ЖОБА
Егіндікөл аудандық мәслихатының 2018 жылғы 18 мамырдағы
№ 6С26-4 «Егіндікөл ауылы және Егіндікөл ауданының ауылдық елді мекендердегі бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы» шешімнің күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Егіндікөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
- Егіндікөл аудандық мәслихатының «Егіндікөл ауылы және Егіндікөл ауданының ауылдық елді мекендердегі бағалау аймақтарының шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін бекіту туралы» 2018 жылғы 18 мамырдағы № 6С26-4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6658 болып тіркелген) шешімнің күші жойылды деп танылсын.
- Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың
төрағасы Қ. Шынтеміров