Егіндікөл ауданы Ұзынкөл ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша сайлау округінің шекаралары мен аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері және құрамы туралы
ХАБАРЛАМА
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының, 113-1 бабының 1 тармағының 1 тармақшасына, 2 және 4 тармақтарына және «Егіндікөл ауданы Ұзынкөл ауылдық округі әкімінің заңда белгіленген өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты Ұзынкөл ауылдық округінің әкімін сайлауды 2026 жылғы 4 қазанға тағайындау және әкімді сайлауды дайындау және өткізу жөніңдегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы» Егіндікөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 26 тамыздағы №64/33 қаулысы мен Егіндікөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2022 жылғы 2022 жылғы 16 қыркүйектегі №6/33 «Егіндікөл ауданы Ұзынкөл ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша сайлау округін құру туралы» қаулысына сәйкес, Ұзынкөл ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша сайлау округінің шекарасы мен Егіндікөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері және құрамы туралы хабарлаймыз.
Егіндікөл ауданы Ұзынкөл ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша сайлау округінің шекаралары
Егіндікөл ауданы Ұзынкөл ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша сайлау округі – Ұзынкөл сайлау округі Ұзынкөл, Тоғанас ауылдарының шекарасында.
Егіндікөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы
Орналасқан жері: Ақмола облысы, Егіндікөл ауданы, Егіндікөл ауылы, Мир көшесі, 24, Егіндікөл ауданы Мемлекеттік кірістер басқармасының ғимараты, телефоны 8(71641)2-11-66
Комиссия төрағасы– Жаңабаев Самат Жаңабайұлы;
Комиссия төрағасының орынбасары– Джұмабаева Гүлзада Серікқызы;
Комиссия хатшысы – Дингель Андрей Владимирович; комиссия мүшелері: Попова Лидия Николаевна, Ибраева Гузель Рамильевна, Шадура Татьяна Васильевна, Шоқыбай Асқар Серікұлы.
Егіндікөл аудандық
аумақтық сайлау комиссиясы