Білім алушылардың құқықтары мен қадір-қасиетін қорғау мәселелері облыстық семинар талқыланды

Білім алушылардың құқықтары мен қадір-қасиетін қорғау мәселелері облыстық семинар талқыланды

2021 жылғы 24 ақпан  күні «Білім алушылардың құқықтары мен қадір-қасиетін қорғау» балалар мен жастардың құқықтары, антибуллинг мәселелері бойынша қашықтықтан облыстық семинар өтті.

Семинарға  Нұр - Сұлтан қаласы Назарбаев университетінің докторанты, медиативтік сауаттылық бойынша жаттықтырушы Б.А. Айдаров ; Алматы қаласы «Шайкенов оқушылар қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі жобаларының жетекшісі,  құқық магистрі Г.Ө.Такишева., Ақмола облысы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрайымы А.Ө.Жұматова;  Ақмола облысы бойынша «Шанс» кәмелетке толмағандарды әлеуметтік-психологиялық құқықтық қолдау орталығының директоры Ә.А.Асаинова; облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің, аудандық,қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, директорлардың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, педагог – психологтардың әдістемелік бірлестіктерінің басшылары, әлеуметтік педагогтар қатысты. 

Барлығы 100 адам қатысты.

Семинар қорытындысы бойынша ұсынымдар  ұсынылды.