Меню

Страницы

Статья

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ МЕН ОҚЫТУДЫҢ САПАСЫН БАҒАЛАУ БОЙЫНША НҰСҚАУЛЫҚ

НЕГІЗДЕМЕ

Мектепке дейінгі ұйым (бұдан әрі - МДҰ) білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ету үшін үлгілік оқу бағдарламасын іске асыру кезінде ықтимал тәуекелдер мен сын-қатерлерді болдырмау мақсатында ішкі және сыртқы бақылау өлшемшарттарын қамтитын өзін-өзі бағалауды жүргізеді.    

МДҰ көрсететін білім беру қызметтерінің сапасын арттыру үшін өзін-өзі бағалауды жылына 2 рет – жарты жыл сайын жүргізу ұсынылады.

МДҰ үшін ұсынылған өзін-өзі бағалау өлшемшарттарының құрылымы ҚР Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 26 шілдедегі № 292 бұйрығымен (бұдан әрі - № 292 бұйрық) бекітілген Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықта айқындалған (зерттеу тобының ұсыныстары негізінде) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың сапасын қамтамасыз ету стандарттарына сәйкес келеді:

Стандарт 1. Сапаны қамтамасыз ету саласындағы саясат.

Стандарт 2. Балалардың қауіпсіздігі мен денсаулығы.

Стандарт 3. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын әзірлеу және бекіту.

Стандарт 4. Баланы тәрбиелеу, оқыту және оның дамуындағы ілгерілеуді бағалау.

Стандарт 5. Педагогикалық құрам және қызметкерлер.

Стандарт 6. Қарым-қатынас және өзара іс-әрекет: педагог, тәрбиеші, ата-ана және бала.

Стандарт 7. Дамытушы орта.

Стандарт 8. Жұртшылықты ақпараттандыру.

Стандарт 9. Сапаны мерзімді сырттай қамтамасыз ету.

№ 292 бұйрықтың 9-т. сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың сапасын бағалау өлшемдері:

- қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкес нормалар мен талаптарды сақтау;

- оқу бағдарламасының міндеттерін сапалы жүзеге асыру;

- педагогтердің құзыреттілігінің жоғары деңгейі;

-ортаның қол жетімділігі және дамытушы ортаның жағдайларына сәйкестігі;

-мектепке дейінгі ұйымның материалдық-техникалық жабдықталуы;

- балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

- ата-аналарды тәрбиелеу және оқыту процесіне тарту.

Мектепке дейінгі ұйымдар үшін ұсынылып отырған бұл өлшемшарттар мен индикаторлар 2021-2023 жылдары жүргізілген зерттеу жұмыстарының аясындағы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың сапасын зерттеуді талдау қорытындысымен, 2022 жылы 39 пилоттық МДҰ-да сынақтан өткізілген өзін-өзі бағалау өлшемшарттары негізінде анықталды. МДҰ-да сапаны бағалау өлшемшарттарын сынақтан өткізу кезінде пилоттық жобаға қатысқан МДҰ-ның пікірлері мен ұсыныстары ескерілді (2022 ж.).

Сапаны қамтамасыз ету саласындағы саясат сапалы білім беру ортасын құру мен оны дамыту және білім берудің қызметін тиімді ұйымдастыру негізінде сапаны қамтамасыз етуді үздіксіз жетілдіруге бағытталған. Демек, өзін-өзі бағалау өлшемшарттары арқылы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың сапасын қамтамасыз ету жүйесін іске асыру тетігі МДҰ-ға нүктелік нақты мәселелерді көруге, процесті ұйымдастырудағы қиындықтардың себептерін дербес анықтауға және сол арқылы келесі қадамдық әрекеттерді болжап, кемшіліктерді жою бойынша пәрменді шараларды жоспарлауға мүмкіндік береді:

  1. Өзін-өзі бағалау.
  2. Талдау.
  3. Шешім.
  4. Жоспар.
  5. Іс-әрекет.
  6. Мониторинг.
  7. Ілгерілеу.

БАҒАЛАУ БОЙЫНША ҰСЫНЫСТАР

Бағалау сапа көрсеткіштерінің 4 параметрі бойынша жүргізіледі, олардың әрқайсысында өлшемшарттары мен олардың индикаторлары анықталған.

Өлшемшарттардың жалпы саны – 27:

І. Қауіпсіздік және қол жетімділік.

ІІ. Педагогтердің бағдарламаның күтілетін нәтижелеріне қол жеткізуі.

ІІІ. Баланың отбасымен өзара қарым-қатынас.

  1. Педагогтердің кәсібилігі.

Ұсынылған өлшемшарттардың көмегімен бағалауды жүргізуде:

1) бағалауға меншік нысанына қарамастан барлық МДҰ қатысады;

2) әрбір МДҰ-дан толтырылған 1 кесте ғана жолданады; 

3) МДҰ-ның топтарында алдын ала бақылау жүргізіледі;

4) бақылауды меңгеруші, әдіскер жүргізе алады;

5) МДҰ үшін бақылау парағын толтырылады;

6) деректерді жинау үшін Excel форматындағы кестеге деректер көшіріледі;

7) МДҰ Excell форматындағы кестеде әр алынған индикаторды «1» санымен белгілейді;

8) бағалау нәтижелерін талдау негізінде МДҰ іс-қимыл жоспарын жасайды;

9) қазан және қараша айларында қауіпсіздікті қамтамасыз ету, балалар мен педагогтерге жағдай жасау, тәрбие мен оқыту процесін ұйымдастыруды жақсарту, отбасымен өзара қарым-қатынас орнату, педагогтердің кәсіби деңгейін жетілдіру жөніндегі іс-қимыл жоспарына түзету енгізе отырып, қайта бақылау жүргізіледі;

10) академиялық адалдықты сақтау қажет және көрсеткіштерді жалған көтеруге жол бермеу керек, өйткені МДҰ қиындықтарды анықтап, олармен жұмыс істеуді үйренуі керек;

11) МДҰ даму жоспарын құру үшін бақылау нәтижелерін, өз қызметін бағалау қорытындыларын негізге алуы қажет;

12) мемлекеттік және жекеменшік МДҰ бойынша аудандар бөлінісндеі ақпаратты жинақтау үшін МДҰ Excell форматындағы толтырылған кестені білім бөліміне жібереді;

13) ауданның (қаланың) білім бөлімі МДҰ-ны бағалау нәтижелерінің қорытындыларын облыс бойынша шығару үшін облыстық әдістемелік кабинетке жібереді;

14) облыстық әдістемелік кабинет облыс бойынша жинақталған қорытындыны Балаларды ерте даму институтына жолдайды;

15) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың сапасының динамикасын қадағалау жыл көлемінде.

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАР ҮШІН САПАНЫ БАҒАЛАУ ӨЛШЕМШАРТТАРЫ

І. ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ ҚОЛЖЕТІМДІЛІК

  1. Мектепке дейінгі ұйым балаларға жайлы жағдай жасалған кең ғимаратта орналасқан:

1) типтік емес, топтар санына және қауіпсіздіктің негізгі талаптарын сақтауға ыңғайластырылмаған;

2) типтік емес, топтар санына ыңғайластырылған, қауіпсіздіктің негізгі талаптарын сақтау мүмкіндігі бар;

3) балалардың қауіпсіз және жайлы жағдайда  болуы үшін оңтайлы эргономикалық шешімдері бар типтік немесе толығымен ыңғайластырылған ғимарат;

4) балалардың қауіпсіз және жайлы жағдайда болуы үшін барлық талаптарға сай келетін типтік ғимарат.

  1. Балалар контингенті МДҰ-ның жобалық қуатына сәйкес келеді, топтардағы балалар саны үлгілік қағидаларға сәйкес нормадан аспайды (ҚР Оқу-ағарту министрінің № 385 бұйрығы):

1) сәйкес келмейді;

2) топтардың көбісінде бала саны шамадан тыс артық;

3) 1-2 топтан басқа топтардағы балалар саны нормадан аспайды;

4) толық сәйкес келеді.

  1. МДҰ-ның материалдық базасы ҚР Білім және ғылым министрінің №70 бұйрығының нормаларында белгіленген талаптарға сәйкес келеді:

1) сәйкес келмейді;

2) ішінара сәйкес келеді;

3) негізгі талаптар бойынша сәйкес келеді;

4) толық сәйкес келеді.

  1. Балаларға қауіпсіз жағдай жасалған:

1) бейнебақылаумен жабдықталмаған, төмен қоршаулармен қоршалған/қоршалмаған, ойын жабдықтары ауыстыруды қажет етеді, түсу аймақтарына жұмсақ жабын төселмеген;

2) сыртқы алаң мен  ғимараттың іші ішінара бейнебақылаумен жарақтандырылған, қоршаулармен қоршалған, ойын жабдықтары бекітілген, түсу аймақтары жеткілікті жұмсақ емес (d 7 мм-ден аз);

3) бейнебақылаумен 75%-дан астам жарақтандырылған, биік қоршаулармен қоршалған, ойын жабдықтары бекітілген, түсу аймақтарына жұмсақ жабын төселген  (d 7 мм-ден аз емес);

4) сыртқы алаң мен ғимараттың іші бейнебақылаумен жарақтандырылған, биік қоршаулармен қоршалған, ойын жабдықтары бекітілген, түсу аймақтары жеткілікті жұмсақ (d 10 мм- ден аз емес).

  1. МДҰ-ның штатында балаға қарайтын және оларға күтім жасайтын жеткілікті қызметкерлердің саны бар:

1) жоқ;

2) уақытша кадрлық бос жұмыс орындары бар;

3) үстеме жұмыс уақытының шеңберінде бірін-бірі алмастыру арқылы шешілген;

4) иә, балаға күтім жасау және қарау үшін жеткілікті қызметкерлер бар.

  1. МДҰ педагогтері мен қызметкерлері санитарлық және өрт қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды сақтау, терроризмге қарсы оқу-жаттығулар, төтенше жағдайлар кезіндегі шаралар туралы оқыту бойынша нұсқамадан уақтылы өтіп отырады:

1) жоқ;

2) өте сирек;

3) кейде; 

4) жүйелі.

  1. Сапалы дамытушы білім беру ортасы құрылған:

1) балалардың дербес/біріккен іс-әрекеті үшін жағдай жасалмаған, ойын кеңістігі балаларға қолжетімді емес (биік сөрелер мен жабық шкафтар, орта толыққанды жабдықталмаған, әртүрлі емес), кеңістік балалардың қызығушылықтары бойынша аймақтарға бөлінбеген;

2) бөлмедегі  физикалық орта жақсы жағдайда, бірақ ойын кеңістігі балаларға толық қолжетімді емес, қызығушылық аймақтарына тек шартты түрде бөлінген; 

3) ойнау үшін  жағдай жасалған, ойын кеңістігі балаларға қолжетімді (сөрелердің биіктігі балалардың бойынан жоғары емес, кейбір ойыншықтар жабық шкафтарда орналасқан), кеңістік аймақтарға бөлінген және кемінде 5 қызығушылық орталығы бар;

4) балалардың дербес/бірлескен іс-әрекеті үшін барлық жағдай жасалған, жайлы орта қалыптастырылған, ойын кеңістігі балаларға толық қолжетімді (сөрелердің биіктігі балалардың бойынан жоғары емес, ойыншықтар ашық сөрелерде/ішіндегі заттар көрінетін түссіз контейнерлерде орналасқан), кеңістік аймақтарға бөлінген және 7-ден кем емес қызығушылық аймағы бар.

ІІ. ПЕДАГОГТЕРДІҢ БАҒДАРЛАМАНЫҢ КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕРІНЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУІ

  1. 5 жастағы балалар 10-ға дейін тура және кері санауды біледі:

1) кейбір балалар ғана санай алады;

2) балалардың жартысы 10-ға дейін тура және кері санай алады;

3) балалардың көпшілігі 10-ға дейін тура және кері деп санайды;

4) барлық балалар 10-ға дейін тура және кері санауды біледі.

  1. 5 жастағы барлық балалар кем дегенде 5 геометриялық фигураны ажыратады және атайды, оларды ұқсастығымен байланыстырады:

1) кейбір балалар ажырата алмайды, фигураларды ұқсастығы бойынша салыстыруға тырысады;

2) 3-4 фигураны ажыратады және атайды, фигураларды ұқсастығы бойынша  салыстыра алады;

3) 5 негізгі фигураны ажыратады және атайды, фигураларды ұқсастығы бойынша  салыстыра алады;

4) 5-тен астам геометриялық фигураларды ажыратады және атайды, фигураларды ұқсастығы бойынша салыстыра алады, әртүрлі күрделі пазлдарға,  конструкторлық ойыншықтарға қызығушылық танытады.

  1. Балалар шығармашылық/жобалық іс-шараларға белсенді қатысады, өз идеяларын ұсынады, өз идеялары бойынша ойлап тапқан тапсырмаларды аяқтай алады (4-5 жас):

1) жоқ;

2) кейбір балалар ғана қызықты идеялар ұсынып, тапсырманы орындай алады;

3) балалардың көпшілігі қызықты идеяларды ұсына алады және тапсырманы орындай алады;

4) барлық балалар белсенді, қызықты идеялар ұсына алады және шығармашылық тапсырманы соңына дейін жеткізе алады.

  1. Материалдарды өз бетінше таңдайды, композицияларды ойлап табады және шығармашылық қиялын көрсете отырып құрастырады (4-5 жастағы балалар):

1) жоқ;

2) тек кейбір балалар;

3) балалардың көпшілігі;

4)барлық балалар.

  1. Балалар қимылдық ойындарды ұйымдастыруда белсенділік танытады, ойындарда физикалық қабілеттерін көрсетеді (4-5 жастағы балалар):

1) жоқ;

2) тек кейбір балалар;

3) балалардың көпшілігі;

4) барлық балалар.

  1. Балалар таныс шығарманың мазмұнын сабақтастырып айтып бере алады, мазмұнды суреттер бойынша қызықты әңгімелер құрастыра алады (4-5 жастағы балалар):

1) жоқ;

2) тек кейбір балалар;

3) балалардың көпшілігі;

4) барлық балалар.

  1. Балалар бағдарламада берілген қазақ тілінің сөздік минимумын түсінеді және қолданады (3-5 жастағы балалар):

1) жоқ;

2) тек кейбір балалар ғана;

3) балалардың көпшілігі;

4) барлық балалар.

  1. 5 жастағы балалар заттарды әртүрлі белгілері (түсі, пішіні, өлшемі, материалы, қолданылуы) бойынша салыстыра алады. Шартты өлшеуді қолдана отырып, заттардың ұзындығын, енін, биіктігін өлшейді және осы өлшемдерді қолданып, бірнеше заттарды салыстыра алады:

1) жоқ;

2) тек кейбір балалар ғана;

3) балалардың көпшілігі;

4) барлық балалар.

  1. 5 жастағы балаларда еркіндік, үнемділік дағдылары қалыптасқан, өзінің және басқа адамдардың іс-әрекеттерін бағалай алады:

1) жоқ;

2) тек кейбір балалар ғана;

3) балалардың көпшілігі;

4) барлық балалар.

  1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бағдарламасын іске асыру мониторингінің нәтижелері бойынша жыл соңында балалардың дамуында ілгерілеуге қол жеткізілген (5 жастағы балалар):

1) 10% -дан төмен динамика;

2) 10-15% аралығындағы динамика;

3) 15-20% аралығындағы динамика; 

4) 20-дан% жоғары динамика.

ІІІ. БАЛАНЫҢ ОТБАСЫМЕН ӨЗАРА ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС

  1. Мектепке дейінгі ұйым мен отбасы ықпалдастық қарым-қатынас орнатқан:

1) жоқ, тек көрнекі іс-шаралар ұйымдастырылады;

2) мерекелік іс-шараларға орай отбасылық эстафеталар, сайыстар өткізіледі;

3) жаңаша нысанда ата-аналар жиналыстары өткізіліп тұрады: тренинг, семинар, сұхбат және т.б.;

4) баланың дамуына ықпал ететін отбасымен өзара ықпалдастықтың барлық тиімді тәжірибесі мен әдістері пайдаланылады.

  1. Педагог ата-аналарға жеке және жалпы кеңес береді:

1) жоқ;

2) кейде;

3) өз жоспары бойынша;

4) үнемі, қажеттілігіне қарай.

  1. Ата-аналар МДҰ-дағы тәрбиелеу-оқыту процесіне қатысады:

1) жоқ;

2) жылына 1 рет;

3) ашық есік күнінде;

4) үнемі, бірлескен  іс-шаралар шеңберінде.

  1. МДҰ-ның сайтында (чатта және т.б. дереккөздерде) немесе ата-аналар бұрышында ата-аналар үшін пайдалы ақпарат бар және ол үнемі жаңартылып отырады:

1) жоқ;

2) бар, сирек жаңартылады;

3) ата-аналар үшін әрқашан пайдалы ақпарат бар және үнемі  жаңартылып отырады;

4) ата-аналарға пайдалы, әрі қажетті ақпаратты жеткізіп және хабардар етіп отыру үшін ақпараттандырудың барлық әдістері мен  тәсілдері белсенді қолданылады.

  1. МДҰ-да ата-аналарға, оның ішінде балалары МДҰ-ға келмейтін ата-аналарға арналған консультациялық пункт жұмыс істейді:

1) жоқ;

2) иә, тек МДҰ–ға балалары баратын ата-аналар үшін;

3) иә, тек білім алуда ерекше қажеттілігі бар балалардың ата-аналары үшін;

4) иә, оның ішінде балалары МДҰ–ға бармайтын ата-аналар үшін.

  1. ПЕДАГОГТЕРДІҢ КӘСІБИЛІГІ
  2. МДҰ педагогтерінің кәсіби білімі және біліктілік санаты бар:

1) 50%-ға жетпейді;

2) 50-60%;

3) 60-70 %;

4) 70%-дан жоғары.

  1. МДҰ-ның педагогтері балаларға мейірімділік пен сүйіспеншілік танытады, оларға қарым-қатынас үшін жайлы орта қалыптастырады:

1) жоқ;

2) кейбіреуі;

3) көпшілігі;

4) барлық педагогтер балаларға мейрімділік пен сүйіспеншілік танытады, оларға қарым-қатынас үшін жайлы орта қалыптастырады.

  1. МДҰ-ның педагогтері балалар үшін дамытушы ортаны ұйымдастыра алады және оны баланың қабілеттері мен дағдыларын дамыту үшін тиімді қолдана алады:

1) жоқ;

2) кейбіреуі;

3) көпшілігі;

4) барлық педагогтер ортаны ұйымдастыра біледі және оны тиімді пайдаланады.

  1. МДҰ-ның педагогтері мектеп жасына дейінгі балалардың жас психологиясының ерекшеліктерін жақсы біледі:

1) жоқ;

2) кейбіреуі;

3) көпшілігі;

4) барлық педагогтер.

  1. МДҰ-ның педагогтері өзін-өзі тәрбиелеу жұмыс жүргізеді, жұмыс кезінде балалардың іс-әрекетіне сапалы бақылайды:

1) жоқ;

2) кейбіреуі;

3) көпшілігі;

4) барлық педагогтер.

Дата публикации
31 октября 2024
Дата обновления
31 октября 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Есеп
31 марта 2026
«Ақмола облысы білім баскарма» мемлекеттік мекемесінің 2025 жылғы мемлекеттік көрсетілетін қызмет аясындағы қызмет туралы есебін көпшілік талқылауды өткізу қорытындысы
Есеп
27 февраля 2026
2025 жылға мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызмет туралы есеп
Есеп
07 апреля 2025
«Ақмола облысы білім баскарма» мемлекеттік мекемесінің 2024 жылғы мемлекеттік көрсетілетін қызмет аясындағы қызмет туралы есебін көпшілік талқылауды өткізу қорытындысы

Социальные медиа

Instagram
facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы