Егіндікөл аудандық
мәслихаты сессиясының
2020 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 6С54-4 шешімімен бекітілді
Ақмола облысы Егіндікөл ауданының
аумақтарын дамытудың
2021-2025 жылдарға арналған бағдарламасы
Егіндікөл а., 2020 жыл
Мазмұны
|
1-тарау. |
Паспорт |
3 |
|
2-тарау |
Ағымдағы жағдайды талдау |
5 |
|
|
Негізгі проблемалардың кешенді сипаттамасы |
7 |
|
|
Орта мерзімді болашақтағы ауданды тұрлаулы әлеуметтік-экономикалық дамытудың бәсекелестік артықшылықтары мен мүмкіндіктері |
|
|
3-тарау |
Негізгі бағыттар, мақсаттар және оларға қол жеткізу жолдары |
10 |
|
|
1-бағыт: Аудан экономикасының өсуі |
10 |
|
|
2-бағыт: Тұрмыс үшін қолайлы және қауіпсіз аудан |
11 |
|
|
3-бағыт: Жаңа тұрмыс сапасын қамтамасыз ету |
13
|
|
4-тарау |
Қажетті ресурстар |
16 |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Атауы |
Егіндікөл ауданы аумақтарын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған бағдарламасы |
|
Өңірдің негізгі сипаттамалары |
Егіндікөл ауданының аумағы 5,4 мың шаршы шақырым алқапты алып жатыр, ол облыс аумағының 3,7% құрайды, Ақмола облысы оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Тұрғындардың тығыздығы орташа алғанда 1 шаршы шақырым аумаққа 1,2 адамнан келеді. Солтүстігінде Астрахан ауданымен, шығысы мен оңтүстігінде – Қорғалжын, батысында – Атбасар аудандарымен шекараласады. Аудан халқы 6 008 мың адамды құрайды (2020 жылғы 1 қаңтарға). Аудан – аграрлық бағытта. Аудан экономикасының құрылымында ауыл шаруашылығы 95% құрайды. |
|
Бағдарламаның бағыттары мен мақсаттары |
1-бағыт: Аудан экономикасының өсуі Мақсаттар: Аудан экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз ету. Өнеркәсіптің шикізаттық емес салаларының басымды дамуы. АӨК салаларының бәсекеге қабілеттілігін арттыру. 2-бағыт: Тұрмыс үшін қолайлы және қауіпсіз аудан Мақсаттар: Халықты тұрғын үймен, орталықтандырылған сумен және газбен жабдықтауын арттыру. Ауданда экологиялық жағдайды жақсарту. Жергілікті жолдардың жағдайын жақсарту. Құқық тәртібі мен халықтың тұрмыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету. 3-бағыт: Жаңа тұрмыс сапасын қамтамасыз ету Мақсаттар: Ауданда кадрлардың еңбек тапшылығын қысқарту. Халықтың денсаулық көрсеткіштерін жақсарту. Азаматтарға арналған әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне қол жетімділігін қамтамасыз ету. Тұрақты сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.
|
|
Қажетті ресурстар |
Қаржыландыру көздері: республикалық және жергілікті бюджеттер, Ұлттық қор, инвесторлардың өз қаражаттары, қарызға алынған қаражат. Қаржыландыру көлемі: Бағдарламаны іске асыруға 2031,1 млн. теңгені бағыттау жоспарлануда, оның ішінде жылдар бойынша: 2021 жыл – 849,6 млн. теңге 2022 жыл – 817,8 млн. теңге 2023 жыл – 328,6 млн. теңге 2024 жыл – 10,0 млн. теңге 2025 жыл – 25,0 млн. теңге. |
2-тарау. Ағымдағы жағдайды талдау
Егіндікөл ауданы Ақмола облысындағы көлемі бойынша бесінші ірі астық себетін аудан болып табылады. Соңғы 50 жыл бойы неғұрлым маңызды және басымдық сала ауыл шаруашылығы болды (2019 жылы жалпы өнім шығарудың жалпы көлемінде ауыл шаруашылығы 99,7% болды).
Ауданның агроөнеркәсіп кешенінде өндіріс тиімділігін арттыру, ауылдағы қаржы қызметі нарығының дамуы қамтамасыз етілді, одан бөлек ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасының жақсартылды.
Ауданның ауыл шаруашылық тауарын өндірушілері әлемдік стандарттарға жауап беретін жоғары сапалы бидай өсіреді.
Барлық өсірілетін бидай қазіргі заманғы ангарлар мен миниэлеваторлар құрылысының есебінен сақталумен толық қамтамасыз етілген.
Ауыл шаруашылық тауарын өндірушілер жыл сайын машина-тракторлық паркін жаңа заманауи ауылшаруашылық техникасымен толықтырады. Ол аудан шаруашлықтарының экономикалық тұрақтылығын көрсетеді, соңғы үш жылда ауыл шаруашылығына салынған инвестиция көлемі 8,5 млрд.теңгені құрады.
Ауылшаруашылық техникасын неғұрлым өнімділігі жоғары техникаға ауыстыру аграрийлерге астық жинау кезінде қолайсыз ауа райының әсерін ішінара жоюға мүмкіндік береді.
2019 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 17 923,6 млн.теңгені (НКИ 87,3%) құрады, соның ішінде өсімдік шаруашылығы 15 953,1 млн.теңге (НКИ 85,5%) құрады, мал шаруашылығы 1 924,4 млн.теңге (НКИ 100,4%).
2019 жылы 2017 жылмен салыстырғанда астық дақылдарының алқаптары сол деңгейде қалды және 323,6 мың га құрады, алайда азықтық дақылдар 66,7% 7 мың га дейін артты. Аудан бойынша соңғы 3 жылда орташа жылдық астық өндірісі 961,2 мың тоннаны құрады (өңдеуден кейінгі салмақта).
2019 жылы ауыл шаруашылық жануарларының негізгі түрлерінің саны 2017 жылмен салыстырғанда артты: ірі қара мал – 3,8% (8 291 басқа дейін), жылқы – 11,2% (2 822 бас), қойлар мен ешкілер – 7,5% (8 185 бас), құстар 15,9% (11 100 бас), бұл ретте шошқа саны 4,7% (4 271 бас) төмендеді. Мал шаруашылығы өнімдері көлемінің артуында оң серпін байқалады: ет 0,2% - 1,6 мың тоннаға дейін (тірі салмақта), сүт 0,3% - 4,8 мың тоннаға дейін, жұмыртқа бұрынғы деңгейде қалды және 702,6 мың дананы құрады.
2019 жылы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 1 139,8 млн.теңгені құрады, өсім 2017 жылға қарағанда 28,6% құрады.
Өнеркәсіп өндірісі құрылымының негізгі бөлігін үлесі 85,4% құрайтын өңдеу өнеркәсібі алады. Тау-кен өнеркәсібінің үлесі - 4,1%, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және әуені кондициялау - 6,7%, сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылау – 3,8%.
2016-2019 жылдары экономикаға 10863,4 млн.теңге инвестиция салынды. Инвестициялық қызмет ауданның бәсекеге қабілеттігінің маңызды көрсеткіштерінің бірі болып табылады.
2019 жылы экономиканы дамытуға 1,9 млрд.теңге инвестицияланды, немесе ол 2018 жылға қарағанда 140,5%.
Қаржыландыру көздерінің құрылымында кәсіпорындардың жеке қаражаты 1 523,53 млн. теңге (78,9%) және қарыз қаражаттары 308 млн.теңге (15,9%), республикалық бюджет 10,1 млн.теңге (0,5%), жергілікті бюджет – 91,6 млн.теңге (4,7%).
Аудан экономикасы дамуының басым бағыты кәсіпкерліктің шағын және орта бизнесін дамыту болып табылады, ауданда шағын және орта кәсіпкерліктің (бұдан әрі –ШОК) 485 субъектісі жұмыс істейді, ол 2019 жылғы деңгейден (509 бірл.) 4,7% төмен және 2017 жылғы деңгейден (557 бірл.) 12,9% төмен.
Соңғы үш жылда шағын бизнестің 103 бірлік субъектісі тіркелді (2019ж. - 47, 2018 – 31, 2017 -25).
2019 жылы Егіндікөл ауданында тұрғын үй енгізу көлемі 828 ш.м. құрады немесе өткен жылғы кезеңге қарағанда 138,5%. Жалпы алғанда, 2017-2019 жылдары ауданда қаржыландырудың барлық көздері есебінен 2,8 мың ш.м. тұрғын үй енгізілді, халықтың қаражаты есебінен 1,2 мың ш.м. тұрғын үй пайдалануға берілді.
Енгізілген тұрғын үй аумағының негізгі бөлігі аудан орталығы – Егіндікөл ауылына тиесілі.
Ауданда сумен жабдықтау жүйесін дамыту «Сапалы су» және «Ақ бұлақ» бағдарламалары аясында жүзеге асырылды. Негізгі мақсаты – тұрғындардың сапалы ауыз суға қол жетімділігін қамтамасыз ету.
Ауданда су құбыры жүйесінің ұзындығы 103,1 км. құрайды. 2006-2013 жылдары ауданның 12 елді мекенінің 8-інде су тарату жүйесі мен су құбыры құрылысы алаңдары қайта жаңартылды. 3 елді мекенде (Абай, Жұлдыз, Жалманқұлақ) – ауыз су тасымалды, Көркем ауылы өздерінің су көздерін (құдықтар) қолданады.
Ауданда негізінен баллонды газбен жабдықтау қолданылады.
Қазіргі уақытта ауданда Бауман ауылында ҚТҚ 1 полигоны тіркелген, алайда оның пайдалану мерзімі өтті. Егіндікөл ауылындағы ҚТҚ учаскесі рәсімделу кезеңінде. Барлық ауыл және ауылдық округтерде ҚТҚ үшін жер учаскелері бөлінген.
Көлік ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуында маңызды рөл атқарады. Ауданның географиялық орналасуы - астанаға жақындығы.
Егіндікөл ауданы автомобиль жолдарының ұзындығы 231,5 км құрады, соның ішінде 124,5 км – облыстық маңызы бар, 107 км – жергілікті маңызы бар жолдар.
2016-2019 жылдар кезеңінде асфальт қабатты Егіндікөл-Новочеркасское автожолдарына (50 км) орташа жөндеу жүргізілді. Облыстық бюджеттен 1,3 млрд.теңге қаражат бөлінді. Бұл жол жақын орналасқан аудандар, облыс орталығы Көкшетау қаласы және астана Нұр-Сұлтан қаласы арасын байланыстырушы жол болып табылады.
2018 жылы туу кезіндегі күтілетін өмір ұзақтығы 2017 жылмен салыстырғанда 13,2 жасқа өсіп, 70,9 жасқа жетті (облыстық көрсеткіш – 71,6 жас).
Аудан халқы өлімінің негізгі себебі қан айналымы жүйесінің аурулары болып қалып отыр (2017ж. – 129,9, 2018ж. – 174,3 2019ж. -226,7) Егіндікөл ауданы халқы өлімі себептерінің құрылымында екінші орында ісік аурулары тұр.
Білім беру саласында 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту 100% құрады.
Ауданда шағын жиынтықты мектептер (ШЖМ) өзекті проблема болып отыр, 2019 жылы олардың саны 7 бірлікті немесе 77,8% құрайды (9 бірлік). Барлық жалпы білім беретін оқу орындарында компьютерлер мен Интернет жүйесіне 100% қолжетімділік бар.
Жұмыссыздық деңгейі 5,0%-дан 5,2% дейін төмендеді (2017 ж. – 11 адам, 2018 ж. 21 адам, 2019 ж. -5 адам жұмыссыздар). 2016-2019 жылдары Егіндікөл ауданында жұмыссыздық деңгейі барлығы 0,2 пайыздық тармаққа артты. Жұмыссыздық деңгейін төмендету үшін жыл сайын жаңа жұмыс орындары ашылады, 2019 жылы 331 жұмыс орны ашылды, соның ішінде 252 – маусымдық, 79 – тұрақты.
Ауданда 1785 адам дене шынықтырумен және спортпен белсенді айналысады, бұл 29,4% құрайды. Оның ішінде спорт түрлері бойынша спорт секцияларында 1298 адам, спорттық-сауықтыру бағытындағы топтарда 497 адам.
2017-2019 жж. динамикасында Егіндікөл ауданында тіркелген қылмыстар көрсеткіші 80-нен 55-ке дейін немесе 31,2% - ға азайды.
Соңғы үш жылда онша ауыр емес қылмыстар саны 18-ден 5-ке дейін немесе 72,2% - ға, орташа ауырлықтағы қылмыстар 44-тен 31-ге дейін немесе 29,5% - ға азайды.
Егіндікөл ауданының аумағы Ақмола облысының оңтүстік-шығыс бөлігінде, құрғақ дала аймағында 5,4 ш.км. алқапты алып жатыр. Климаттың шұғыл құбылмалылығы мен құрғақшылығы өсімдік қабатына, оның сиректігі мен түрлік құрамына ықпал етеді.
Аудан аумағы табиғи апаттарға: дауыл және дала өрттері, температураның шұғыл төмендеуі мен борандарға бейім. Қарлы боран аудан орталығына, сондай-ақ облыс орталығына баратын автомобиль көлігі қозғалысын қиындатады немесе толық тоқтатады.
2-кіші бөлім. Негізгі проблемалардың кешенді сипаттамасы
Егіндікөл ауданында шешімін талап ететін бірқатар проблемалы мәселелер бар.
Ең алдымен - бұл өз кірістерінің жетіспеушілігі және аудан бюджетінің облыстық бюджетке тәуелділігі (субвенциялылық -85,2%).
Көші-қон ағымының жоғары қарқыны және халық санының азаюы атап өтілді. Осылайша, көші-қонның теріс сальдосы соңғы 3 жыл бойы сақталып отыр (2017 жылы – 95 адам, 2018 жылы – 84 адам, 2019 жылы-6,8 адам), 2017 жылдан бастап 2019 жылға дейін халық саны 162 адамға немесе 2,6% - ға (6170-тен 6008 адамға дейін) азайды.
Агроөнеркәсіптік кешенде, қолда бар артықшылықтармен және қол жеткізілген нәтижелермен, мал шаруашылығы саласында, бұрынғысынша, өнімнің едәуір үлесі өнімділіктің үдемелі өсуі жоқ халықтың жеке қосалқы шаруашылықтарында өндіріледі. Мәселен, мұндай шаруашылықтарда ірі қара малдың 74,3% шошқаның 91,6% жылқының 84,4% қой мен ешкінің 94,5% бар. Бұл ретте, осы саладағы инвестициялардың өтелімділігінің елеулі мерзімін ескеру қажет, ол 7 және одан да көп жылға дейін ауытқиды (сиыр еті мен сүт өнімдерін өндіру).
Ауданның қауіпті егіншілік аймағында орналасуын ескере отырып, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру кезіндегі ауа райы жағдайларына тәуелділігі байқалады. Ауыл шаруашылығы техникасын неғұрлым жоғары өнімді техникаға ауыстырылды (2017-2019 жылдары ауыл шаруашылығы техникасының негізгі түрлерінің 391 бірлігі жаңартылды).
Ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарының, асыл тұқымды малдардың және өсімдіктерді қорғау құралдарының жоғары құны өндірілетін өнімнің өзіндік құнының өсуіне, сондай-ақ өндірілетін өнімнің өзіндік құнының төмендеуіне алып келуі мүмкін.
Денсаулық сақтау саласында ауданда өмір сүру ұзақтығының көрсеткіші төмен болып қалуда. Төмендеудің оң динамикасына қарамастан, қан айналымы жүйесі аурулары мен онкологиялық аурулар бойынша аудан бойынша өлім-жітімнің жоғары көрсеткіштері байқалады. Сондай-ақ білікті дәрігер кадрлар тапшылығы бар (2 адам).
Білім беру саласында сыныптардың төмен толықтырылуы бойынша үлкен проблема бар, осыған байланысты мектептер шағын жинақталған болып табылады.
Ауданда халықтың спорт ғимараттарымен нашар қамтамасыз етілуі байқалады (33%).
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығында инженерлік-көлік инфрақұрылымы объектілерінің тозу деңгейі жоғары емес, сумен жабдықтау желілері 30% тозған. Сапалы коммуналдық қызмет көрсету үшін жыл сайын материалдық-техникалық базаны толықтыру, сондай-ақ ағымдағы және күрделі жөндеу жүргізу қажет.
Ауданда заңдастырылған ҚТҚ полигондары жоқ.
Шығарындылардың стационарлық көздері мен жылжымалы көздердің саны өсуде.
Аудандық маңызы бар автожолдардың қанағаттанарлықсыз жағдайдағы үлесі 40,5% құрайды.
Қоғамдық қауіпсіздік мәселелерінде аса ауыр қылмыстардың (0 – ден 1 фактіге дейін), оның ішінде мал ұрлығының 50% - ға (2-ден 3-ке дейін) ұлғаюы атап өтілді.
Бәсекелестік артықшылықтары:
- астанаға жақындығы;
- жоғары агроөнеркәсіптік әлеует;
- егістік жерлердің болуы;
- тау-кен өндіру өнеркәсібін одан әрі дамыту үшін пайдалы қазбалар кен орнының болуы (құм);
- астана есебінен шағын кәсіпкерлікті дамыту және өткізу нарығын ұлғайту.
Мүмкіндіктер:
- ауыл шаруашылығы өнімдерінің барлық түрлері бойынша өндіріс көлемін ұлғайту;
- ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, көлік және қызмет көрсету саласында шағын және орта бизнесті дамыту;
- сапалы коммуналдық қызмет көрсету, активтерді жаңарту;
- денсаулық сақтау жүйесін дамыту және СӨС насихаттау есебінен халықтың өмір сүру ұзақтығын арттыру;
- спорт объектілерінің қолжетімділігін кеңейту есебінен дене шынықтырумен және спортпен айналысатын азаматтарды қамтуды ұлғайту;
- азаматтардың экологиялық мәдениетін арттыру.
1-бағыт: Аудан экономикасының өсуі
1-мақсат: Өнеркәсіптің шикізаттық емес салаларының басымды дамуы
|
№ |
Нысаналы индикаторлар |
Жауаптылар |
Ақпарат көзі |
Өлшем бірлігі |
Есепті 2019 жыл |
Ағымдағы жылғы жоспар (нақты) |
Жоспарлы кезең |
||||
|
2021ж |
2022ж |
2023ж |
2024ж |
2025ж |
|||||||
|
Макроиндикаторлар |
|||||||||||
|
1 |
Өңдеу өнеркәсібіндегі өнеркәсіп өндірісінің индексі |
Аудан әкімінің жетекшілік ететін мәселелері жөніндегі орынбасары |
ресми статистикалық деректер |
% |
79,3 |
102,0 |
102,0 |
102,0 |
102,0 |
102,0 |
102,0 |
|
2 |
Өңдеу өнеркәсібіне негізгі капиталға инвестициялар |
Аудан әкімінің жетекшілік ететін мәселелері жөніндегі орынбасары |
ресми статистикалық деректер |
млрд.теңге |
- |
0,0 |
0,1 |
0,1 |
0,1 |
0,6 |
0,9 |
Қол жеткізу жолдары:
2021-2025 жылдарға арналған АДБ жүзеге асыру аясында ауданда:
- АСКОП ЖШС «Бастапқы қайта өңдеумен мал сою пункті» жобасын іске асыру;
- өндірісті ашу және кеңейтуге шағын несие беру мақсатында кредиттік ұйымдармен (Ақмола облысының кәсіпкерлер палатасы, «ДАМУ»" Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры) өзара іс-қимыл арқылы кәсіпорындарға қолдау шараларын көрсету.
2-мақсат: АӨК салаларының бәсекеге қабілеттілігін арттыру
|
№ |
Нысаналы индикаторлар |
Жауаптылар |
Ақпарат көзі |
Өлшем бірлігі |
Есепті 2019 жыл |
Ағымдағы жылғы жоспар (нақты) |
Жоспарлы кезең |
||||
|
2021ж |
2022ж |
2023ж |
2024ж |
2025ж |
|||||||
|
Жергілікті атқарушы органдар қызметінен тәуелді нысаналы индикаторлар / Спецификалық индикаторлар |
|||||||||||
|
3 |
Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің (көрсетілетін қызметтердің) нақты көлемінің индексі |
Аудан әкімінің жетекшілік ететін мәселелері жөніндегі орынбасары |
ресми статистикалық мәліметтер |
% |
95,0 |
100,5 |
100,5 |
100,5 |
100,5 |
100,5 |
100,5 |
Қол жеткізу жолдары:
- тұқым шаруашылығын дамытуды мемлекеттік қолдау есебінен (2025ж. қарай) тұқым себу алқабын 3 репродукциядан төмен емес тұқыммен себуді 90% дейін ұлғайту;
- гербицидтерді, инсектицидтерді, фунгицидтерді және пестицидтердің басқа да түрлерін қолдану және мемлекеттік қолдау есебінен тыңайтқыштарды сатып алуды және енгізуді, 260 мың гектарға дейін өсімдіктерді қорғау құралдарын қолдануды субсидиялау есебінен (2025 жылға қарай) минералды тыңайтқыштарды енгізу алаңдарын 160 мың га дейін ұлғайту;
- 5 ет фермасын құру есебінен етті мал шаруашылығын дамыту (2021-2025жж.);
- жеңілдетілген несие беру және шағын несие беру, техника лизингі арқылы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді мемлекеттік қолдау шараларын кеңейту;
- АӨК-те нақты технологиялар мен цифрландыру элементтерін енгізу,
инвестициялық жобаларды іске асыру.
2-бағыт: Тұрмыс үшін қолайлы және қауіпсіз аудан
3-мақсат: Азаматтар үшін тұрғын үйге қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін тұрғын үй құрылысының қарқынын үдету
|
№ |
Нысаналы индикаторлар |
Жауаптылар |
Ақпарат көзі |
Өлшем бірлігі |
Есепті 2019 жыл |
Ағымдағы жылғы жоспар (нақты) |
Жоспарлы кезең |
||||
|
2021ж |
2022ж |
2023ж |
2024ж |
2025ж |
|||||||
|
Жергілікті атқарушы органдар қызметінен тәуелді нысаналы индикатор |
|||||||||||
|
4 |
Бір адамға шаққандағы тұрғын үймен қамтамасыз ету |
ҚБ, ЭТҮКШБ, СҚБ басшылары |
ресми статистикалық деректер |
шаршы метр |
20,9 |
20,9 |
21,2 |
21,6 |
22,0 |
22,5 |
23,0 |
|
5 |
Орталықтандырылған сумен жабдықтаумен қамтамасыз етілу: |
ЭТҮКШБ (ҚБ) басшылары |
ҚР ИИДМ ведомстволық деректері |
% |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
ауылдық елді мекендерде |
93,7 |
93,7 |
93,7 |
93,7 |
93,7 |
93,7 |
100 |
|||
Қол жеткізу жолдары:
4-мақсат: Аудандағы экологиялық жағдайды жақсарту
|
№ |
Нысаналы индикаторлар |
Жауаптылар |
Ақпарат көзі |
Өлшем бірлігі |
Есепті 2019 жыл |
Ағымдағы жылғы жоспар (нақты) |
Жоспарлы кезең |
||||
|
2021ж |
2022ж |
2023ж |
2024ж |
2025ж |
|||||||
|
Жергілікті атқарушы органдар қызметінен тәуелді нысаналы индикатор |
|||||||||||
|
Жергілікті атқарушы органдар қызметінен тәуелді нысаналы индикатор / Спецификалық индикатор |
|||||||||||
|
6 |
Экологиялық талаптар мен санитариялық қағидаларға сәйкес келетін тұрмыстық қатты қалдықтарды орналастыру объектілерінің үлесі (оларды орналастыру орындарының жалпы санынан) |
СҚТҮКШЖКАЖБ басшысы |
ЖАО ведомстволық деректері |
% |
0 |
0 |
0 |
0 |
0 |
100,0 |
100,0 |
Қол жеткізу жолдары:
- "LS Kokshetau" ЖШС Егіндікөл ауылында 2022 жылға дейін қайталама шикізатты қабылдау пункттерін ашу;
- ТЭН және ЖСҚ әзірлеу, сондай-ақ Егіндікөл ауылында ҚТҚ полигонын салу.
5-мақсат: Жергілікті жолдардың жағдайын жақсарту
|
№ |
Нысаналы индикаторлар |
Жауаптылар |
Ақпарат көзі |
Өлшем бірлігі |
Есепті 2019 жыл |
Ағымдағы жылғы жоспар (нақты) |
Жоспарлы кезең |
||||
|
2021ж |
2022ж |
2023ж |
2024ж |
2025ж |
|||||||
|
Жергілікті атқарушы органдар қызметінен тәуелді нысаналы индикатор |
|||||||||||
|
7 |
Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі |
СҚТҮКШЖКАЖБ басшысы |
ҚР ИИДМ ведомстволық деректері |
% |
59,5 |
59,5 |
63,9 |
69 |
75,0 |
81,0 |
81,0 |
Қол жеткізу жолдары:
– 2021 жылы ұзақтығы 33 км «Буревестник-Полтавское» аудандық маңызы бар жолдарды орташа жөндеуге сметалық құжаттаманы әзірлеу;
- 2021 жылы Ұзынкөл ауылындағы кентішілік жолдарды ағымдағы жөндеу;
- 2021 жылы Полтавское ауылындағы Центральная көшесінің жолын ағымдағы жөндеу;
- 2021 жылы Егіндікөл ауылындағы 7 көшенің (Гагарин көшесі, Транспортная көшесі, Элеваторная көшесі, Северная көшесі, Водопроводная көшесі, Набережная көшесі, Қазақ көшесі) автожолын орташа жөндеу;
- 2021 жылы «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы бойынша Егіндікөл ауылындағы 7 көшенің (Калинин көшесі, Пушкин көшесі, Восточная көшесі, Целинная көшесі, Спортивная көшесі, Киров көшесі, шағын аудан) автожолын орташа жөндеу.
6-мақсат: Құқық тәртібі мен халықтың тұрмыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету
|
№ |
Нысаналы индикаторлар |
Жауаптылар |
Ақпарат көзі |
Өлшем бірлігі |
Есепті 2019 жыл |
Ағымдағы жылғы жоспар (нақты) |
Жоспарлы кезең |
||||
|
2021ж |
2022ж |
2023ж |
2024ж |
2025ж |
|||||||
|
Жергілікті атқарушы органдар қызметінен тәуелді нысаналы индикатор |
|||||||||||
|
8 |
10 000 тұрғынға шаққандағы қылмыстың деңгейі |
ІІБ |
ҚР БП ҚСАЕК деректері |
бірл. |
86,6 |
116 |
115 |
114 |
113 |
112 |
111 |
|
9 |
Төтенше жағдайларға қарсы іс-қимыл инфрақұрылымының қамтамасыз етілу деңгейі |
ТЖД, ауыл әкімдері |
ЖАО ведомстволық деректері |
% |
100 |
100 |
100 |
100 |
100 |
100 |
100 |
Қол жеткізу жолдары:
АДБ және 2021-2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары шеңберінде:
- аудан орталығында және елді мекендердің көшелерінде бейнебақылау жүйесін кеңейту;
- 2025 жылға қарай қоғамдық көмекшілер санын ұлғайту;
- 2025 жылға дейін ЖПҚ қызметкерлерін алып жүретін бейнетіркегіштермен 100% қамтамасыз ету;
- «Құқықтық тәртіп», «Учаске», «Қауіпсіз жол», «Тұрмыс», «Подучетник», «Түнгі ауылдағы балалар», «Жасөспірім-Заң-Қауіпсіздік» мақсатты профилактикалық іс-шаралар мен акциялар өткізу.
3-бағыт: Өмірдің жаңа сапасын қамтамасыз ету
7-мақсат: Ауданда кадрлардың еңбек тапшылығын қысқарту
|
№ |
Нысаналы индикаторлар |
Жауаптылар |
Ақпарат көзі |
Өлшем бірлігі |
Есепті 2019 жыл |
Ағымдағы жылғы жоспар (нақты) |
Жоспарлы кезең |
||||
|
2021ж |
2022ж |
2023ж |
2024ж |
2025ж |
|||||||
|
Жергілікті атқарушы органдар қызметінен тәуелді нысаналы индикатор |
|||||||||||
|
10 |
Құрылған жұмыс орындарының саны |
ЖҚӘББ басшысы |
ведомстволық деректер |
бірл. |
331 |
337 |
331 |
331 |
331 |
331 |
331 |
|
10.1 |
тұрақты жұмыс орындары |
79 |
80 |
150 |
150 |
150 |
150 |
150 |
|||
|
10.2 |
Уақытша жұмыс орындары |
252 |
257 |
181 |
181 |
181 |
181 |
181 |
|||
|
11 |
Жұмысқа қабілетті АӘК (шартты ақшалай көмек) алушылардың жұмыспен қамтылғандардың және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылғандардың үлес салмағы (ШАК еңбекке қабілетті алушыларының жалпы санында) |
ЖҚӘББ басшысы |
ведомстволық деректер |
% |
72,3 |
67,0 |
67,0 |
67,5 |
68,0 |
68,5 |
69,0 |
Қол жеткізу жолдары:
Халықты жұмыспен қамтуды ұлғайту «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру және нақты секторда, шағын және орта бизнесте ең көп жұмыс орындары құрылатын жаңа өндірістер ашу арқылы жаңа жұмыс орындарын құру (331 ж.о.), сондай-ақ 2021 жылға арналған Жұмыспен қамту жол картасын іске асыру шеңберінде уақытша жұмыс орындарын құру есебінен жоспарланып отыр:
- Егіндікөл ауылында 16 пәтерлі тұрғын үйге инженерлік желілер салу (9 ж.о.);
- Егіндікөл ауылында жүзу бассейнін салу (20 ж.о.);
- Егіндікөл аудандық мәдениет үйі ғимаратының аумағын абаттандыру (9 ж.о.);
- Егіндікөл ауданы Ұзынкөл ауылының мәдени-демалыс орталығының ғимаратын ағымдағы жөндеу (35 ж.о.).
Ақмола облысының 2023-2025 жылдарға арналған Жұмыспен қамту картасын іске асыру.
8-мақсат: Халықтың денсаулық көрсеткіштерін жақсарту
|
№ |
Нысаналы индикаторлар |
Жауаптылар |
Ақпарат көзі |
Өлшем бірлігі |
Есепті 2019 жыл |
Ағымдағы жылғы жоспар (нақты) |
Жоспарлы кезең |
||||
|
2021ж |
2022ж |
2023ж |
2024ж |
2025ж |
|||||||
|
Макроиндикатор |
|||||||||||
|
12 |
Жалпы өлім-жітім, 1 мың адамға шаққандағы |
Аудан әкімінің жетекшілік ететін мәселелер жөніндегі орынбасары |
ресми статистикалық деректер |
1 мың адамға оқиға саны |
9,27 |
9,4 |
9,39 |
9,38 |
9,37 |
9,36 |
9,35 |
Қол жеткізу жолдары:
- алғашқы медициналық-санитарлық көмек қызметінің тиімділігін арттыру, халық өлімінің негізгі себептерінің бірі ретінде қан айналымы жүйесі ауруларынан болатын өлім-жітім, туберкулезбен күрес, ана өліміне жол бермеу, сәби өлімін, онкопатология мен жарақаттануды төмендету мәселелері бойынша жұмысты жандандыру.
- қатерлі ісіктерді ерте анықтауға халықтың скринингін қамтамасыз ету;
-100% халықты есепте тұрған тегін дәрілік заттармен қамтамасыз ету;
- денсаулық сақтау ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайту (медициналық жабдықтар сатып алу, жиһаздарды жаңарту);
- медициналық ұйымдардың аккредиттеу рәсімінен 100% өтуін қамтамасыз ету;
- кадрлық жоспарлауды дамыту есебінен кадр тапшылығы проблемаларын шешу; медицина қызметкерлеріне барабар еңбекақы төлеуді, үздіксіз медициналық білім беруді, әсіресе ауылдық жерлерде және шағын елді мекендерде жас мамандарды материалдық ынталандыруды қамтамасыз ету.
9-мақсат: Азаматтарға арналған әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне қол жетімділігін қамтамасыз ету
|
№ |
Нысаналы индикаторлар |
Жауаптылар |
Ақпарат көзі |
Өлшем бірлігі |
Есепті 2019 жыл |
Ағымдағы жылғы жоспар (нақты) |
Жоспарлы кезең |
||||
|
2021ж |
2022ж |
2023ж |
2024ж |
2025ж |
|||||||
|
Жергілікті атқарушы органдар қызметінен тәуелді нысаналы индикаторлар |
|||||||||||
|
13 |
АЕМ-ің өңірлік стандарттары жүйесіне сәйкес әлеуметтік игілік және қызметтермен қамтамасыз етілу деңгейі |
ЭБЖБ, облыстық басқармалардың басшылары, аудан және қала әкімдері |
ҚР ҰЭМ ведомстволық деректері |
% |
0 |
60,9 |
64,7 |
74,5 |
81,9 |
87,4 |
96,3 |
|
14 |
1000 адамға шаққанда халықтың спорт инфрақұрылымымен қамтамасыз етілуі |
ДШСБ, ҚБ, басшылары, аудан және қала әкімдері |
ҚР МСМ ведомстволық деректері |
% |
30,0 |
30,0 |
97,4 |
97,4 |
97,4 |
97,4 |
97,4 |
Қол жеткізу жолдары:
- АЕМ әлеуметтік игіліктермен қамтамасыз ету бойынша: «Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде жобаларды іске асыру:
2021 жылы - Егіндікөл ауылындағы (тіректі елді мекен) жалпы халық саны 3,1 мың адамды құрайтын 7 көшеге орташа жөндеу жүргізу жобасын іске асыру.
10-мақсат: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты мәдениет қалыптастыру
|
№ |
Нысаналы индикаторлар |
Жауаптылар |
Ақпарат көзі |
Өлшем бірлігі |
Есепті 2019 жыл |
Ағымдағы жылғы жоспар (нақты) |
Жоспарлы кезең |
||||
|
2021ж |
2022ж |
2023ж |
2024ж |
2025ж |
|||||||
|
Жергілікті атқарушы органдар қызметінен тәуелді нысаналы индикаторлар |
|||||||||||
|
15 |
Сыбайлас жемқорлықтың деңгейі |
Аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері |
Аудан әкімі аппаратының ақпараты |
% |
0 |
0 |
63 |
65 |
69 |
71 |
67 |
Қол жеткізу жолдары:
- қоғамдық кеңестердің, «Ақмола – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің әлеуетін мемлекеттік қызметтердің проблемалық мәселелерін және азаматтардың проблемалық мәселелерін талқылау алаңы ретінде пайдалану;
- сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу сапасын қамтамасыз ету;
- мемлекеттік органдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстелдер, семинарлар, диалог алаңдарын өткізуі;
- 2025 жылға қарай халықтың мемлекеттік қызмет сапасына қанағаттану деңгейін 90% дейін жеткізу;%;
- аудан әкімінің, жергілікті атқарушы органдар, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері басшыларының қатысуымен, оның ішінде аудандарға бару арқылы «Ашық есік күнін» өткізу тәжірибесін жалғастыру;
- оқушылар, студенттер арасында адалдық, парасаттылық, ашықтық тақырыбында дебаттық турнирлер ұйымдастыру және өткізу.
- мектеп оқушыларының, студенттердің сыбайлас жемқорлық қылмыстарға төзбеушілікті қалыптастыруға бағытталған қылмыстық және әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібінде сот отырыстарын ұйымдастыру және өткізу.
Ауданның аумақтарын дамыту бағдарламасын іске асыру үшін алдын ала есептер бойынша қаржы ресурстарының жалпы көлемі 2031,1 млн. теңгені құрайды, оның ішінде бағдарламалар бойынша:
млн. теңге
|
Р/с № |
Бағыт атауы |
2021 жыл |
2022 жыл |
2023 жыл |
2024 жыл |
2025 жыл |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
|
1. |
1-бағыт |
|
|
* |
* |
* |
|
|
Республикалық бюджет |
|
|
|
|
|
|
|
Жергілікті бюджет |
|
|
* |
* |
* |
|
|
КӨҚ |
10 |
15 |
8 |
10 |
25 |
|
2. |
2-бағыт |
|
|
|
|
|
|
|
Республикалық бюджет |
203,1 |
0 |
0 |
0 |
0 |
|
|
Жергілікті бюджет |
501,2 |
446,4 |
295,2 |
0 |
0 |
|
|
КӨҚ |
|
|
* |
* |
* |
|
3. |
3-бағыт |
|
|
* |
* |
* |
|
|
Республикалық бюджет |
13,7 |
|
* |
* |
* |
|
|
Жергілікті бюджет |
121,6 |
356,4 |
25,4 |
0 |
0 |
|
|
БАРЛЫҒЫ |
849,6 |
817,8 |
328,6 |
10 |
25 |