ЖОБА
«Егіндікөл ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын
балаларды жалпы білім беретін мектепке тасымалдаудың схемасы
мен тәртібін бекіту» Ақмола облысы Егіндікөл ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 23 мамырдағы № а-5/89 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- «Егіндікөл ауданының шалғайдағы елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектепке тасымалдаудың схемасы мен тәртібін бекіту» Ақмола облысы Егіндікөл ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 23 мамырдағы № а-5/89 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6657 тірлкелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының 1, 2 қосымшасы осы қаулының 1 және 2 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы Егіндікөл ауданы әкімінің орынбасары Қ. А. Шынтеміровке жүктелсін.
- Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Е. Мұхамедин