cәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі тұрғын үй инспекциясы, құрылыс және қаржы секторының бас маманы

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

 

Ақмола облысы Егіндікөл ауданы әкімінің аппараты

 

Конкурс туралы ақпарат

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 02.10-05.10.2026

1 кезеңге жіберу: 02.10-05.10.2026

2 кезеңге жіберу: 06.10.2026

          Практикалық баға: 07.10.2026

          Анықтама телефоны: 87164221855

          E-R-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 282693

 (Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

Блок А, грейд 3

 

Лауазым атауы:

cәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі тұрғын үй инспекциясы, құрылыс және қаржы секторының

бас маманы

 

Функционалдық міндеттері:

Жобалардың қала құрылысы шешімдері мен сәулет-құрылыс бөліктерін әзірлеу. Қала құрылысы және сәулет шешімдерін әзірлеуге техникалық тапсырмаларды дайындауға қатысу. Қабылданған шешімдерді жобаның басқа бөлімдерінің (бөліктерінің) жобалық әзірлемелерімен байланыстыру. Әзірленіп жатқан қала құрылысы және сәулет шешімдерінің қолданыстағы нормативтерге, қоршаған ортаны қорғау талаптарына және экологиялық стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз ету. Құрылыста сәулет-қала құрылысы шешімдерін әзірлеу және іске асыру тәжірибесін талдау және қорыту. Рационализаторлық ұсыныстар мен өнертабыстарға, сәулет шешімдеріне қатысты жобалау және құрылыс жөніндегі нормативтік материалдардың жобаларына Пікірлер дайындау. Ауданның елді мекендерін егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларының іске асырылуын қадағалауды жүзеге асыру. Құрылыс, аумақты инженерлік дайындау, абаттандыру және көгалдандыру, аяқталмаған объектілердің құрылысын консервациялау, сондай-ақ объектілерді кейіннен кәдеге жарату туралы шешімдердің жобаларын әзірлеу. Бюджет қаражаты есебінен аудан аумағындағы ғимараттар мен құрылыстарды ағымдағы және күрделі жөндеуге арналған жобалау-сметалық құжаттаманы қарау және келісу. Жаңа тұрғын үй саясатын, қала құрылысы бағдарламаларын іске асыру, күрделі құрылыс базасын дамыту бөлігінде ауданның әлеуметтік-экономикалық даму жоспарларын әзірлеуге және келісуге қатысу. Құрылыс пен қайта құрудың барлық түрлеріне іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін сәулет-жоспарлау тапсырмасын әзірлеу. Құрылыс жобаларының сақталуын бақылауды жүзеге асыру. Мемлекеттік қала құрылысы кадастрын жүргізу.

Лауазымдық нұсқаулықпен  анықталған өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

Білімі бойынша талап:

Инженерлік, өңдеу және құрылыс (сәулет немесе құрылыс) саласында.

 

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

жұмыс өтілі талап етілмейді.

     

 

Шағым жасау тәртiбi

Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.

 

https://eqyzmet.gov.kz/#/main/vacancy/actual/1014164.5543103046

 

cәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі тұрғын үй инспекциясы, құрылыс және қаржы секторының бас маманы
Дата публикации
30 сентября 2026