2023 жылғы 4 маусымға белгіленген Ақмола облысы Егіндікөл ауданы Буревестник ауылы әкімнің сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары
|
1. Әкімдердін (бұдан әрі – әкімдерді) сайлауын тағайындау |
|
|
|
Аудандық сайлау комиссиясы Әкімнің өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін кемінде елу күн бұрын 2023 жылдың 26 сәуір (113-1-б. 2, 3-т.) |
|
2. Сайлау округтерінің тізімін, олардың шекаралары мен аумақтық сайлау комиссияларының орналасқан жерлерін көрсете отырып, тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Аудандық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей 2023 жылдың 6 мамырдан кешіктірмей (22-б.) |
|
3. Аумақтық сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Аудандық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірмей 2023 жылдың 6 мамырдан кешіктірмей (13-б. 4-т.) |
|
4. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Аудандық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен кешіктірмей 2023 жылдың 11 мамырдан кешіктірмей (17-б. 2-т.) |
|
5. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Аудан әкімі Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзімде 2023 жылдың 11 мамырдан кешіктірмей (23-б. 5-т.) |
|
6. Әкімдікке кандидаттар ұсыну |
|
|
|
Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар, өз мүшелерінің арасынан, егер ұсыну мерзімі аяқталған күні екіден аз кандидат ұсынылса, аумақтық сайлау комиссиясына әкімге кандидат, сондай-ақ жоғары тұрған әкім болып сайлануға ниет білдіргені туралы өтініш беру арқылы өзін-өзі ұсыну тәртібімен азаматтар Сайлау тағайындалған күннен кейінгі күннен басталады және егер сайлау тағайындалған кезде өзгеше белгіленбесе, сайлау өткізілетін күнге дейін жиырма бес күн бұрын жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізде аяқталады 2023 жылғы 27 сәуірде басталады және 2023 жылғы 9 мамырда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады (113-3-б. 1-т.) |
|
7. Әкімдікке кандидаттардың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық Заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-2 бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау |
|
|
|
Аудандық сайлау комиссиясы (4-б., 113-5-б., 11-т. 2-тт.) |
|
8. Әкімдікке кандидаттардың сенім білдірген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру |
|
|
|
Аудандық сайлау комиссиясы Әкімдікке кандидаттың Сайлау туралы Конституциялық заңда көзделген талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап (14-б. 8-1) т., 31-б.) |
|
9. Әкімдікке кандидаттарға өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған, қолдап қол жинау үшін қол қою парақтарын беру |
|
|
|
Аудандық сайлау комиссиясы Кандидаттың Конституциялық заңда, Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасы Заңының 36-2 бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада көзделген талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін үш күндік мерзімде (113-4-б.) |
|
10. Әкімдікке кандидаттарды қолдап жиналған қолдардың дұрыстығын тексеру және тиісті хаттаманы ресімдеу |
|
|
|
Құжаттандыру және паспорттар мен жеке куәліктерді беру жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлерін тарта отырып аудандық сайлау комиссиялары Тиісті аумақтық сайлау комиссиясына өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған азаматтардан қол қою парақтарын тапсырғаннан кейін үш күн мерзімде. (113-4-б. 7-т.)
|
|
11. Жергілікті атқарушы органдардың шотына тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын ең төменгі жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізу (2023 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша әрбір ұсынылған кандидат үшін 70000 теңге). |
|
|
|
Әкімдікке кандидатттар, саяси партиялар (әрбір ұсынылған кандидат үшін) Кандидат тіркелгенге дейін (113-5-б. 2-т.) |
|
12. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен және нысанда тұрғылықты жері бойынша активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсыну (2023 жылғы 1 сәуірге). |
|
|
|
Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы) Кандидат тіркелгенге дейін (113-5-б. 3-т.) |
|
13. Кандидат және оның жұбайы (зайыбы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру |
|
|
|
Мемлекеттік кіріс органдары Кандидат тіркелген күннен бастап бес күн ішінде (113-5-б. 4-т.) |
|
14. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру |
|
|
|
Аудандық сайлау комиссиясы Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау күніне жиырма күн қалғанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады Барлық қажетті құжаттарды алған күннен басталады және 2023 жылғы 14 мамырда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де аяқталады (113-5-б.) |
|
15. Әкімдікке кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Аудандық сайлау комиссиясы Кандидаттар тіркелгеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей (113-5-б. 9-т.) |
|
16. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру |
|
|
|
Жергiлiктi атқарушы орган және аумақтық сайлау комиссиясы Үгіт басталғанға дейін 13 мамырға дейін (28-б. 6-т.) |
|
17. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу |
|
|
|
Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау күнінің алдындағы күннің жергілікті уақыты бойынша нөл сағатта аяқталады 2023 жылдың 14 мамырында жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-ден кейін басталып, 2023 жылдың 3 маусымында жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады (27-б. 2-т.) |
|
18. Әкімдікке кандидаттарға сайлаушылармен кездесулері үшін үй-жайлар беру, кандидаттар мен олардың сенім білдірген адамдарының бөлінген үй-жайларда сайлаушылармен кездесу кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Жергiлiктi атқарушы орган және аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде (28-б. 4-т.) |
|
19. Әрбір сайлау учаскесі бойынша әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну |
|
|
|
Аудан әкімі Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын 2023 жылғы 14 мамырға дейін (24-б. 5-т.) |
|
20. Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда 2023 жылғы 20 мамырдан бастап
(26-б. 1-т.) |
|
21. Сайлаушыларды дауыс беру күні, уақыты және орны туралы хабардар ету |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей 2023 жылғы 25 мамырға дейін (18-б. 5) т., 38-б. 2-т.) |
|
22. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу |
|
|
|
Аудандық сайлау комиссиясы Ерте дегенде үш күн бұрын және сайлаудан кемінде бір күн бұрын 2023 жылғы 1 маусымнан ерте емес және 3 маусымға дейін (37-б. 3-т.) |
|
23. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда 2023 жылғы 4 маусымда жергілікті уақыт бойынша сағат 06.00-де (40-б. 1-т.) |
|
24. Дауыс беруді өткізу |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Сайлау күні, жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін (38-б. 1-т.) |
|
25. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде әкім сайлауы бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады (18-б. 8) т., 43-б.) |
|
26. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу (43-б. 8-т.) |
|
27. Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды тиісті аудандық (қалалық) аумақтық сайлау комиссияларына ұсыну |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу (113-8-б. 1-т.) |
|
28. Әкім сайлауының қорытындыларын белгілеу |
|
|
|
Аудандық сайлау комиссиясы Сайлаудан кейін үш күн мерзімнен кешіктірмей 2023 жылғы 6 маусымнан кешіктірмей (113-10-б.) |
|
29. Әкімдерді сайлау қорытындылары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Аудандық сайлау комиссиясы Сайлау өткізілген күннен бастап төрт күннен кешіктірмей 2023 жылғы 8 маусымнан кешіктірмей (44-б.) |
|
30. Сайланған әкімдерді тіркеу, тиісті куәліктер беру |
|
|
|
Аудандық сайлау комиссиясы Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күн мерзімде
Сайланған әкімдерден жеті күн мерзім ішінде Конституцияға және Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес әкім мәртебесімен сыйыспайтын міндеттерді доғаратыны туралы жазбаша өтініш алғаннан кейін 2023 жылғы 11 маусымнан кешіктірмей (45-б., 46-б. 3-т, 113-11-б. 1-т) |
Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.