Құрбан айт мерекесі құтты болсын!

Құрбан айт мерекесі құтты болсын!

ҚАДІРЛІ ЖЕРЛЕСТЕР!
Баршаңызды айтулы мереке - Құрбан айт мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!
Береке мен бірлікті арттыратын құтты мейрам – Құрбан айт адамдардың бірі – бірімен етене араласуына, ұлттар мен діндердің өзара ынтымақтастығына жол ашады. Осы қасиетті күні халқымыз құрбандық шалып, бір-біріне тек жақсылық тілейді.
Құрбан айт – кең пейілділік пен жомарттықтың, бауырмалдық пен қайырымдылықтың мерекесі.

Конфессияаралық келісімге ұйытқы болып, тек имандылықты, инабаттылықты, қайырымдылықты, жан мен тән тазалығын ғана уағыздайтын ислам дінінің ұлтаралық келісімді нығайтуға қосып отырған үлесі зор.
Қадірменді бауырлар!
Әрбір шаңыраққа шалқыған шаттық, баянды бақыт, қуаныш әкелетін әлем мұсылмандарының мерейлі мерекесі Құрбан айтпен тағы да құттықтай отырып, отбасыларыңызға бақыт, береке тілеймін.
Құрбан айт мерекесінде жасаған барлық ықылас – ниеттеріңіз қабыл болсын!

Құрметпен, Жалманқұлақ ауылдық округінің әкімі Ж. Ахметов!