
Ақмола облысының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері арасында онлайн конкурс өткізілді.
Аталған сайысты білім басқармасы мен облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастырды.
Білім додасының мақсаты дарынды оқытушыларды қолдау, педагогикалық мамандықтарды танымал ету.
Конкурста жалпы білім беретін және арнайы пәндердің 26 оқытушысы педагогикалық сала және жалпы білім беру пәндері бойынша 2 бағытта бақ сынады.
Конкурс барысында педагогтер теориялық және практикалық дайындықтарын, білім беру үдерісінде инновациялық тәсілдерді шебер пайдалана алуын көрсетті.
Педагогикалық мамандықтар бойынша келесі жеңімпаздар анықталды:
1 орын – Т.М. Жоламанова, Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің оқытушысы;
2 орын – Е. Н. Виссарионова, Щучинск қаласының жоғары педагогикалық колледжінің оқытушысы;
3 орын – К.Ж. Искендерова, Ш. Уәлиханов атындағы КУ жанындағы көпсалалы колледжінің оқытушысы.
Жалпы білім беру пәндері бойынша келесі жеңімпаздар анықталды:
1 орын – А.Е.Касымов, Красный яр а. агротехникалық колледжінің оқытушысы;
2 орын – Ж.А.Ехсанова, Ж. Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің оқытушысы;
3 орын – Г.Е. Ибраева, азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінің оқытушысы.
Конкурстың барлық қатысушыларын құттықтаймыз! Шығармашылық табыстар мен жаңа жеңістер тілейміз!
Жеңімпаздарға конкурстың республикалық кезеңінде Ақмола облысының намысын қорғауда сәттілік тілейміз!