Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша Республикалық жасөспірімдер (юниор) онлайн олимпиадасының жеңімпаздары анықталды

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша Республикалық жасөспірімдер (юниор) онлайн олимпиадасының жеңімпаздары анықталды

2021 жылдың 19 мамырда Көкшетау қаласы, «Білім-инновация» лицей-интернатының базасында Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша Республикалық жасөспірімдер (юниор) онлайн олимпиадасы өткізілді.

Олимпиаданың мақсаты − оқушылардың жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқытуды ынталандыру, жастарды жоғары дәрежедегі олимпиадаларға дайындау.

Биыл пандемия жағдайына байланысты Олимпиада бір мезетте республиканың барлық облыстарда Oqylyk.kz платформасында прокторинг жүйесін қолдану арқылы өткізіледі. Олимпиада математика, физика, химия, биология, информатика және география пәндері бойынша 7-8 сынып оқушылары арасында өткізілді.

Аталмыш олимпиадаға Ақмола облысынан 23 оқушы қатысты.