Егіндікөл ауданының ауыл және ауылдық округ әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы

Егіндікөл ауданының ауыл

және ауылдық округ әкімдерінің

сайлауын тағайындау туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1-бабына сәйкес Егіндікөл аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. 2021 жылғы 25 шілдеге Егіндікөл ауданында сайлау тағайындалсын:

- Абай ауылының әкімі;

- Жалманқұлақ ауылдық округінің әкімі.

  1. 2021 жылғы 25 шілдеге тағайындалған Егіндікөл ауданының ауыл және ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. Осы қаулы Егіндікөл аудандық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында және аудандық «Алтын астық» газетінде жариялансын.

 

Төраға                                                                                                     С. Жаңабаев

 Хатшы                                                                                                 Г. Джұмабаева

 

Егіндікөл ауданының ауыл және ауылдық округ әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы
Дата публикации
25 июня 2021