«Б» корпусының бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымына орналасуға осы мемлекеттiк органның мемлекеттiк қызметшiлерi арасында iшкi конкурс

«Б» корпусының бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымына орналасуға осы мемлекеттiк органның мемлекеттiк қызметшiлерi арасында iшкi конкурс

«Ақмола облысы Егiндiкөл ауданы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесi (индексi 020600, Ақмола облысы, Егiндiкөл ауданы, Егiндiкөл ауылы, Жеңiс көшесi 6, анықтама үшiн телефон нөмiрi: 8(716-42)21-8-55, факс: 8(716-42)21-3-42, электрондық мекенжайы: egindikol_kanz@akmo.kz.) «Б» корпусының бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымына орналасуға Ақмола облысының жергiлiктi атқарушы органдары мемлекеттiк қызметшiлерi арасында iшкi конкурс жариялайды:

1.Егiндiкөл ауданы әкiмi ұйымдастыру — бақылау жұмыс бөлiмiнiң басшысы, «Е-3» санаты, 1 бiрлiк.

Лауазымдық жалақысы еңбек сiңiрген жылдарына байланысты 112730 теңгеден 152017 теңгеге дейiн.

Негiзгi функционалдық мiндеттерi: Жалпы басшылық және бөлiм жұмысын ұйымдастыру. Жоғары тұрған органдар құжаттарының уақытында орындалуына бақылау жасауды қамтамасыз ету, басшылықты бақылау құжаттары мен тапсырмалардың орындалуы туралы ақпараттандыру, тапсырмалардың орындалу сапасына мониторинг жүргiзу. Аппараттың ұйымдастырушылық жұмысын регламенттейтiн құжаттарды дайындауға қатысу. Ауыл және ауылдық округ әкiмдерiнiң жұмыс стилiн, үлгiлерi мен әдiстерiн жетiлдiру, барлық деңгейдегi сайлау органдарына сайлау өткiзу мәселелерi, ауданды әкiмшiлiк-аумақтық орналастыру мәселелерi жөнiндегi жұмыс. Жоғарғы орган өкiлдерiнiң жұмыс сапарлары бойынша материалдар дайындау. Аудан әкiмi және ауыл және ауылдық округ әкiмдерiнiң аудан халқымен есеп беру кездесулерiн өткiзудi ұйымдастыруды қамтамасыз ету. Халықпен есеп беру кездесулерiнде берiлген аудан әкiмi тапсырмаларының орындалу барысын бақылау. Кеңестерге материалдар дайындау, аудан әкiмi кеңестерiнiң хаттамаларын жүргiзу. Референдумдар, ҚР Президентiнiң, ҚР Парламентi Мәжiлiсi депутаттарын, билiктiң жергiлiктi өкiлеттi органдарының, ауыл және ауылдық округ әкiмдерiнiң сайлауына дайындық және өткiзуге қатысу, осы кампаниялардың ұйымшылдықпен өтуiн қамтамасыз ету шараларын жүзеге асыру. Лауазымдық нұсқаулықпен анықталған өзге де мiндеттердi жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Бiлiм немесе гуманитарлық ғылымдар немесе құқық немесе әлеуметтiк ғылымдар, экономика және бизнес немесе техникалық ғылымдар және технологиялар немесе ауыл шаруашылығы ғылымдары немесе қызметтер немесе жаратылыстану ғылымдары саласында жоғары және жоғарыдан кейiнгi бiлiм. «Назарбаев Университетi», «Назарбаев Зияткерлiк мектептерi» және «Назарбаев Қоры» мәртебесi туралы Заңға сәйкес дербес бiлiм беру ұйымдарында, не Республикалық комиссия бекiтетiн шетелдiк жоғары оқу орындарында басым мамандықтар бойынша нақты лауазымның функционалдық мiндеттерiне сәйкес жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм.

Мынадай құзыреттердiң бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершiлiк, қызметтi тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестiк, қызметтi басқару, шешiм қабылдау, көшбасшылық.

Жұмыс тәжiрибесi келесi талаптардың бiрiне сәйкес болуы тиiс:

1) мемлекеттiк лауазымдарда қызмет өтiлi бiр жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтiлi екi жылдан кем емес;

3) Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаты мәртебесiнде немесе тұрақты негiзде қызмет ететiн облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесiнде немесе халықаралық қызметкер мәртебесiнде қызмет өтiлi бiр жарым жылдан кем емес;

4) мемлекеттiк қызмет өтiлi екi жылдан кем емес, оның iшiнде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттiк органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейiнен төмен емес, жергiлiктi әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында бiр жылдан кем емес;

5) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейiнгi бiлiм бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы бiлiм беру ұйымдарында немесе шетелдiң жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекiтетiн басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

6) ғылыми дәрежесiнiң болуы;

7) Президенттiк жастар кадр резервiне алынған тұлғалар үшiн жұмыс өтiлi бес жылдан кем емес.

Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекiтiлген «Б» корпусының әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары» (бұдан әрi — Қағидалар) негiзiнде жүргiзiледi.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi (3 жұмыс күнi), уәкiлеттi органның интернет-ресурсында iшкi конкурс өткiзу туралы хабарландыру жарияланған күннен кейiнгi келесi жұмыс күнiнен бастап есептеледi.

Iшкi конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген азаматтар конкурс жариялаған мемлекеттiк органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесi не «Е-gov» электронды Үкiмет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетiлген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзiмiнде тапсырады.

Iшкi конкурсқа қатысу үшiн мынадай құжаттар тапсырылады:

1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтiнiш;

2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi Төрағасының 2016 жылғы 211 қазандағы № 14 бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 14436 болып тiркелген, 2016 жылғы 28 қарашада «Әдiлет» ақпараттық-құқықтық жүйесiнде жарияланған) бекiтiлген, тиiстi персоналды басқару қызметi құжаттарды тапсыру күнiне дейiн күнтiзбелiк отыз күн iшiнде растаған мемлекеттiк қызметшiнiң қызметтiк тiзiмi.

Құжаттардың толық емес пакетiн немесе дәйексiз мәлiметтердi ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшiн негiз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейiне және беделiне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсiби қызметiн, бiлiктiлiгiн сипаттайтын мәлiметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Iшкi конкурсқа қатысатын және әңгiмелесуге жiберiлген кандидаттар оны әңгiмелесуге кандидаттарды жiберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн iшiнде конкурс жариялаған мемлекеттiк органдарда өтедi.

Iшкi конкурсқа қатысатын және әңгiмелесуге жiберiлген кандидаттармен әңгiмелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткiзiлуi мүмкiн.

А-1, В-1, С-1, С-О-1, C-R-1, D-1, D-О-1, Е-1, E-R-1 санаттарының лауазымдарына үмiттенген кандидаттар конкурс комиссиясы айқындаған тақырыптардың бiреуiне екi жүз сөзден аспайтын бiр эссенi конкурс комиссиясы хатшысының қатысуымен мемлекеттiк немесе орыс тiлiнде кандидаттың таңдауы бойынша жазады. Эссенi конкурс комиссиясы осы Қағидалардың 4-қосымшасында белгiленген параметрлерге сәйкес бағалайды. Эссенi жазу уақыты 45 минуттан аспауы керек.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтiлiгiн қамтамасыз ету үшiн оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретiнде он сегiз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның iшiнде мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органның жұмыскерлерi қатыса алады. Байқаушы ретiнде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшiн адам әңгiмелесу басталғанға дейiн екi сағаттан кешiктiрмей персоналды басқару қызметiн (кадр қызметiн) хабардар етедi. Хабардар ету конкурс өткiзу туралы хабарландыруда көрсетiлген телефон бойынша немесе электронды пошта бойынша жүзеге асырылады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгiмелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

«Б» корпусының мемлекеттiк
әкiмшiлiк лауазымына
орналасуға конкурс өткiзу
қағидаларының 2-қосымшасы
Нысан
_________________________
(мемлекеттiк орган)

Өтiнiш

Менi_________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________

бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін.
Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға және орналасуға келісім беремін _______________.
(иә/жоқ)

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:

_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________

Мекен жайы: _________________________________________________
Байланыс телефоны: ___________________________________________
Е-maіl: _______________________________________________________
ЖСН: _______________________________________________________

______                                                    ______________________________________
(қолы)                                                       (Тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда))

«_____» _______________ 201 __ ж

Дата публикации
03 июня 2020