
Егіндікөл ауданы Алакөл ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру шеңберінде және мемлекеттік қызметтер Тізіліміне сәйкес мемлекеттік қызметтердің 5 түрін көрсетеді, оның ішінде:
1)Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру.
2)Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру.
3) Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату.
4) Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтар алу
5)Жер учаскесін алу үшін кезекке қою.
Электрондық түрде мемлекеттік қызметтер көрсету шеңберінде
Егіндікөл ауданы Алакөл ауылдық округінің әкімі аппаратының ғимаратында халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру және "өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы"жұмыс істейді. Қазақстан Республикасының электрондық үкімет порталы арқылы "egov.kz" округ азаматтарының электрондық цифрлық қолтаңбасы және/немесе ЭЦҚ-ның мобильді қолтаңбасы болған кезде ХҚКО-ға жүгінбей-ақ мемлекеттік қызметтерді электрондық түрде алуға мүмкіндігі бар.