«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
Ақмола облысы Егіндікөл ауданы әкімінің аппараты
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 13.10-14.10.2026
1 кезеңге жіберу: 13.10-14.10.2026
2 кезеңге жіберу: 15.10.2026
Практикалық баға: 16.10.2026
Анықтама телефоны: 87164221855
E-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 282693
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін) Блок А, грейд 3
Лауазым атауы:
Егіндікөл ауданы әкімі аппараты
жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс бөлімінің бас маманы
Функционалдық міндеттері:
Мемлекеттік органдар мен өзге де мекемелерден келіп түскен құжаттардың уақтылы және сапалы орындалуы. Тыңдаушыларды азаматтық қорғаныс бойынша республикалық және облыстық курстарға жіберуді қамтамасыз ету. Азаматтық қорғау жөніндегі іс-шараларды орындау бойынша жұмысты ұйымдастыру. Азаматтық қорғау, жұмылдыру дайындығы, төтенше жағдайлар және аумақтық қорғаныс іс-шараларының қаржы-экономикалық негіздемелерін дайындауға қатысу. Ауданның жұмылдыру дайындығы ауданындағы жұмылдыру жоспарлары мен аумақтық қорғаныс жоспарларын уәкілетті органмен келісу. Әскери есепке алу және әскерге шақыру мәселелері бойынша ақпараттарды, мәліметтерді жинақтау және азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар саласындағы басқа да функцияларды орындау. Өте құпия, құпия құжаттармен жұмыс істеу кезінде құпиялылық режимін қамтамасыз ету. Штабтық жаттығуларды, оқу-жаттығуларды дайындау және өткізу жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға қатысу. Президенттің Жарлықтарын, тапсырмаларын және басқа да актілерін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Премьер-Министрінің қаулыларын, аудан әкімдігінің қаулыларын, аудан әкімінің шешімдерін, өкімдері мен тапсырмаларын орындау бойынша жұмысты ұйымдастыру. Лауазымдық нұсқаулықта айқындалған өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
Білімі бойынша талап:
ұлттық қауіпсіздік және әскери іс немесе педагогикалық ғылымдар (бастапқы әскери дайындық мұғалімдерін даярлау) немесе бизнес, басқару және құқық (құқық немесе және аудит және салық салу немесе қаржы, экономика, банк және сақтандыру ісі) немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (ақпараттық қауіпсіздік немесе криптология немесе коммуникациялар және коммуникациялық технологиялар) немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары (электр техникасы және энергетика немесе жылу энергетикасы немесе электр техникасы және автоматтандыру немесе көлік техникасы және технологиялар немесе теңіз көлігі және технологиялары немесе әуе көлігі және технологиялары немесе ұшатын аппараттар мен қозғалтқыштарды ұшуда пайдалану немесе магистралды желілер және инфрақұрылым немесе көліктік имараттар немесе сәулет немесе қала құрылысы, құрылыс жұмыстары және азаматтық құрылыс) немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (халықаралық қатынастар және дипломатия) немесе биологиялық және сабақтас ғылымдар саласында
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі болған жағдайда жұмыс өтілі талап етілмейді;
бір жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
Шағым жасау тәртiбi
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.
https://eqyzmet.gov.kz/#/main/vacancy/actual/1014164.5561585552