2026 жылғы 19 шілдеге тағайындалған Егіндікөл ауданы Бауман ауылының әкімін сайлау бойынша кандидаттарды тіркеу туралы хабарлама
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5 бабының 9 тармағына сәйкес, Егіндікөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Егіндікөл ауданы Бауман ауылы әкіміне кандидаттарды тіркеді:
- Ғайнуллина Айнагүл Асқарқызы - 1987 жылы туған, «Егіндікөл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы, Егіндікөл ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
- Қарабекова Айнұр Көлбайқызы – 1984 жылы туған, «Егіндікөл ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, Егіндікөл ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
- Құлахметов Әнуар Жылқайдарұлы - 1995 жылы туған, «Бауман ауылы әкімінің аппараты» ММ әкімі, Бауман ауылында тұрады, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған.
Егіндікөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы