9 - мамыр Ұлы жеңіс күні!

9 - мамыр Ұлы жеңіс күні!

Құрметті жерлестер!
Баршаңызды жасампаз ерліктің мерекесі – Ұлы Жеңістің 79 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын!
Сұрапыл соғыстың соқпағынан өтіп, жанған от пен жауған оттың ортасына түсіп, кең-байтақ жерді қорғадыңыздар. Ерліктің ерен үлгісін танытып, бүгінгі бейбіт күн үшін жасаған өлшеусіз ерліктеріңіз мәңгі ұмытылмайды. Бұл Жеңіс – бүкіл соғысқа қатысушылар және тыл еңбеккерлерінің қажымас қайраты мен қайсар рухының жеңісі.

Қадірменді ардагерлер мен тыл еңбеккерлері!
Сіздердің Ұлы Отан соғысы жылдарындағы өшпес ерліктеріңіз және бейбіт еңбектегі қалдырған іздеріңіз әрқашанда бізге өнеге. Уақыт алға жылжыған сайын бұл ерліктің шоқтығы биіктеп, бағасы артуда, мәні мейлінше тереңдеп, даралана түсуде. Бүгінгі ұрпақ оны одан әрі жалғастырып, тәуелсіз Қазақстанымыздың өсіп-өркендеуіне зор үлесін қоса береді.
Ерлікке толы тарихи күнде баршаңыздың дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілеймін!

Ізгі ниетпен, Жалманқұлақ ауылдық округі аппаратының әкімі Жолымбет Зейнулғабиденұлы!