Мектеп пен отбасының өзара әрекеттесу мәселелері туралы облыстық семинарда талқыланды

Мектеп пен отбасының өзара әрекеттесу мәселелері туралы облыстық семинарда талқыланды

Көкшетау қаласы  «Bolashak saraiy» балалар мен жасөспірімдер сарайында Ақмола облысы білім басқармасының әдістемелік орталығы» КММ-сі  «Өркен» балалардың әл ауқатын арттыру ұлттық ғылыми- практикалық институтымен  бірлескен «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығын дамыту шеңберінде мектеп пен отбасының өзара іс-қимылын нығайту» тақырыбында өңірлік семинар өткізді.

Семинар мектеп пен отбасының өзара іс-әрекетін нығайту мен педагогтердің психологиялық-тәжірибелік құзыреттілігін арттыру мақсатында өткізілді.

Іс-шараға аудандық/қалалық білім бөлімдерінің тәрбие әдіскерлері мен директордың тәрбие орынбасарлары, педагог-психологтар, әлеуметтік педагогтер қатысты.

Семинарда қазақстандық отбасының имиджін қолдаудағы мектептің маңыздылығы мен рөлі туралы мәселелер көтерілді, саралау және даралау қағидаттары негізінде ата-аналармен ағарту жұмысындағы  жаңа тәсілдер қарастырылды.

Сонымен қатар, педагогтер «Ата өсиеті», «Әже даналығы», «Аға қамқорлығы», «Жеңге кеңесі» секциялары жұмыс істейтін "Даналық мектебі" отбасылық клубтарының жұмыс тәжірибесімен, сондай-ақ балалардың әл-ауқатын қамтамасыз етуде отбасы мен мектептің өзара іс-әрекеті кезінде ата-аналармен жұмыс істеудің тиімді әдістерімен  өзара тәжірибе алмасты.