Аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің Ардагерлер кеңесі
төрағаларымен, кәсіподақ ұйымының төрағаларымен және кадр
жұмысы кызметкерлерімен өткізілген отырыстың
№1 ХАТТАМАСЫ
Көкшетау қ. 2024 жылғы 10 қаңтар сағ. 15.00
Төрағалық етті: М.Ө.Ибраев - Ақмола облысы білім
басқармасының Ардагерлер кеңесінің төрағасы
Қатысушылар: Ақмола облысы білім басқармасының басшысы, басшының орынбасарлары, аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің Ардагерлер кеңесінің төрағалары, кәсіподақ ұйымының төрағалары және кадр жұмысы кызметкерлері.
- Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы Ардагерлер кеңесінің жұмысын ұйымдастырудағы негізгі бағыттар және бірінші кезектегі міндеттері туралы.
Баяндамашы: Ақмола облысы білім басқармасының Ардагерлер кеңесінің төрағасы - Ибраев Марат Өмірбайұлы.
Кеңес шешім қабылдады:
- Ақмола облысы білім басқармасының Ардагерлер кеңесінің төрағасы - Ибраев Марат Өмірбайұлының ақпараты назарға алынсын.
- Облыстың білім беру ұйымдарында ардагер-педагогтар кеңестерін құруды аяқтау;
- Облыстың білім беру ұйымдары бойынша ардагер- педагогтардың толық есебін жүргізу, аяқтау мерзімі - 01.03.2024 ж.
- "ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері", "Ы. Алтынсарин " және кеңестік және кеңестік үкіметтен кейінгі кезеңдегі осындай наградалармен марапатталған тұлғалардың тізімін жинақтау, аяқтау мерзімі - 01.03.2024 ж.
- Көмекке мұқтаж ардагер-педагогтарды анықтау, ұйымдар мен тиісті құрылымдардың басшылығы алдында көмек көрсету жөніндегі шараларға бастамашылық жасау, аяқтау мерзімі - 01.03.2024 ж.
- Аудандық, қалалық білім бөлімдерінің сайтында Ардагерлер кеңесінің парақшасын ашу, мерзімі- 01.02.2024 ж. дейін.
Председатель М.Ибраев