстық газ баллондарын қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуын бақылау. Тұрғын үйлерді (тұрғын ғимараттарды) және әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін маусымдық пайдалануға дайындау жөніндегі іс-шаралардың жүзеге асырылуын, сондай-ақ объектілерді белгіленген мерзімде пайдалануға беруді бақылау. Жоспар бойынша бөлінген қаражатты толық игеру бойынша жұмыстардың орындалуын, құрылыс–монтаждау жұмыстарын жүргізудің басталғаны туралы хабарламалар беруді бақылау. Мемлекеттік сатып алудың өткізілуіне, қаржыландыру жоспарының орындалуына, аудан аумағында құрылысқа бөлінген жерлерді пайдалануға, ескерткіштерді күзетуге және қалпына келтіруге бақылауды жүзеге асыру. Лауазымдық нұсқаулықпен  анықталған өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: инженерлік, өңдеу және құрылыс (сәулет және құрылыс) немесе бизнес, басқару және құқық (экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы) саласында жоғары немесе жоғарыдан кейінгі білім.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

          1) жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес

 

Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) негізінде жүргізіледі.

Құжаттарды қабылдау мерзімі (3 жұмыс күні), уәкілетті органның интернет-ресурсында ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен кейінгі келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі. 

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс жариялаған мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 211 қазандағы № 14 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14436 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 қарашада «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік отыз күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адамның оларды қараудан бас тартуына негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.

 Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.

А-1, В-1, С-1, С-О-1, C-R-1, D-1, D-О-1, Е-1, E-R-1 санаттарының лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясы айқындаған тақырыптардың біреуіне екі жүз сөзден аспайтын бір эссені конкурс комиссиясы хатшысының қатысуымен мемлекеттік немесе орыс тілінде кандидаттың таңдауы бойынша жазады. Эссені конкурс комиссиясы осы Қағидалардың 4-қосымшасында белгіленген параметрлерге сәйкес бағалайды. Эссені жазу уақыты 45 минуттан аспауы керек.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның жұмыскерлері қатыса алады. Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді. Хабардар ету конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон бойынша немесе электронды пошта бойынша жүзеге асырылады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 2-қосымшасы

 

Нысан

«Егіндікөл ауданы әкімінің аппараты» ММ

(мемлекеттік орган)

 

Өтініш

 

 

Мені________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін.

  Мемлекеттік қызметші өзінің жақын туыстары (ата-аналары (ата-анасы), балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері), жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары (жұбайының (зайыбының) ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), ата-аналары және балалары) атқаратын лауазымға тікелей бағынысты болатын мемлекеттік лауазымды атқара алмайды, сондай-ақ жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары тікелей бағынысында бола алмайтыны туралы талаппен таныстым.

Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға және орналастыруға келісім беремін _______________.

(иә/жоқ)

 

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

Мекен жайы: _________________________________________________

Байланыс телефоны: ___________________________________________

Е-maіl: _______________________________________________________

ЖСН:  _______________________________________________________

 

________ _______________________________________

(қолы)             (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)) 

 

«___»_______________ 20 __ ж.

 

Ақмола облысы жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері арасында «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға ішкі конкурс
Дата публикации
16 января 2024