Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік көрсетілген қызметтер бойынша 2020 жылға арналған есеп

  1. Жалпы ережелер

1)Қызметкөрсетушілер туралы мәлімет: «Ақмола облысының білім басқармасы» ММ және ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары. Мемлекеттік қызмет көрсететін 57 ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары (19 ППТК, 24 колледж, 4 ПМПК, 9 түзету және арнайы мектеп, 1 ООӘО) заңды мекенжайы Көкшетау қаласы, Сәтпаев көшесі 1а.

2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

2020 жылы ведомствоға бағынысты білім беру ұйымдары мен басқарма 19431 қызметті көрсетті;

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілген қызметтер саны – 1204;

электрондық нұсқада көрсетілген қызметтер саны – 6480;

қағаз түрінде көрсетілген   қызметтер саны – 11747.

Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.

3) Неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

Білім беру саласында сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:

«Мүмкіндіктері шектеулі балаларды психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру және оларға консультациялық көмек көрсету»  -                 5713 қызмет;

«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау» - 4658 қызмет;

«Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы білім алушыларға жатақхана беру» - 1341 қызмет;

«Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарындабілім алатын және тәрбиеленетін жекелеген санаттағы азаматтарға, сондай-ақ қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы) және патронаттағы адамдарға тегін тамақтандыруды ұсыну»  бойынша-2538 қызмет.

  1. Қызмет алушылармен жұмыс:

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

Көрсетілетін қызметті алушылар үшін барлық қажетті ақпарат ресми интернет ресурста орналастырылған https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-edu білім басқармасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен ережелері орналастырылған. Сондай-ақ, барлық ведомстволық бағынысты ұйымдарда ақпараттық стендтерде мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен ережелері орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейді.

2) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат.

Қазіргі уақытта заңға тәуелді құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет порталында жүзеге асырылады. Білім басқармасы мен ведомстволық бағынысты ұйымдар нормативтік құқықтық актілерді әзірлемеген.

3) мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).

2020 жылы білім басқармасы және ведомствоға қарасты ұйымдар 46 мақала жариялады. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша 9 түсіндіру іс-шарасы, 3 Тікелей эфир өткізілді. Ай сайынғы негізде БАҚ, қызмет көрсетушілердің интернет – ресурстары арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы халықты ақпараттандыру бойынша жұмыс жүргізіледі.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.

2020 жылы Қазақстан Республикасының Білім басқармасы мен білім және ғылым министрлігі Ақпараттық жүйелерді енгізді:

орта білімнен кейінгі техникалық және кәсіптік білім беру саласында мемлекеттік қызмет көрсету үшін Smart Nation (бұл жүйеге 24 колледж қосылған);

орта білім беру саласында қызмет көрсету үшін Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің (ҚР БҒМ ММ АЖО) мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің автоматтандырылған жұмыс орны (осы жүйеге барлық жалпы білім беретін 555 мектеп қосылған).

2) мемлекеттік қызметтер көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.

Білім беру саласында мемлекеттік қызметтерді қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген 165 қызметкер көрсетеді, 2020 жылы 60 қызметкер мемлекеттік қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.

2020 жылы мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар түскен жоқ.

2) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметтер саласындағы заңнамасын сақтау мәселесі бойынша бекітілген бақылау іс-шаралар жоспарына сәйкес 6 білім беру ұйымында бақылау іс-шаралары өткізілді. Бұзушылықтар анықталған жоқ.

3) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері.

Қоғамдық мониторинг нәтижелеріне сәйкес, 2020 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу анықталған жоқ. Мемлекеттік қызметтерді бұзушылықтарға жол бермеу бойынша шаралар қабылдануда.

  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің одан әрі тиімділігін және оның сапасына қыметті алушылардың қанағаттануын арттыру

Қызмет алушылардың қанағаттанушылығын арттыру және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 2021 жылға ҚР заңнамасын сақтау мәселесі бойынша бақылау іс-шараларының жоспары бекітілді.

2021 жылы білім басқармасы және ведомстволық бағынысты ұйымдар жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыратын болады.

Дата публикации
01 марта 2021
Дата обновления
01 марта 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Есеп
31 марта 2026
«Ақмола облысы білім баскарма» мемлекеттік мекемесінің 2025 жылғы мемлекеттік көрсетілетін қызмет аясындағы қызмет туралы есебін көпшілік талқылауды өткізу қорытындысы
Есеп
27 февраля 2026
2025 жылға мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есеп
Есеп
07 апреля 2025
«Ақмола облысы білім баскарма» мемлекеттік мекемесінің 2024 жылғы мемлекеттік көрсетілетін қызмет аясындағы қызмет туралы есебін көпшілік талқылауды өткізу қорытындысы

Социальные медиа

Instagram
facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы