Қашықтықтан білім беру технологиясы - білім алушы мен педагогтің жанама (алыстан) немесе толық емес жанама өзара іс-қимылы кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды және телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып жүзеге асырылатын оқыту. Биылғы оқу жылының 4-ші тоқсанында төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты Ақмола облысында 449 мектеп қашықтықтан, 107 мектеп дәстүрлі форматта оқуды аяқтады.