Егіндікөл ауданы Ұзынкөл ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру шеңберінде және мемлекеттік қызметтер Тізіліміне сәйкес мемлекеттік қызметтердің 5 түрін көрсетеді, оның ішінде:
1)жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру.
2) кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру - 1, 2 кезең.
3) жер учаскесін жеке меншікке біржолғы не бөліп-бөліп сату.
4) жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу
Сауда - саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншікте-1, 2 кезең.
5)жер учаскесін алуға кезекке қою.
Мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде көрсету және халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру шеңберінде Егіндікөл ауданы Ұзынкөл ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратында "өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы" жұмыс істейді. Қазақстан Республикасының электрондық үкімет "egov.kz" порталы арқылы, округ азаматтарының электрондық цифрлық қолтаңбасы және/немесе ЭЦҚ-ның мобильді қолтаңбасы болған кезде ХҚКО-ға жүгінбей-ақ мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде алуға мүмкіндігі бар.