Егіндікөл ауданы
әкімдігінің
2021 жылғы «___»
_________
№__________
қаулысына
2-қосымша
Егіндікөл ауданы
әкімдігінің
2018 жылғы 23
мамырдағы
№ а-5/89 қаулысына
2- қосымша
Егіндікөл ауданың шалғайдағы елді мекендерінде тұратын
балаларды жалпы білім беретін мектепке тасымалдау тәртібі
- Егіндікөл ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектепке тасымалдау тәртібі 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы «автомобиль көлігі туралы» Заңының 14 бабы 3 тармағының 3-1 тармақшасына сәйкес әзірленді
- Тасымалдаушы білім беру ұйымы болып табылады.
- 2015 жылғы 26 наурыздағы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының №349 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11550 болып тіркелген) жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен тасымалдау қағидаларының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.