Аудан әкімінің көмекшісі – баспасөз хатшысы

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

 

Ақмола облысы Егіндікөл ауданы әкімінің аппараты

 

Конкурс туралы ақпарат

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 25.09-28.09.2026

1 кезеңге жіберу:25.09-28.09.2026

2 кезеңге жіберу: 29.09.2026

Практикалық баға: 30.09.2026

Анықтама телефоны: 87164221855

E-3 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 327 923

(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

Блок В, грейд 4

 

Лауазым атауы:

Аудан әкімінің көмекшісі – баспасөз хатшысы

 

Функционалдық міндеттері:

БАҚ-пен өзара қарым-қатынас орнату және үйлестіру, ресми хабарлама тақырыптарын, баспасөз хабарламаларын, пікірлер мен оларға түсініктемелер әзірлеу және бұқаралық ақпарат құралдарына беруді жүзеге асыру, жарияланымдар ұйымдастыру, баспасөз үшін іс-шаралар өткізу. Аудан әкімдігі өкілдерінің қатысуымен өтетін ресми іс-шараларды ақпараттық қамтамасыз етуді ұйымдастыру. Бұқаралық ақпарат құралдарына сұхбат, тікелей эфир, аудан әкімінің баяндамаларын дайындау, аудан әкімін, оның қызметін БАҚ-та жариялау, оның баяндамалары мен сұхбаттарына пікірлер, қоғамдық пікір туралы жедел ақпараттандыру. Ауданның жергілікті атқарушы органдарының қызметі туралы бұқаралық ақпарат құралдары мен ақпараттық агенттік материалдарының анықтығына жедел деректер жинау және талдауды жүзеге асыру, ақпараттық материалдар мен имидждік мақалаларға түсініктеме хаттар мен теріске шығарулар дайындау, олардың қызмет мәселелері бойынша қоғамдық пікір өзгерісінң беталысын зерделеу. Күнделікті баспасөзге шолу дайындау. Аудан әкімінің Интернет-ресурсындағы ақпаратты уақтылы жаңартуды жүзеге асыру. Қоғамдық ұйымдардың баспасөз қызметімен жұмыс істеу және бірлескен акциялар өткізу. Іскерлік хат-хабар алмасу, телефонмен келіссөздер жүргізу. Белгіленген техникалық құжаттамалар, есептер жүргізу. Лауазымдық нұсқаулықпен анықталған өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

Білімі бойынша талап:

Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат немесе педагогикалық ғылымдар немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар саласында.

 

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

Жұмыс тәжірибесі талапқа сәйкес болуы тиіс:

       жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.

     

 

Шағым жасау тәртiбi

Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.

 

https://eqyzmet.gov.kz/#/main/vacancy/actual/1014164.5527364708

 

Аудан әкімінің көмекшісі – баспасөз хатшысы
Дата публикации
24 сентября 2026