Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау  нәтижелерін жария талқылау хаттамасы

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау

 нәтижелерін жария талқылау хаттамасы

 

Көкшетау қ .                                                                           2023 жылғы 24 шілде 

Төрағалық етуші: А.Б. Әміренова.

Қатысқандар: ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақмола облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары                       А.Ж. Жақиялин, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақмола облысы бойынша департаменті превенция басқармасының бас маманы А.А. Құсайынов, «Әділдік жолы» РҚБ өкілі С.О. Тайтенова, квазимемлекеттік сектор ұйымының Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуге уәкілетті тұлғалар, базалық бағытты іске асыру тобының мүшелері (тізімге сәйкес).

  1. «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағытындағы жобалар тобын іске асыру туралы.

(А.Б. Әміренова)

  1. Ақмола облысының квазимемлекеттік секторының 26 (жиырма алты) ұйымдарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері туралы (тізімге сәйкес).

 

  1. Квазимемлекеттік сектор ұйымдары:

- ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақмола облысы бойынша департаментінің бірінші орынбасары А.Ж. Жақиялинның ақпараты назарға алынсын.

- ведомстволар функцияларының ерекшеліктерін ескере отырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша талдамалық анықтамаларды пысықтауы;

- талдамалық анықтамаларда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдар бойынша ақпаратты көрсету;

- анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша нақты ұсынымдарды толықтай жазуы;

- пысықталған материалдарды облыс әкімінің аппаратына 2023 жылғы 5 тамызға дейінгі мерзімде ұсынуы қажет;

- Көкшетау, Степногорск қалалары мен аудандарының әкімдіктері квазимемлекеттік сектор ұйымдарының жоғарыда көрсетілген тапсырмаларды орындауын қамтамасыз етсін;

Осы хаттаманың орындалуын бақылау облыс әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөліміне жүктелсін.

                

Ақмола облысы

әкімінің орынбасары                                                                 А. Әміренова           

                       

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау хаттамасы
Дата публикации
27 июля 2023