«Ақмола облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидалары» бұйрығына сәйкес

«Ақмола облысы білім басқармасының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беруді дамыту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының  лауазымына орналасуға конкурс  жариялайды (әрі қарай – КММ).

КММ орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 020000, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Сәтбаев көшесі, 1 Б.

         КММ -нің негізгі қызметі: Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесінің беделін арттыру; оқу-тәрбие процесіне озық ғылыми-техникалық тәжірибені, инновациялық педагогикалық практиканы енгізу; инженер-педагог қызметкерлердің кәсіптік құзыреттері мен цифрлық дағдыларының деңгейін арттыру жөніндегі әдістемелік жұмысты жетілдіру; техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары мен жұмыс берушілер, кәсіпорындар арасындағы әлеуметтік серіктестік, жоғары оқу орындары; WorldSkills (International, Europe, Asia) Abilympics қозғалысын дамыту жөніндегі жұмыстар, WorldSkills стандарттарын оқу процесіне енгізу; жастар арасында кәсіптік бағдар беру жұмысы; техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымының түлектерін жұмысқа орналастыру жөніндегі ақпаратқа мониторинг жүргізу мемлекеттік мекеме қызметінің мәні болып табылады.

          КММ басшысының біліктілігіне қойылатын талаптар:   жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім, педагогикалық жұмыс өтілі 7 жылдан кем емес;

      «үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары» немесе «екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары» немесе «бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары» не «ұйымдастырушы-басшы» немесе «басшы-менеджер» немесе «көшбасшы-басшы», немесе       «үшінші біліктілік санатты басшысы» немесе «екінші біліктілік санатты басшысы» немесе «бірінші біліктілік санатты басшысы»  біліктілік санатының болуы;

       Лауазымдық жалақысы: еңбек еткен жылдарына байланысты 173642 теңгеден 256960 теңге аралығында.

         КММ басшысының лауазымдық міндеттері:        Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес кабинет (орталық) қызметінің барлық бағыттарына жалпы басшылықты жүзеге асырады;  штаттық кестені анықтайды және бекітеді;      даму стратегиясын, мақсаты мен міндеттерін айқындайды, кабинеттің (орталықтың) даму бағдарламаларын әзірлеуді, бекітуді және орындауды, ішкі еңбек тәртібінің қағидаларын ұйымдастырады;      бюджет қаражатын ұтымды пайдалануды қамтамасыз етеді;      кабинеттің (орталықтың) мүлкі мен қаражатына заңнамада белгіленген тәртіппен иелік етеді, қаржы қаражатының түсімдері мен жұмсалуы туралы жыл сайынғы есепті ұсынады;      оқу-материалдық базаның есебін, сақталуын және толықтырылуын қамтамасыз етеді;      республикада және шетелде қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимылды ұйымдастырады;      кадрларды іріктеуді және орналастыруды жүзеге асырады;      қызметкерлердің лауазымдық міндеттерін анықтайды, олардың кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасайды;      қызметкерлердің шығармашылық бастамасын көтермелейді және ынталандырады;      компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгерген;      кабинеттің (орталықтың) оқу-әдістемелік (ғылыми-әдістемелік, сараптамалық кеңестердің), педагогтердің әдістемелік бірлестіктерінің, пән педагогтері қауымдастықтарының жұмысына басшылық етеді;      педагогикалық шеберлікті арттыруға бағытталған іс-шараларды ұйымдастырады және өткізеді;      педагогтер мен білім беру ұйымдарының оқу және әдістемелік жұмысының озық тәжірибесін жинақтайды және насихаттайды. Есепке алуды жүргізеді және атқарылған жұмыс;      өткізілетін іс-шаралардың сапасын бақылайды;      әдіскерлер мен мамандар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаларын бойына сіңіреді;      есептерді дайындау мен ұсынуды қамтамасыз етеді.

          Басшы лауазымына конкурсқа қатысу үшiн кандидатқа ұсыну қажет:

1) Осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттама сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

3) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ және фото;

4) білім тұралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулығы туралы анықтама;

7) психикалық мінез-құлық бұзылыстары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

9) Осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес сертификаттаудан өткені туралы сертификат;

10) ҚАЗТЕСТ немесе QAZAQ RESMI TEST тапсырғаны туралы сертификат (В1 орта деңгейінен төмен емес)

11) түйіндеме;

12) біліктілік санатын беру (растау) туралы куәлік.

Конкурсқа қатысу үшін кандидат конкурс жариялаған мемлекеттік органның қарауына оның кәсіби жетістіктері, Біліктілігін арттыру, ғылыми зерттеулер, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтау, марапаттар туралы материалдарды, тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы ақпаратты (олар болған кезде) қосымша ұсынады.

Осы тармақтың 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды жұмыс орнының персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері растайды және мөрмен расталады.

Конкурсқа қатысуға тілек білдірген тұлғалардың құжаттары конкурсты өткізу туралы  Ақмола облысының білім басқармасының ресми Интернет-ресурстарында, ресми әлеуметтік желі аккаунттарында жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күні аяқталғанға дейін қабылданады.

Құжаттарды қабылдау  ағымдағы  жылғы  17-30 наурыз аралығында келесі жолдармен жүзеге асырылады:

  • білім басқармасының кеңсесіне: Көкшетау қаласы, Сәтпаев көшесі 1,  302 кабинет, 09.00-13.00 және 14.30-18.30.

     Ақпаратты нақтылау үшін байланыс телефоны: 8 (716-2) 90-31-12, электрондық мекен-жайы: konkurs.kadry@yandex.kz

2)"Азаматтарға арналған үкімет "Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;

3)веб-портал "Электрондық үкімет".

         Конкурстық комиссия жұмысының ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына депутаттық корпус, үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер, кәсіподақтар, ардагерлер кеңесі, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің арасынан байқаушы шақырылады.

Дата публикации
17 марта 2026