Құрылыс салуды ұйымдастыру және құрылыс саласындағы рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 29 мамырдағы № 265 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2026 жылғы 29 мамырда № 38830 болып тіркелді
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.
Қазақстан Республикасы Құрылыс кодексінің 24-бабының 25) тармақшасына және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1-тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Құрылыс салуды ұйымдастыру және құрылыс саласындағы рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидалары бекітілсін;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін, оны Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс министрі |
Е. Нагаспаев |
Қазақстан Республикасы
Жасанды интеллект және
цифрлық даму министрлігі
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
|
|
Қазақстан Республикасының |
Құрылыс салуды ұйымдастыру және құрылыс саласындағы рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Құрылыс салуды ұйымдастыру және құрылыс саласындағы рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Құрылыс кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 24-бабының 25) тармақшасына және "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1-тармақшасына сәйкес әзірленді және жаңа құрылыс объектілерін салу және қолданыстағы объектілерді, үй-жайлардың функционалдық мақсатын өзгерту үшін қажетті құжаттарды ресімдеу және беру; сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілерінің құрылыс объектілерін пайдалануға енгізу; елді мекендердің аумақтары мен қонысаралық аумақтарды жобалау және оларда құрылыс салу және "Құрылыс және реконструкциялау (қайта жоспарлау және қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды беру" және "Эскизді (эскиздік жобаны) келісу" мемлекеттік қызметтерін көрсету тәртібі мен мерзімін белгілейді.
2. Осы Қағидаларды жергілікті атқарушы органдар (бұдан әрі – ЖАО), инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетушiлер, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілері инженерлік инфрақұрылым желілерін қоса алғанда, құрылыс және (немесе) реконструкциялау объектілеріне меншік нысанына қарамастан, сондай-ақ жылжымайтын мүлік объектілерінің меншік иелері оларды пайдалану және күтіп-ұстау бөлігінде қолданады.
3. Жеке және заңды тұлғалар осы Қағидаларға сәйкес елді мекеннің аумағында және қонысаралық аумақта құрылыс салуды жүзеге асырады.
4. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) бастапқы материалдар – жобалау құжаттамасын әзірлеу үшін қажетті материалдар;
2) жеке тұрғын үй құрылысы – белгiленген тәртiппен бекiтiлiп берiлген жер учаскелерiнде азаматтардың өз күшiмен, мердiгерлiк немесе заңдарда тыйым салынбаған басқа да әдiспен жеке тұрғын үйлер салуы;
3) жер учаскесіне құқық белгілейтін құжат – осылардың негізінде жер учаскесіне құқықтар туындайтын, өзгертілетін немесе тоқтатылатын заңдық фактілердің (заңдық құрамдарының) басталғанын растайтын құжат, оның ішінде шарттар, соттардың шешімдері, атқарушы органдардың құқықтық актілері, мұрагерлікке құқық туралы куәлік, меншік құқығымен жер учаскесін иеленген немесе уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын сатып алған мемлекеттік емес заңды тұлғаларды қайта ұйымдастыру кезіндегі табыстау актісі немесе бөлу балансы, жер учаскесін сату жөніндегі сауда (аукцион) қорытындылары бойынша хаттама немесе жер учаскесін жалдау құқығы;
4) жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты – жер, құқықтық және қала құрылысы кадастрларын жүргізу мақсатында қажетті жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамаларын қамтитын құжат;
5) қайта жабдықтау – үй-жайдың (үй-жайлардың) тіршілікті қамтамасыз ету және пайдалану үшін қажетті өзінің функционалдық мақсатының өзгеруіне, технологиялық және (немесе) инженерлік жабдықтардың ішкі жүйесін толық немесе ішінара ауыстыруға байланысты өзгертілуі;
6) қайта жоспарлау – белгілі бір үй-жайдың (осы үй-жайлардың) шекараларын өзгертумен ұштасқан үй-жайдың (үй-жайлардың) жоспарлануын өзгерту;
7) құрылыс – өндiрiстiк және өндiрiстiк емес мақсаттағы негiзгi қорларды жаңа құрылыс объектiлерін (олардың кешендерiн, коммуникацияларын) салу және (немесе) барын өзгерту (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру, реконструкциялау, қалпына келтiру, күрделi жөндеу), олармен байланысты технологиялық және инженерлiк жабдықтарды монтаждау (бөлшектеу), құрылыс материалдарын, бұйымдар мен конструкцияларын дайындау (өндiру), сондай-ақ аяқталмаған объектiлер құрылысын консервациялау мен өз ресурстарын тауысқан объектiлердi консервациялау және өз ресурсын жоғалтқан құрылыс объектілерді кәдеге жаратқаннан кейінгі жұмыстарды жүзеге асыру жолымен құру жөнiндегi қызмет;
8) құрылыс алаңы – салынатын объектіні, уақытша құрылыстар мен құрылысжайларды, техникаларды, топырақ үйінділерін орналастыру, құрылыс материалдарын, бұйымдары мен жабдықтарын қоймалау және құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау үшін пайдаланылатын аумақ;
9) құрылыс объектісі – құрылыс қызметінің түпкі нәтижесі болып табылатын ғимарат немесе құрылысжай түріндегі жасанды орта объектісі;
10) құрылыс объектісінің бірегей нөмірі (бұдан әрі – ҚОБН) – құрылыс объектісінің пайдаланылу циклін мониторингтеу мақсатында құрылыс жобаларын әзірлеуге, реконструкциялауға (қайта жоспарлауға және қайта жабдықтауға) бастапқы материалдар мен рұқсат беру құжаттарын алудан бастап оны пайдалануға қабылдап алуға және беруге дейінгі құрылыс объектісі туралы ақпаратты (мәліметтерді) жинау үшін мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған цифрлық жүйесінде қалыптастырылатын он сегіз таңбалы сәйкестендіру нөмірі
11) құрылыс саласында рұқсат беру рәсімдерінен өту – сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектісіне құрылыс объектілерін (жекелеген бөліктерін) салу және (немесе) өзгерту жөніндегі өзінің түпкі ойын іске асыруға құқық беру;
12) Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған цифрлық жүйесі (бұдан әрі – МҚҚК АЦЖ) – мемлекеттік қала құрылысы кадастрының ақпаратын және (немесе) мәліметтерін жинауды, есепке алуды, тіркеуді, енгізуді (толықтыруды), өңдеуді, сақтауды, қол жеткізуді, беруді, деректерін көрсетуді және таратуды қамтамасыз ететін мемлекеттік қала құрылысы кадастрының цифрлық жүйесі;
13) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауы – мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы мен қадағалауын жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасын бұзушылықтардың алдын алуға, анықтауға, жолын кесуге және жоюға, сондай-ақ олардың сақталуын бақылау мен қадағалауға бағытталған қызметі;
14) мердігер – сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыруға лицензиясы бар жеке және (немесе) заңды тұлғалар (бірлескен кәсіпорындарды қоса алғанда);
15) өтініш беруші – жаңа құрылысты жүзеге асыруға не қолданыстағы ғимараттың (құрылысжайдың) жекелеген үй-жайларына немесе өзге бөліктеріне реконструкциялау, қайта жоспарлау немесе қайта жабдықтау жүргізуге ниеті бар мүдделі жеке немесе заңды тұлға (меншік иесі, тапсырыс беруші, құрылыс салушы);
16) реконструкциялау – әдетте өзгертілетін құрылыс объектісін жаңарту мен жаңғырту қажеттігіне байланысты ғимараттың жекелеген үй-жайларын, өзге бөліктерін немесе жалпы ғимаратты өзгерту;
17) сыртқы инженерлік желілер трассасының схемасы – инженерлік желілерге қосылуға арналған техникалық шарттарға сәйкес әзірленген, жобаланатын және қолданыстағы инженерлік желілердің орналасу схемасы;
18) тапсырыс беруші – қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға. Қызметінің мақсаттарына қарай тапсырыс беруші – жобаның (бағдарламаның) инвесторы, тапсырыс беруші (меншік иесі) не олардың уәкілетті адамдары тапсырыс беруші бола алады;
19) техникалық жоба – қолданыстағы ғимараттардың (құрылысжайлардың) үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялау, қайта жоспарлау, қайта жабдықтау мақсатында әзірленетін жобалау алдындағы құжаттама түрі;
20) топографиялық түсірілім – масштабпен, жергілікті есептеу жүйелерінде орындалған және қолданыстағы жерүсті және жерасты желілері мен құрылыстарын көрсететін жергілікті жердің электрондық не графикалық моделі;
21) тұрғын емес үй-жай – кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін қоспағанда, көппәтерлі тұрғын үйдегі құрылыс, санитариялық, экологиялық, өртке қарсы және басқа да міндетті нормалар мен қағидаларға сәйкес келетін, жоба сатысында көзделген, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, шекаралары қабырғалардың, еденнің және төбенің (қабатаралық жабындылардың) ішкі беттері болып табылатын, тұрақты тұрудан өзге мақсаттарда (кеңсе, дүкен, кафе, қонақүй, хостел және халыққа қызмет көрсету саласының басқа да объектілері) пайдаланылатын және дара (бөлек) меншіктегі жеке ішкі кеңістік.
22) эскиз (эскиздік жоба) – схема, сызба, бастапқы сұлба (сурет) нысанында орындалған және осы шешiмнiң түпкi ойын түсiндiретiн, жобалау (жоспарлық, кеңiстiктiк, сәулеттiк, технологиялық, конструкциялық, инженерлiк, декоративтік немесе басқа) шешiмінiң оңайлатылған түрi.
2-тарау. Құрылыс салуды ұйымдастыру және құрылыс саласындағы рұқсат беру рәсімдерінен өту тәртібі
5. Құрылыс жөніндегі жобаларды іске асыру жер учаскесіне тиісті құқық негізінде және мынадай кезеңдерде жүзеге асырылады:
1) құрылыс жобаларын әзірлеу үшін бастапқы материалдарды алу (құрылыс үшін жер учаскесімен бірге бастапқы материалдарды беру жағдайларынан басқа);
2) эскизді (эскиздік жобаны) әзірлеу және келісу;
3) жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу (бұдан әрі – жобалау) және құрылыс жобаларын ведомстводан тыс кешенді сараптамадан (бұдан әрі – сараптама) өткізу;
4) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу қызметін жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарлау, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру;
5) салынған құрылыс объектісін қабылдау және пайдалануға беру.
Сейсмикалық микроаймақтарға бөлу карталарына, сондай-ақ сел, көшкін және қар көшкіні қауіптері мен тәуекелдері карталарына сәйкес сейсмикалық қауіптілігі жоғары аудандардағы (аймақтардағы) құрылысты қоспағанда, жауапкершіліктің үшінші деңгейіндегі объектілерді салу және реконструкциядан кейін екі қабаттан аспайтын, қосымша жер учаскесін бөлуді (аумақтан телім беруді) талап етпейтін, екі қабаттан аспайтын жеке тұрғын үйлерді реконструкциялау эскиз (эскиздік жоба) бойынша жүзеге асырылады. Құрылыс жобасын әзірлеу, оның сараптамасы, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарлау талап етілмейді.
6. Тіреу және қоршау (сыртқы) конструкцияларын, инженерлік жүйелері мен жабдықтарын өзгертумен байланысты құрылыс объектілері (жекелеген бөліктері) мен құрылысжайларды реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау, қайта бейіндеу) жөніндегі жобаларды іске асыру мынадай кезеңдерде жүзеге асырылады:
1)құрылыс объектілерін (жекелеген бөліктерін) реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау, қайта бейіндеу) үшін бастапқы материалдарды алу;
2) реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау, қайта бейіндеу) үшін жобаларды жобалау және сараптау;
3) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу қызметін жүзеге асырудың басталғаны туралы хабарлау, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру;
4) реконструкциялаудан кейін құрылыс объектісін (жекелеген бөлігін) қабылдау және пайдалануға беру.
Тіреу және қоршау (сыртқы) конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарын өзгертумен байланысты емес құрылыс объектілері (жекелеген бөліктерін) мен құрылысжайларды реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау, қайта бейіндеу) бір функционалдық мақсаты шеңберінде мемлекеттік нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес әзірленген және лицензиясы бар тұлғалар орындаған техникалық жобаның негізінде жүзеге асырылады. ЖАО-ның шешімін алу, жобалау және жобаны сараптамадан өткізу талап етілмейді. Құрылыс объектісін пайдалануға беру кезінде меншік иесінің құрылыс объектісін пайдалануға өз бетінше қабылдау актісіне техникалық жоба қоса беріледі.
7. Құрылыс жобаларын әзірлеу үшін бастапқы материалдар мыналарды қамтиды:
1) сәулет-жоспарлау тапсырмасы (бұдан әрі – СЖТ);
2) инженерлік қамтамасыз ету көздеріне және коммуналдық қызметтерге қосылу үшін техникалық шарттар (бұдан әрі – техникалық шарттар);
3) жолдар мен көшелердің көлденең қималары;
5) егжей-тегжейлі жоспарлау жобасынан алынған үзінді көшірме;
6) сыртқы инженерлік желілер трассасының схемалары.
8. Құрылыс объектілері (жекелеген бөліктері) мен құрылысжайларды, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау, қайта бейіндеу) үшін бастапқы материалдар мыналарды қамтиды:
1) тіреу және қоршау (сыртқы) конструкцияларын, инженерлік жүйелері мен жабдықтарын өзгертумен байланысты құрылыс объектілері (жекелеген бөліктері) мен құрылысжайларды реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау, қайта бейіндеу) туралы ЖАО-ның шешімі;
3) техникалық шарттар (өтініш беруші инженерлік қамтамасыз ету көздеріне және коммуналдық қызметтерге қосылуға техникалық шарттар үшін осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауалнама парағын (бұдан әрі – сауалнама парағы) берген кезде);
4) сыртқы инженерлік желілер трассасының схемалары (өтініш беруші сауалнама парағын берген кезде).
9. Жобаланатын инженерлік желілерге қосылу үшін техникалық шарттарды беруге жол берілмейді.
10. СЖТ мен техникалық шарттар жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының құрамында бекітілген құрылыстың нормативтік ұзақтығының барлық мерзімі ішінде қолданылады.
Құрылыстың нормативтік ұзақтығы үш жылдан асқан жағдайда, СЖТ және техникалық шарттардың қолданылу мерзімі құрылыстың басталғаны туралы растаушы құжаттардың ұсынылу талабымен құрылыс кезеңіне ұзартылады.
Құрылыстың басталғаны туралы растаушы құжаттар ұсынылмаған жағдайда, СЖТ және техникалық шарттар берілген күнінен бастап үш жыл өткен соң жарамсыз деп есептеледі.
Кодекстің 24-бабының 28) тармақшасына сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі объектілердегі ғимараттардың және құрылысжайлардың сенімділігі мен орнықтылығын техникалық қадағалау және техникалық зерттеп-қарау жөніндегі инжинирингтік көрсетілетін қызметтер мен сараптама жұмыстарын жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеу жөніндегі қағидалар мен рұқсат беру талаптарына сәйкес қалыптастырылатын техникалық қадағалау есептері мен құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарламаны қабылдау туралы талон жауапкершіліктің бірінші және екінші деңгейлеріндегі объектілер үшін құрылыстың басталғаны туралы растаушы құжаттар болып табылады.
Реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға, қайта бейіндеуге) ЖАО-ның шешімі құрылыс объектісі пайдалануға енгізілгенге дейін қолданылады.
11. Жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеуді тиісті жұмыс түрлеріне лицензиясы бар жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады.
12. Жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеу тапсырыс беруші берген жобалауға арналған тапсырмаға сәйкес негізгі талаптар ескеріле отырып, сондай-ақ мемлекеттік нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
13. Тіреу және қоршау (сыртқы) конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды қозғамайтын жағдайларды қоспағанда, реконструкциялау (қайта жабдықтау, қайта жоспарлау, қайта бейіндеу) жобалары бойынша міндетті сараптамаға жататын жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы әзірленеді.
Көрсетілген жағдайларда жобаны іске асыру жөніндегі құрылыс-монтаждау жұмыстары сараптаманың оң қорытындысын алғаннан кейін ғана жүзеге асырылады.
Жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеудің алдында тапсырыс беруші жауапкершіліктің барлық деңгейлеріндегі ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау жөніндегі сараптама жұмыстарын жүзеге асыруға аккредиттелген заңды тұлғаларды және ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігін және орнықтылығын техникалық зерттеп-қарау жөніндегі сараптама жұмыстарын жүзеге асыру құқығына маман сертификаты бар жеке тұлғаларды шарт негізінде тарта отырып қолданыстағы үй-жайдың, ғимараттың немесе құрылысжайдың физикалық жай-күйін, конструкцияларының сенімділігі мен орнықтылығын техникалық зерттеп-қарауды жүзеге асырады.
14. Жолдар құрылысының жобалары, сондай-ақ оларды түзету "Жолдарды жобалауға, салуға, жөндеуге, күтіп-ұстауға және оларды жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде басқаруға арналған нормативтік, жобалау және техникалық құжаттаманы келісу және бекіту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 12 наурыздағы № 208 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10690 болып тіркелген) Жолдарды жобалауға, салуға, жөндеуге, күтіп-ұстауға және оларды жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде басқаруға арналған нормативтік, жобалау және техникалық құжаттаманы келісу және бекіту қағидаларында белгіленген тәртіппен жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органмен келісіледі.
15. Әзірленген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасының сараптамасы Кодекстің 24-бабының 10) тармақшасына сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен Жаңа ғимараттар мен құрылысжайларды, олардың кешендерін, инженерлік және көліктік коммуникацияларды салуға, сондай-ақ бұрыннан барларын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған құрылыс жобаларының ведомстводан тыс кешенді сараптамасын жүргізу қағидаларына сәйкес жүргізіледі.
16. Құрылыс объектілерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін таратушы және алаңішілік инженерлік желілерді, сондай-ақ ғимараттар мен құрылыстардың ішкі желілерін жобалау ұзындығына қарамастан сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы орган берген СЖТ және инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді көрсетушілердің техникалық шарттарына сәйкес құрылыс салушылардың (тапсырыс берушілердің) тапсырысы бойынша жүзеге асырылады.
17. Инженерлік желілер мен құрылыстардың барлық кезеңдері және барлық түрлері Іргелі астрономиялық геодезиялық желі пункттерімен және Дәлдігі жоғары геодезиялық желі пункттерімен бекітілген 2023 жылғы Қазақстандық жер координаталық есептеу негізі (Qazaqstan Terrestrial Reference Frame 2023, QazTRF-23) және Қазақстандық биіктік есептеу негізі (Qazaqstan Vertical Reference Frame, QazVRF) - мемлекеттік есептеу жүйесінде топографиялық түсірілім (қолданылу мерзімі 1 (бір) жылдан аспайтын) негізінде орындалады.
18. Магистральдық коммуникацияларды, инженерлік инфрақұрылымның бас құрылыстарын жобалау құжаттамасын әзірлеу, салу, пайдалану және кейіннен кәдеге жарату кезінде, сондай-ақ аумақтарды инженерлік даярлау жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде аралас аумақтардың мүдделерін ескеретін және аумаққа және тұратын халыққа қауіпті (зиянды) құбылыстар мен процестердің әсер ету мүмкіндігін болдырмайтын шешімдер қабылдануы тиіс.
19. Инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді көрсетушілер берген техникалық шарттарға сәйкес әзірленген сыртқы инженерлік желілер мен құрылысжайлардың жобалары инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерді көрсетушілермен келісілуге жатпайды.
2-параграф. Құрылыс және реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау, қайта бейіндеу) жобаларын әзірлеуге арналған бастапқы материалдарды беру және "Құрылыс және реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау, қайта бейіндеу) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды беру" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі
20. "Құрылыс және реконструкциялау (қайта жоспарлау және қайта жабдықтау, қайта бейіндеу) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды беру" мемлекеттік көрсетлетін қызметін (бұдан әрі – 1-мемлекеттік көрсетілетін қызмет) астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО-сы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жүзеге асырады.
21. 1-мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін өтініш беруші "цифрлық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) немесе МҚҚК АЦЖ арқылы осы Қағидаларға 3-қосымшаның 9-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті берушіге жаңа құрылысқа бастапқы материалдарды (бұдан әрі – 1-топтама)/СЖТ, техникалық шарттарды (бұдан әрі – 2-топтама)/ тіреу және қоршау (сыртқы) конструкцияларын, инженерлік жүйелері мен жабдықтарын өзгертумен байланысты құрылыс объектілері (жекелеген бөліктері) мен құрылысжайларды реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау, қайта бейіндеу) үшін бастапқы материалдарды (бұдан әрі – 3-топтама) беру туралы өтінішті жолдайды.
3-қосымшаның 9-тармағында көзделмеген құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
Жеке басын куәландыратын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркелгенін (қайта тіркелгенін) растайтын құжат туралы, жеке кәсіпкер ретінде тіркеу туралы мәліметтерді, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден алады.
1-мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптар тізбесі осы Қағидаларға 3-қосымшада жазылған.
22. Өтініш беруші барлық қажетті құжаттарды портал арқылы берген кезде – өтініш берушінің "жеке кабинетінде" 1-мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, 1-мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
23. МҚҚК АЦЖ-да өтініш келіп түскен күні автоматты түрде тіркеледі.
Өтініш беруші Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – ҚР ЕК) сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда 1-мемлекеттік қызметті көрсету келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.
24. Көрсетілетін қызметті беруші өтініш тіркелген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Өтініш беруші құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған электрондық құжат нысанында өтініш берушінің "жеке кабинетіне" жібереді.
Ұсынылған құжаттар толық болған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші қоса берілген құжаттарды жоспарланған құрылыстың елді мекеннің бекітілген бас жоспарына және егжей- тегжейлі жоспарлау жобасына немесе елді мекеннің дамыту және құрылысын салу схемасына сәйкестігіне қарайды.
25. Жоспарланған құрылыс елді мекеннің бекітілген бас жоспарына және егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына немесе елді мекеннің дамыту және құрылысын салу схемасына сәйкес келген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші ұсынылған құжаттарды алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетушiлерге сыртқы инженерлік желілер трассасының алдын ала схемасы бар техникалық шарттарды алу үшін ахуалдық схеманы және сауалнама парағын жібереді.
Көрсетілетін қызметті беруші мынадай құжаттарды қатар дайындайды:
1-топтама бойынша – егжей-тегжейлі жоспарлау жобасынан алынған үзінді көшірме, тік жоспарлау белгілері, жолдар мен көшелердің көлденең қималары;
3-топтама бойынша – тіреу және қоршау (сыртқы) конструкцияларын, инженерлік жүйелері мен жабдықтарын өзгертумен байланысты құрылыс объектілері (жекелеген бөліктері) мен құрылысжайларды реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау, қайта бейіндеу) туралы ЖАО-ның шешімін.
Инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетушiлер жоғарыда көрсетілген құжаттарды алған күннен бастап сыртқы инженерлік желілер трассасының алдын ала схемасы бар техникалық шарттарды дайындайды және көрсетілетін қызметті берушіге мынадай мерзімде жібереді:
техникалық жағынан күрделі емес объектілер үшін 5 (бес) жұмыс күні;
техникалық жағынан күрделі объектілер үшін 10 (он) жұмыс күні;
сыртқы инженерлік желілер трассасының алдын ала схемасы бар техникалық шарттарды беруден дәлелді бас тарту үшін 2 (екі) жұмыс күні.
1) көрсетілетін қызметтердің талап етілетін көлемін ұсыну үшін қажетті бос техникалық қуат болмаған;
2) көрсетілетін қызметті ұсыну үшін қажетті желілер немесе өзге де мүлік болмаған жағдайларда, инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетушiлерге техникалық шарттарды беруден бас тартуға жол беріледі.
Инженерлiк және коммуналдық қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетушiлер техникалық шарттарды беруден бас тартқан жағдайда, техникалық шарттарды беруден бас тарту туралы шешімге көрсетілетін қызметтерді ұсыну үшін қажетті бос техникалық қуатының тапшылығы, желілердің немесе өзге де мүліктің болмауы туралы дәлелді негіздемені есептеулермен қоса береді.
26. Осы Қағидаларға 3-қосымшаның 10-тармағында көзделген негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті беруші өтініш берушіге мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша өтініш берушінің ұстанымын білдіруіне мүмкіндік беру үшін тыңдау өткiзілетін уақыт пен орын (тәсіл) туралы хабарлайды.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша өтініш берушіге көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сымен қол қойылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызметті көрсетудің оң нәтижесі не дәлелді бас тарту жолданады.
Өтініш берушіге себептерін және жою үшін нақты ескертулерді көрсете отырып, дәлелді бас тарту беріледі.
Өтініш беруші 1-мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту себептерін жойған жағдайда, осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен 1-мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін қайта жүгінеді.
Кейіннен бас тарту бұрын көрсетілуі мүмкін болған, бірақ көрсетілмеген негіздер бойынша берілуі мүмкін емес.
27. 1-мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған құжаттарды қарау қорытындылары бойынша осы Қағидаларда көзделген мерзімдерде көрсетілетін қызметті беруші 1-мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін дайындайды:
1-топтама бойынша – осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша СЖТ, техникалық шарттар, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасынан үзінді көшірме, тік жоспарлау белгілері, жолдар мен көшелердің көлденең қималары, сыртқы инженерлік желілер трассаларының сызбалары;
2-топтама бойынша – осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша СЖТ және техникалық шарттар;
3-топтама бойынша – тіреу және қоршау (сыртқы) конструкцияларын, инженерлік жүйелері мен жабдықтарын өзгертумен байланысты құрылыс объектілері (жекелеген бөліктері) мен құрылысжайларды реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау, қайта бейіндеу) туралы ЖАО-ның шешімі, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша СЖТ, техникалық шарттар (өтініш беруші сұрау парағын берген кезде), сыртқы инженерлік желілер трассаларының схемалары (өтініш беруші сауалнама парағын берген кезде);
1-мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін көрсетілетін қызметті беруші өтініш берушінің "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық құжат нысанында жібереді.
28. "Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 29 қазандағы № 232 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14483 болып тіркелген) Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінің жұмыс істеу қағидаларының 46-тармағына сәйкес 1-мемлекеттік көрсетілетін қызметті жүзеге асыру шеңберінде қалыптастырылатын өтініштер, өтініш бойынша шешімдер рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық жүйесінде тіркелуге жатады.
29. Техникалық жағынан күрделі объектілерге жатпайтын объектілерді салу жобалары бойынша 1-мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
СЖТ және техникалық шарттарды беруге – 9 (тоғыз) жұмыс күні;
жаңа құрылысқа бастапқы материалдарды беруге – 15 (он бес) жұмыс күні.
Техникалық жағынан күрделі объектілерді салу жобалары бойынша 1-мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
СЖТ және техникалық шарттарды беруге – 15 (он бес) жұмыс күні;
жаңа құрылысқа бастапқы материалдарды беруге – 17 (он жеті) жұмыс күні.
Тіреу және қоршау (сыртқы) конструкцияларын, инженерлік жүйелері мен жабдықтарын өзгертумен байланысты құрылыс объектілерін (жекелеген бөліктерін) және құрылысжайларды реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау, қайта бейіндеу) үшін бастапқы материалдарды беру бойынша 1-мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі – өтініш берілген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні.
1-мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды беру мерзімі – 5 (бес) жұмыс күні.
30. Бір құрылыс жобасына қайта өтініш берілген кезде осы Қағидаларға 3-қосымшаның 6-тармағында көрсетілген бұрын ұсынылған құжаттар олардың өзектілігі расталған кезде беріледі.
31. Уәкілетті орган 1-мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректерді цифрландыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметті көрсетуді мониторингтеудің цифрлық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік цифрлық жүйесі арқылы 1-мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер автоматты режимде мемлекеттік қызмет көрсетуді мониторингтеудің цифрлық жүйесіне келіп түседі.
32. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi орган Заңының 10-бабының 13) тармақшасына сәйкес "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация), сондай-ақ өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына және "цифрлық үкіметтің" операторына жібереді.
33. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) лауазымды адамға беріледі.
Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермейді.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен өтініш берушінің шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен өтініш берушінің шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
34. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.
35. Жергілікті атқарушы орган елді мекендердің жалпыға ортақ пайдаланылатын аумақтарын абаттандыру және инженерлік инфрақұрылымды реконструкциялау кезінде МҚҚК АЦЖ арқылы осындай жұмыстарды жүргізу туралы шешімдерді тіркеуді жүзеге асырады.
1-мемлекеттік қызметті алу үшін жергілікті атқарушы орган елді мекендердің жалпыға ортақ пайдаланылатын аумақтарды абаттандыру және инженерлік инфрақұрылымды реконструкциялау жөніндегі жұмыстарды жүргізу туралы шешімнің МҚҚК АЦЖ-да қалыптастырылатын тіркеу нөмірін көрсетеді.
3-параграф. "Құрылыстың эскизін (эскиздік жобасын) келісу және "Эскизді (эскиздік жобаны) келісу" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібі
36. "Эскизді (эскиздік жобаны) келісу" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – 2-мемлекеттік көрсетілетін қызмет) астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың ЖАО-сы жүзеге асырады.
37. Бастапқы материалдардың негізінде әзірленген эскизді (эскиздік жобаны) көрсетілетін қызметті берушімен келісуді жүзеге асыру.
Эскиз (эскиздік жоба) осы Қағидаларға 5-қосымшада көрсетілген құрамы мен мазмұнына, құрылыс объектісінің мақсатына, негізгі параметрлеріне, нақты жер учаскесінде орналасуына және көшелерді, орамдарды және тұрғын үй алаптарын салудың сәулет-көркем колористикасына сәйкес түсіне қатысты шешімге қойылатын талаптар кешеніне сәйкес келуі қажет.
38. 2-мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін өтініш беруші портал немесе МҚҚК АЦЖ арқылы көрсетілетін қызметті берушіге эскиздің (эскиздік жобаның) электрондық көшірмесін қоса бере отырып, осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.
Осы тармақта көзделмеген құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
Жеке басын куәландыратын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеугенін (қайта тіркелгенін) растайтын құжат туралы, жеке кәсіпкер ретінде тіркеу туралы мәліметтерді, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден алады.
2-мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптар тізбесі осы Қағидаларға 7-қосымшада жазылған.
39. Өтініш беруші барлық қажетті құжаттарды портал немесе МҚҚК АЦЖ арқылы берген кезде – өтініш берушінің "жеке кабинетінде" 2-мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, 2-мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
40. МҚҚК АЦЖ өтінішті ол келіп түскен күні автоматты түрде тіркейді.
Өтініш беруші ҚР ЕК сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, 2-мемлекеттік қызметті көрсету келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.
41. Өтінішті және қоса берілген эскизді (эскиздік жобаны) тіркеуден өткізгеннен кейін көрсетілетін қызметті беруші өтініш берушінің құжаттарын алған сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде олардың толықтығын тексереді.
Өтініш беруші құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды және оны көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ-сымен қол қойылған электрондық құжат нысанында өтініш берушінің "жеке кабинетіне" жібереді.
Ұсынылған құжаттар толық болған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші қоса берілген құжаттарды өтініш берушінің және (немесе) ұсынылған материалдардың, құрылыс объектілерінің, 2-мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті деректердің және мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкестігіне қарайды.
42. 2-мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған құжаттарды қарау қорытындысы бойынша осы Қағидаларда көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызметті беруші ҚОБН, құрылыс объектісінің атауы мен орналасқан жерін көрсете отырып, келісу хатты немесе дәлелді бас тартуды дайындайды.
2-мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін көрсетілетін қызметті беруші өтініш берушінің "жеке кабинетіне" көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ-сымен қол қойылған электрондық құжат нысанында жолдайды.
43. Осы Қағидаларға 7-қосымшаның 10-тармағында көзделген негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті беруші өтініш берушіге мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша өтініш берушінің ұстанымын білдіруіне мүмкіндік беру үшін тыңдау өткiзілетін уақыт пен орын туралы хабарлама жібереді.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша өтініш берушіге көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сымен қол қойылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызметті көрсетудің оң нәтижесі не дәлелді бас тарту жолданады.
Өтініш берушіге себептері және жою үшін нақты ескертулер көрсетіле отырып, дәлелді бас тарту беріледі.
2-мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін өтініш беруші 2-мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту себептері жойылған жағдайда, осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен қайта жүгінеді.
Кейінгі бас тарту бұрын көрсетілуі мүмкін болған, бірақ көрсетілмеген негіздер бойынша берілмейді.
44. Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізгеннен кейін ол МҚҚК АЦЖ-ға есепке алады.
45. 2-мемлекеттік қызметті көрсету немесе дәлелді бас тартуды беру мерзімі – 10 (он) жұмыс күні.
46. Уәкілетті орган 2-мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректерді цифрландыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік қызметті көрсетуді мониторингтеудің цифрлық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
47. Мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі туралы, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөнiндегi уәкiлеттi орган Заңның 10-бабының 13) тармақшасына сәйкес Мемлекеттік корпорацияға, сондай-ақ өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын астананың, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына және "цифрлық үкіметтің" операторына жібереді.
48. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шағым көрсетілетін шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған қызметті берушіге және (немесе) лауазымды адамға беріледі.
Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермейді.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен өтініш берушінің шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен өтініш берушінің шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
49. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ҚР ӘРПК 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.
4-параграф. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілерінің құрылыс объектілерін пайдалануға беру тәртібі мен мерзімі
50. Құрылыс объектiлерін пайдалануға қабылдау Кодекспен және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен реттеледі.
51. Құрылыс объектісін қабылдауды және пайдалануға беруді тапсырыс беруші ол бекітілген құрылыс жобасына сәйкес толық дайын болған және сәйкестік туралы декларация, құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасы, орындалған жұмыстардың құрылыс жобасына сәйкестігі және құрылыс объектісінің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі туралы қорытындылар болған кезде жүргізеді.
52. Тіреу және қоршау (сыртқы) конструкцияларын, инженерлік жүйелері мен жабдықтарын өзгертумен байланысты емес құрылыс объектілерін (жекелеген бөліктерін) реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау, қайта бейіндеу) кезінде меншік иесі құрылыс объектісін пайдалануға өз бетінше қабылда алу актісі жоблаушымен бұрын әзірленген техникалық жобаға сәйкестікке келісіледі.
53. Салынған құрылыс объектілерінің (кешендерінің) бекітілген жобаға сәйкес кіреберіс есігі мен терезе блоктары (толтыру) орнатылған, ішкі әрлеу жұмыстары аяқталған, қабырғалары мен төбелері сыланған және тегістелген (ішкі қаптау, сылау, тұсқағаз жапсыру жұмыстарынсыз), еден жабынын салу бойынша төсем салынған (таза едендер салусыз), электр кабельдері мен сымдарын өткізу көзделген, пәтер ішіндегі бөлу автоматтары орнатылған (тұрмыстық мақсаттағы электр техникалық аспаптарсыз, газды немесе электрлі ас үй плиталарсыз), аспаптарды орнату орындарына дейін жапқыш арматурасы мен тығындары бар су өткізу және кәріз құбырлары жүргізілген (санитариялық-техникалық жабдық пен аспаптар орнатусыз), тұтынылған коммуналдық қызметтерді есептеу аспаптары (үйге ортақ және жеке) орнатылған, жылыту аспаптары мен терезелік жақтау тақтайлары орнатылған, егер шартта осы көзделсе, атап көрсетілгеннен асатын көлемдердегі жұмыстар орындалған, сондай-ақ құрылыс объектісі инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосылған, объектінің құрылысына бөлінген аумақты аббатандыру және көгаландыру бойынша жұмыстар орындалған жай-күйі құрылыс объектілерінің (кешендерінің) толық дайындығын білдіреді.
Салынған объектілердің ішкі әрлеу (қаптау, сылау, тұсқағаз жапсыру) жұмыстары аяқталған, таза едендер салынған, санитариялық-техникалық жабдық пен аспаптар, тұрмыстық мақсаттағы электр техникалық аспаптар, газды немесе электрлі ас үй плиталары, тұтынылған коммуналдық қызметтерді есептеу аспаптары (үйге ортақ және жеке), пәтерішілік есік блоктары орнатылып және құрылыс объектісі инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосылған, объектінің құрылысына бөлінген аумақты аббатандыру және көгаландыру бойынша жұмыстар орындалған жай-күйі мемлекеттiк инвестициялардың қатысуымен салынған тұрғын үй объектілерінің толық дайындығын білдіреді.
54. Құрылыс объектісін пайдалануға қабылдау құрылыс объектісін пайдалануға қабылдап алуактісімен ресімделеді. Құрылыс объектісін пайдалануға қабылдап алу актісін тапсырыс беруші бекітуге тиіс. Құрылыс объектісін пайдалануға қабылдап алу актісіне қол қойылған күн оны бекіту күні және құрылыс объектісін пайдалануға беру күні болып есептеледі.
55. Тапсырыс беруші құрылыс объектісін пайдалануға қабылдап алу актісін бекіткенге дейін инженерлік желілердің және (немесе) ғимараттардың (құрылысжайлардың) нақты орналасуының атқарушылық геодезиялық түсірілімін Кодекстің 24-бабының 46) тармақшасына сәйкес сәулет, қала құрылысы істері жөніндегі уәкілетті орган бекіткен Қала құрылысы жобаларын, жобалау алдындағы және жобалау-сметалық құжаттаманы, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі объектілерін мемлекеттік қала құрылысы кадастрының автоматтандырылған цифрлық жүйесінде тіркеу қағидаларына сәйкес МҚҚК АЦЖ-да тіркеу үшін мемлекеттік қала құрылысы кадастрына жолдайды.
56. Сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органда есептен өткен және ол МҚҚК АЦЖ-ға енгізген, бекітілген құрылыс объектісін пайдалануға қабылдап алу актісі жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органда құрылыс объектісін тіркеу үшін негіз болып табылады.
57. Құрылыс объектісін қабылдау актілерін жүргізу және есепке алу тәртібі Кодекстің 135-бабымен регламенттеледі.
Бұл ретте меншік иесі пайдалануға өз бетінше қабылдайтын құрылыс объектілеріне қатысты:
1) Мемлекеттік корпорация өтініш берушіден меншік иесінің құрылыс объектісін пайдалануға өз бетінше қабылдап алуының бекітілген актісін алған сәттен бастап бір күн ішінде осы Қағидалардың 56-тармағына сәйкес МҚҚК АЦЖ-да тіркелген инженерлік желілердің және (немесе) ғимараттардың (құрылысжайлардың) нақты орналасуының атқарушылық геодезиялық түсірілімін қоса бере отырып, оларды құрылыс объектісінің орналасқан жері бойынша сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органға жібереді;
2) сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы орган бір жұмыс күні ішінде меншік иесінің құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларында айқындалған рәсімдерді сақтауын тексеруді жүргізеді және МҚҚК АЦЖ-да пайдалануға қабылдап алу актісін есепке алуды жүргізеді.
Бұзушылықтар анықталған кезде Мемлекеттік корпорациядан құжаттарды алған сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде бұл туралы тіркеуші органға жазбаша түрде хабарлайды;
3) бұзушылықтар болмаған жағдайда, Мемлекеттік корпорациядан құжаттарды алған сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде бұл туралы тіркеуші органға жазбаша түрде хабарлайды.
58. ҚОБН беру 1-мемлекеттік қызметті көрсету, 2-мемлекеттік қызметті көрсету, құрылыс объектілерін пайдалануға қабылдау кезеңінде МҚҚК АЦЖ арқылы автоматты режимде жүзеге асырылады.
5-параграф. Елді мекендердің аумақтарын және қонысаралық аумақтарды жобалау және құрылысын салу тәртібі мен мерзімі.
59. Елді мекендер аумағында әртүрлі мақсаттағы құрылыс объектілерін өз бетінше салуға жол берілмейді.
60. Елді мекендердің аумақтарын және қонысаралық аумақтарды дамыту және құрылысын салу белгіленген тәртіппен бекітілген елді мекендердің бас жоспарлары немесе елді мекендердің дамыту және құрылысын салу схемалары (оңайлатылған бас жоспар) негізінде жүзеге асырылады.
61. Құрылыс мақсаттары үшін жер учаскелерін беру кезінде оларды пайдалануға қойылатын қала құрылысы талаптары бекітілген бас жоспардың, егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларының, аумақты аймақтарға бөлудің, сондай-ақ осы Қағидалардың негізінде белгіленеді.
62. Жер учаскелерінде құрылыс салу және пайдалану жер учаскелеріне құқық белгілейтін және (немесе) сәйкестендіру құжаттарында көрсетілетін нысаналы мақсатқа қатаң сәйкестікте жүзеге асырылады.
63. Қала маңы аймақтарының шекараларын белгілеу бекітілген қала құрылысы құжаттамасының негізінде жүзеге асырылады.
64. Елді мекендерді жобалау, тұрғын аудандарды қалыптастыру, жаңадан игерілетін және реконструкцияланатын аумақтар мен елді мекендерді абаттандыру кезінде халықтың қозғалысы шектеулі топтарының тұрғын, қоғамдық және өндірістік ғимараттарға, құрылысжайлар мен үй-жайларға қолжетімділігі қамтамасыз етіледі.
Тұрғын және қоғамдық ғимараттардың аумағында орналасатын автомобиль тұрақтарын жобалау кезінде халықтың қозғалысы шектеулі топтарының жеке автокөлік құралдарына арналған орындар көзделеді.
Әлеуметтік инфрақұрылымның құрылыс объектілерін (білім беру және денсаулық сақтау объектілерін) орналастыруды есепке алмай, тұрғын аймақтарда көп пәтерлі тұрғын үй ғимараттарын (үйлер) салуға жол берілмейді.
65. Жобалау және құрылыс сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар, сондай-ақ Кодекстің 34-бабының 1-тармағына сәйкес жер сілкінісі кезінде адамдарды шұғыл эвакуациялау шарттары көзделетін жобалау құжаттамасы бойынша жүзеге асырылуы тиіс.
Сейсмикалық қауіптілігі жоғары аймақтарда (аудандарда) жобалау және құрылыс көрсетілген мәселелерді реттейтін сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік нормативтік құжаттардың талаптары ескеріле отырып жүзеге асырылады, сондай-ақ сел, көшкін және қар көшкіні қауіптері мен тәуекелдері картасының сейсмикалық микроаймақтарға бөлу карталары ескеріледі.
66. Әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету, әуеайлақ жабдығының және әуе кемелері ұшуларының адамдардың денсаулығына және жеке және заңды тұлғалардың қызметіне ықтимал теріс әсерлерін ескере отырып, ұшу қауіпсіздігі талаптарын сақтау үшін әуеайлақ маңындағы аумақта құрылыс Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген Әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін қызметті жүзеге асыруға рұқсаттар беру қағидаларында көзделген талаптар ескеріле отырып жүзеге асырылады.
67. Тұрғын және қоғамдық ғимараттарды жобалау кезінде автопаркингтерді, гараждарды және инженерлік жабдық құрылысжайларын орналастыруға арналған жерасты кеңістігі сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтік құжаттарға, экологиялық, санитариялық және өртке қарсы талаптарға сәйкес құрылыс алаңының инженерлік-геологиялық жағдайлары ескеріле отырып пайдаланылады.
68. Тұрғын және қоғамдық ғимараттарда кабельдік желілерді, телерадиоарналардың ұжымдық және жеке қабылдау жүйелерін, оның ішінде ұлттық спутниктік немесе цифрлық эфирлік телерадио хабарларын тарату жүйелерін жобалау және салу сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
69. Уақытша құрылыстар мен құрылысжайларды (сауда дүкендері (павильондар), дүңгіршектер, сыртқы (көрнекі) жарнама объектілері және басқа да сервис объектілері) орналастыру Жер кодексінің 109-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
|
|
Құрылыс салуды ұйымдастыру |
Инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосылуға техникалық шарттарға арналған сауалнама парағы
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
* Қосалқы тұтынушы сауалнама парағын берген жағдайда, ескертпеде қосалқы тұтынушыны оның желілеріне қосуға тұтынушының келісімі көрсетіледі. Бұл ретте тұтынушының келісімінде оның деректері көрсетіледі (жеке тұлғалар – қолдарын қояды, заңды тұлғалар – қолдары мен мөрлерін қояды (ол болған жағдайда)).
Тапсырыс беруші: ______________________
20___ жылғы "___" _____________________
|
|
Құрылыс салуды ұйымдастыру |
|
|
__________________________ |
Жаңа құрылысқа бастапқы материалдарды/сәулет-жоспарлау тапсырмасын және
техникалық шарттарды/тіреу және қоршау (сыртқы) конструкцияларын, инженерлік
жүйелер мен жабдықтарды өзгертумен байланысты құрылыс объектілерін (жекелеген
бөліктерін) және құрылысжайларды реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта
жабдықтау, қайта бейіндеу) үшін бастапқы материалдарды беру туралы өтініш
Өтініш берушінің аты: ____________________________________________
_____________________________________________________________________
(Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе заңды тұлғаның атауы)
Мекенжайы: __________________________________________________________
Телефоны: ____________________________________________________________
Тапсырыс беруші: _____________________________________________________
Жобаланатын құрылыс объектісінің атауы: ________________________________
_____________________________________________________________________
Жобаланатын құрылыс объектісінің мекенжайы: ___________________________
_____________________________________________________________________
Сізден мыналарды беруді сұраймын
1-топтама. Жаңа құрылысқа бастапқы материалдар (сәулет-жоспарлау тапсырмасы (бұдан әрі – СЖТ), тік жоспарлау белгілері, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасынан алынған үзінді көшірме, жолдар мен көшелердің көлденең қималары, техникалық шарттар (бұдан әрі – ТШ), сыртқы инженерлік желілер трассасының схемалары);
3-топтама. Құрылыс объектілерін (жекелеген бөліктерін) және құрылысжайларды реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау, қайта бейіндеу) үшін бастапқы материалдар (тіреу және қоршау (сыртқы) конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертумен байланысты құрылыс объектілерін (жекелеген бөліктерін) және құрылысжайларды реконструкциялауға (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау, қайта бейіндеу) ЖАО шешімі, СЖТ, ТШ, сыртқы инженерлік желілер трассаларының схемалары).
Цифрлық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Жер учаскелері туралы мәліметтер:
Кадастрлық нөмір/ қаулының тіркеу нөмірі:
________________________________________________________________
Құрылыс объектісі туралы мәліметтер:
ОБН: ___________________
Цифрлық жүйелерде қамтылатын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
Күні: 20__ жылғы "__" _______________
Қолы
|
|
Құрылыс салуды ұйымдастыру |
|
||