Егіндікөл ауданы Алакөл ауылдық округі әкімінің кезекті сайлауын тағайындау туралы хабарлама
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1-бабына сәйкес Егіндікөл ауданы Алакөл ауылдық округі әкімінің кезекті сайлауы 2023 жылғы 24 желтоқсанға тағайындалды.
Егіндікөл ауданы Алакөл ауылдық округі әкімінің кезекті сайлауын даярлауға және өткізуге арналып бекітілген негізгі күнтізбелік шаралар жоспары бойынша:
Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері болуға кандидаттарды ұсынуды белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар- өз мүшелері арасынан, азаматтар өзін–өзі ұсыну тәртібімен әкім болуға кандидат ретінде дауысқа түсу ниеті туралы тиісті сайлау округінің аумақтық сайлау комиссиясына өтініш беру арқылы, сондай-ақ егер ұсыну мерзімі аяқталған күні екіден аз кандидат ұсынылса, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі жүргізеді, 2023 жылғы 16 қарашада басталып, 2023 жылғы 28 қарашада аяқталады.
(113-3 баптың 1- тармағы)
Кандидаттарды тіркеу және тиісті куәлік беру 2023 жылғы 16 қарашада басталады және 2023 жылғы 3 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады
(113-5 бап)
Егіндікөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы