Егіндікөл ауданы әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс бөлімі туралы ережені бекіту туралы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Егіндікөл ауданы әкімі аппаратының

жұмылдыру дайындығы, аумақтық және

азаматтық қорғаныс бөлімі туралы

ережені бекіту туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және                өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына сәйкес:

  1. Қоса беріліп отырған Егіндікөл ауданы әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс бөлімі туралы ереже бекітілсін.
  2. Осы өкім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа еңгізіледі.

 

 

Ю. Курушин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Егіндікөл ауданы әкімнің

2026 жылғы «___»______

№ _____ өкімімен бекітілді

 

 

Егіндікөл ауданы әкімінің аппаратының жұмылдыру

дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс бөлімі туралы

ереже

  1. Бөлім. Жалпы ережелер

 

  1. Жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс бөлімі (бұдан әрі - Бөлім) «Егіндікөл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
  2. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңды, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, аудан әкімінің аппараты туралы Ережені, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
  3. Бөлімнің құрылымы мен штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен штат санының лимиті шектеуінде аудан әкімі бекітеді.
  4. Бөлім өз жұмысында аудан әкімінің, аудан әкімі аппаратының жоспарларына және бөлімнің жоспарларына негізделеді.

 

  1. Бөлім. Бөлімнің міндеттері, функциялары және құқықтары

 

  1. Міндеті:

Жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру, аумақтық қорғаныс, азаматтық қорғау, броньдау, төтенше жағдайлар, әскери есеп және азаматтарды әскери қызметке шақыруды қамтамасыз ету салаларындағы қызметті қамтамасыз ету.

  1. Өкілеттіктері:

1) құқықтары:

- Бөлімге жүктелген міндеттерді орындау үшін ұйымдардан, мекемелерден және кәсіпорындардан жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғаныс мәселелеріне қатысты ақпаратты сұрату және алу;

- өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде энергетика, құрылыс, құрылыс индустриясы объектілері мен кәсіпорындарына, жол, су және тұрғын                                 үй-коммуналдық шаруашылық объектілеріне бару;

- Бөлімнің қарауына жатқызылған мәселелер бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес органдармен және ұйымдармен қызметтік хат алмасуды жүргізу;

- Бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша атқарушы органдардан қажетті құжаттарды, ақпаратты сұрату және алу;

- Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзырет аясында өзге де құқықтарды жүзеге асыру.

2) міндеттері:

 - Бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша консультациялар беру;

- заңды және жеке тұлғалардың бұл туралы ресми сұрау салуы жағдайында өз құзыреті шегінде және заңнама аясында қажетті материалдар мен ақпарат ұсыну;

- жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру мәселелері бойынша тиісті                іс-шаралар ұйымдастыру;

- Қазақстан Республикасының жұмылдыру дайындығы, жұмылдыру, аумақтық қорғаныс және төтенше жағдайлар саласындағы заңнамасын іске асыру мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру және мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерімен өзара                    іс-қимылды қамтамасыз ету;

- аумақтық қорғаныс мәселелері бойынша тиісті іс-шараларды ұйымдастыру;

- азаматтық қорғау мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдардың тиісті іс-шараларын үйлестіру;

- төтенше жағдайлар мәселелері бойынша тиісті іс-шараларды ұйымдастыру;

- жұмылдыру жоспарын, аумақтық қорғаныс жоспарын әзірлеу, нақтылау және түзету, ауданның атқарушы органдарында, меншік нысанына қарамастан ұйымдар мен мекемелерде жұмылдыру дайындығы, аумақтық қорғаныс және азаматтық қорғау жөніндегі іс-шаралардың орындалуын бақылау.

3) функциялары:

- жергілікті әскери басқару органдарына бейбіт уақытта және жұмылдыру жарияланған кезде олардың жұмысына жәрдем көрсету, әскери-экономикалық және командалық-штабтық оқу-жаттығуларды өткізуге қатысу;

- жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында жұмыс істеуге тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер шегінде мемлекеттік органдар мен ұйымдарды ауыстыру жөніндегі іс-шаралар кешенін іске асыруды қамтамасыз ету;

- уәкілетті органға жұмылдыру дайындығын, аумақтық қорғанысты және азаматтық қорғауды жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;

- әскери міндеттілерді, оның ішінде аудан әкімдігінің қызметкерлерін броньдау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу;

- азаматтарды әскери есепке алуды және әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

- өз құзыреті шегінде орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру, аумақтық қорғаныс, азаматтық қорғау, төтенше жағдайлар, әскери міндеттілерді броньдау және азаматтарды әскери қызметке шақыруды қамтамасыз ету саласындағы жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметін ұйымдастыруға, үйлестіруге және жетілдіруге қатысты ұсыныстар беру;

- жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру, аумақтық қорғаныс, азаматтық қорғау және төтенше жағдайлар мәселелері бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, аудан әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерінің лауазымды адамдарынан белгіленген тәртіппен қажетті материалдар мен ақпаратты сұрату және алу;

- аудан әкімі аппаратында, аудандық бөлімдерде жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру, аумақтық қорғаныс, азаматтық қорғау және төтенше жағдайлар мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастыруды осы бағыттардағы жұмысты жетілдіру жөнінде ұсынымдар әзірлей отырып үйлестіру;

- «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген шектеулерді қабылдауға және бөлімде құпиялылық режимінің сақталуына, құпия ақпаратты басқа ұйымдар мен үшінші тұлғаларға жария етуге жауапты болуға;

- қолданыстағы заңнамаға және оған сәйкес қабылданған әкім аппаратының ішкі құжаттарына сәйкес атқарушылық және еңбек тәртібін қатаң сақтау.

 

  1. Бөлім. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру

 

  1. Бөлім заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес оның негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерге ие.
  2. Бөлімді аудан әкімінің өкімімен қызметке тағайындалатын және босатылатын басшы басқарады;
  3. Басшы бөлімнің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады.
  4. Басшы аудан әкіміне Бөлімнің құрылымы мен штат саны бойынша ұсыныстар береді.
  5. Басшы заңнамаға сәйкес:

1) Бөлім ішіндегі міндеттерді бөледі, тиісті орындаушылық және еңбек тәртібін қамтамасыз етеді:

2) Бөлімнің жұмысын жоспарлауды жүзеге асырады;

3) қызметтік әдеп нормаларының сақталуын қамтамасыз етеді және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасайды;

4) келіп түскен хат-хабарлардың уақтылы және сапалы қаралуын бақылауды қамтамасыз етеді;

5) мемлекеттік қызметтердің уақтылы және сапалы көрсетілуін бақылауды қамтамасыз етеді;

6) аудан әкіміне Бөлімнің бас маманын қызметке тағайындау және қызметтен босату, оны көтермелеу және жазалау туралы ұсыныстар енгізеді;

7) Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің заңдары мен актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

  1. Бөлімнің бас маманы аудан әкімі аппараты лауазымдарының бекітілген тізбесіне сәйкес аудан әкімінің өкімімен лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
  2. Бөлімнің бас маманы өз қызметін лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырады.
  3. Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бөлім атынан аудан әкімі аппаратының басқа бөлімдеріне жіберілетін құжаттарға бөлім басшысы, ал бөлім басшысы болмаған жағдайда оны алмастыратын адам қол қояды.
Егіндікөл ауданы әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс бөлімі туралы ережені бекіту туралы
Дата публикации
17 сентября 2026