Алакөл ауылдық округі әкімінің кезекті сайлауын тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14 және 113-1-баптарына сәйкес Егіндікөл аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- 2023 жылғы 24 желтоқсанға Алакөл ауылдық округі әкімнің кезекті сайлауы тағайындалсын.
- 2023 жылғы 24 желтоқсанға тағайындалған Алакөл ауылдық округі әкімінің кезекті сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
- Осы қаулы Егіндікөл аудандық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында және аудандық «Алтын астық» газетінде жариялансын.
Төраға С. Жаңабаев
Хатшы С. Құрманов