
Ауылдық округтің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы: тұрғын үй қоры 168 үйді құрайды. Полтавское ауылында ауыз сумен қамтамасыз етуді "Егіндікөл - Су" ШЖҚ МКК тұрақты жүргізеді. 105 тұрғын үйдің 85-не (89%) су құбыры жүргізілген. Көркем ауылында жер асты сумен жабдықталған(ұңғымалардан).
Ауылдық округ аумақтарын санитарлық тазарту, көгалдандыру және абаттандыру жөніндегі іс-шараларды орындау мақсатында:
- сенбіліктер мемлекеттік мекемелердің, өндірістік объектілердің және жеке аулалардың аумақтарында өткізіледі;
- елді мекендерде ағаштар мен бұталар отырғызылады;
- қоқыс пен қалдықтарды шығару.
2021 жылы көктемінде біздің ауылдық округте Кcell байланыс базалық станциясы орнатылды. Біздің елді мекендегі байланыс пен интернеттің сапасына қатысты проблемалық мәселе көптеген жылдар бойы жалғасып, шешімін таба алмады. Бірақ қазір біздің тұрғындарымыздың жақындарымен, достарымен, әріптестерімен қарым-қатынасқа, сондай-ақ көптеген электрондық ресурстар мен сервистерге кедергісіз қол жеткізу мүмкіндігі бар.
Полтавское ауылы тұрғындарының сапалы және қауіпсіз өмір сүруі үшін ұзындығы 1990 метр болатын Централья, Восточная, Историческая, Мира, Западная бес көшеге орташа жөндеу жүргізілді.
Дені саудың-жаны сау, балалардың, сондай-ақ ересектердің салауатты спорттық өмірі мен бос уақыты үшін мынадай жобалар іске асырылды:
- Балалар-Полтавская ауылындағы спорт алаңы мұнда балалар тек көңілді ғана емес, сонымен қатар ересектер де спортпен шұғылдана алады 3 900 мың теңгеге слайдтар, әткеншектер, балансирлер, күркелер, воркаут, ересектерге арналған тренажерлер орнатылды.
- Көркем ауылында 6500 мың теңгеге балалар ойын алаңы орнатылды.