«Ақмола облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидалары» бұйрығына сәйкес

1) Ақмола облысы білім басқармасының «Степногорск қаласы, № 3 арнайы мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының  лауазымына орналасуға конкурс  жариялайды (әрі қарай - КММ).

КММ-ның мекенжайы: индекс 020000, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, 4 шағынаудан, 48 ғимарат. Телефон: 8 8 (716-45) 5-95-02

КММ-нің негізгі қызметі: психикалық дамуы тежелген, жеңіл және орташа ақыл-ой кемістігі бар балалардың дамуындағы ауытқуларды оқыту және еңбек даярлығы, сондай-ақ әлеуметтік-психологиялық даярлық құралдарымен түзету.

КММ-ні басшысының біліктілігіне қойылатын талаптар: 

"Арнайы білім" ("Дефектология") бағыты бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде бес жыл, оның ішінде педагогикалық өтілі соңғы 2 жыл;

      және (немесе) педагогтің бірінші немесе жоғары біліктілік санатының, педагог – сарапшының немесе педагог – зерттеушінің немесе педагог – шебердің біліктілік санатының болуы не "үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" біліктілік санатының не "басшы-ұйымдастырушы" немесе "басшы-менеджер" немесе "басшы-көшбасшы" біліктілік санатының болуы;

      арнаулы мектептер (мектеп-интернаттар) үшін арнаулы білім беру ұйымының орынбасары немесе басшысы лауазымында кемінде 1р жыл жұмыс өтілі қосымша қажет;

      осы тармақтың 2,3-абзацтағы нормаларын қоспағанда, білім және ғылым саласындағы қызмет бағыты бойынша мемлекеттік қызметші лауазымындағы, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру немесе педагогикалық білімі бар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының басшысы лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

         Лауазымдық жалақысы: еңбек еткен жылдарына байланысты 202807   теңгеден  245988   теңге аралығында.

          КММ-нің басшысының лауазымдық міндеттері:  білім беру ұйымының қызметін оның жарғысына сәйкес және осы біліктілік сипаттамаларына сәйкес басқарады;

      педагогикалық және әдістемелік кеңеспен бірлесіп мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттың іске асырылуын ұйымдастырады;

      педагогикалық кеңесті басқарады;

      Мектепті дамыту бағдарламасын, оқу-тәрбие жұмысының жоспарын, жұмыс оқу жоспарлары мен бағдарламаларын, мектепішілік бақылау жоспарын, тәрбие жұмысының жоспарын, психологиялық қызметтің жұмыс жоспарын және құрамын бекітеді;

      білім беру ұйымының ғылыми - әдістемелік және материалдық-техникалық базасын қалыптастырады және жетілдіреді;

      оқу-тәрбие процесін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады және жетілдіреді;

      заманауи ақпараттық технологияларды дамытуды қамтамасыз етеді;

      қашықтан оқытуды өткізу процесін ұйымдастырады және бақылайды, барлық сыныптар үшін қашықтан оқытудың түзетілген оқу бағдарламасын және сабақ кестесін бекітеді;

      педагогикалық ұйымдардың, әдістемелік бірлестіктердің, балалар ұйымдарының қызметіне ықпал етеді;

      білім беру қызметінің құқықтану лицензиясына сәйкес оқушылар, тәрбиеленушілер контингентін қалыптастырады, білім алушылар мен тәрбиеленушілерді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді;

      жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қатарындағы тәрбиеленушілердің заңды құқықтары мен мүдделерін (жеке, мүліктік, тұрғын үй, еңбек және өзге де) қорғайды, оларға туыстық байланыстарды қолдау үшін жағдай жасау жөнінде шаралар қабылдайды;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нормаларды ескере отырып, тәрбиеленушілер мен білім алушыларды ұстау және тұру жағдайларын қамтамасыз етеді;

      оқу-тәрбие процесі кезінде білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) және білім беру ұйымы қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне жағдайлар жасайды;

      ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеу мен оқытуды ұйымдастыру үшін жағдай жасайды;

      ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар баланы тәрбиелеу және дамыту мәселелерінде балалар мен ата-аналарды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді;

      психологиялық қызметтің жұмысын және білім алушылар мен тәрбиеленушілерді, оның ішінде ерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді;

      білім беру ұйымының мүлкі мен қаражатына заңнамада белгіленген тәртіппен иелік етеді, қаржы қаражатының түсімдері мен жұмсалуы туралы жыл сайынғы есепті ұсынады;

      Қамқоршылық кеңес пен ата-аналар қоғамдастығының алдында ұйымның қызметі туралы, оның ішінде қаржылық және материалдық қаражаттың түсуі және жұмсалуы туралы жыл сайынғы есепті ұсынады;

      нормативтік талаптарға сәйкес есепке алуды, оқу-материалдық базаның сақталуын және толықтырылуын қамтамасыз етеді, ішкі еңбек тәртібі қағидаларының, санитариялық-гигиеналық режимнің, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидаларының сақталуына жауап береді;

      педагогтер мен қосалқы персоналды іріктеуді және орналастыруды жүзеге асырады, қызметкерлердің штаттық кестесін және лауазымдық міндеттерін бекітеді, олардың кәсіби құзыреттілігін арттыру үшін жағдай жасайды;

      компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгерген;

      педагогтерді аттестаттау және біліктілік санатын беру (растау) рәсімін ұйымдастырады;

      жоғары көрсеткіштері мен жетістіктері бар білім беру ұйымдарының қызметкерлері мен педагогтерін көтермелеуге ұсынады;

      педагогикалық әдеп жөніндегі кеңесті басқарады, педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің ұсынымдарын ескере отырып, өз құзыреті шегінде жаза қолданады;

      өз құзыреті шегінде мектептің басқа қызметкерлеріне жаза қолданады;

      жұртшылықпен байланысты жүзеге асырады, ата-аналармен (оларды ауыстыратын тұлғалармен), қамқоршылық кеңеспен жұмысты үйлестіреді;

      мемлекеттік және өзге де ұйымдарда білім беру ұйымының атынан өкілдік етеді, есептілікті дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді;

      өзінің кәсіби дамуымен жұмыс істейді, оның ішінде менеджмент саласында;

      білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтар және басқа да қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді;

      білім беру қызметтерінің сапасына жауап береді.

 Басшы лауазымына конкурсқа қатысу үшiн кандидатқа ұсыну қажет:

1) Осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттама сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

3) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ және фото;

4) білім тұралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулығы туралы анықтама;

7) психикалық мінез-құлық бұзылыстары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

9) Осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес сертификаттаудан өткені туралы сертификат;

10) ҚАЗТЕСТ немесе QAZAQ RESMI TEST тапсырғаны туралы сертификат (В1 орта деңгейінен төмен емес)

11) түйіндеме;

12) біліктілік санатын беру (растау) туралы куәлік.

Конкурсқа қатысу үшін кандидат конкурс жариялаған мемлекеттік органның қарауына оның кәсіби жетістіктері, Біліктілігін арттыру, ғылыми зерттеулер, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтау, марапаттар туралы материалдарды, тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы ақпаратты (олар болған кезде) қосымша ұсынады.

Осы тармақтың 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды жұмыс орнының персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері растайды және мөрмен расталады.

Конкурсқа қатысуға тілек білдірген тұлғалардың құжаттары конкурсты өткізу туралы  Ақмола облысының білім басқармасының ресми Интернет-ресурстарында, ресми әлеуметтік желі аккаунттарында жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күні аяқталғанға дейін қабылданады.

Құжаттарды қабылдау  ағымдағы  жылғы  06-14 қараша аралығында  келесі жолдармен жүзеге асырылады:

білім басқармасының кеңсесіне: Көкшетау қаласы,  Сәтпаев көшесі 1,  302 кабинет, 09.00-13.00 және 14.30-18.30.

     Ақпаратты нақтылау үшін байланыс телефоны: 8 (716-2) 90-31-12, электрондық мекен-жайы: konkurs.kadry@yandex.kz

2)"Азаматтарға арналған үкімет "Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;

3)веб-портал "Электрондық үкімет".

  Конкурстық комиссия жұмысының ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына депутаттық корпус, үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер, кәсіподақтар, ардагерлер кеңесі, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің арасынан байқаушы шақырылады.

2) Ақмола облысы білім басқармасының  «Көкшетау қаласының № 10 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ басшысы;

КММ мекенжайы: 020000, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Центральный ш/а, 40 үй

КММ-нің негізгі қызметі: білікті кадрларды, оның ішінде қызметкерлерді, орта буын мамандарын және қолданбалы бакалаврларды  даярлауға бағытталған техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру болып табылады.

КММ-ні басшысының біліктілігіне қойылатын талаптар: 

      "Арнайы білім" ("Дефектология") бағыты бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде бес жыл, оның ішінде педагогикалық өтілі соңғы екі жыл;

      және (немесе) педагогтің бірінші немесе жоғары біліктілік санатының, педагог – сарапшының немесе педагог – зерттеушінің немесе педагог – шебердің біліктілік санатының болуы;

 Лауазымдық жалақысы: еңбек еткен жылдарына байланысты 197 852   теңгеден  230 000 теңге аралығында.

          КММ-нің басшысының лауазымдық міндеттері:  арнайы білім беру ұйымының жұмысын жоспарлайды және ұйымдастырады; білім беру ұйымының даму жоспарын, оқу-тәрбие жұмысының жоспарын, оқу жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларын, түзету-дамыту және жеке бағдарламаларды бекітеді;педагогикалық әдеп жөніндегі кеңесті басқарады, кеңестің ұсынымын ескере отырып, өз құзыреті шегінде жаза қолданады; педагогтерді аттестаттау және біліктілік санатын беру (растау) рәсімін ұйымдастырады; білім беру ұйымының мүлкі мен қаражатына заңнамада белгіленген тәртіппен иелік етеді, қаржы қаражатының түсімдері мен жұмсалуы туралы жыл сайынғы есепті ұсынады;білім алушылардың ерекше білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жағдай жасайды;ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың ерекше білім алу қажеттіліктерін бағалауға қатысады;білім беру процесінде балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді және ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеу және дамыту мәселелерінде ата-аналарға консультация береді; әдістемелік жұмысты басқарады; құжаттаманың дұрыс жүргізілуіне, арнайы оқу және медициналық жабдықпен, компьютерлік техникамен және әдістемелік материалмен жарақтандыруға жауап береді;   бұқаралық ақпарат құралдарының көмегімен халық арасында, педагог қызметкерлер арасында педагогтерді, медициналық және басқа да қызметкерлерді даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі семинарларда, курстарда дефектологиялық білімді тарату бойынша жұмысты ұйымдастырады;     педагогтар мен мамандардың сапалы жұмысын қамтамасыз етеді;      ұйымды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімін дамыту, өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, ұжымда қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыру жөнінде шаралар қабылдайды;      өзіне бағынысты құрылымдық бөлімшелердің қызметін үйлестіреді;      барлық органдарда арнаулы білім беру ұйымының мүддесін білдіреді;      компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгерген;      білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді;      педагог кадрларды және қосалқы персоналды іріктеуді және орналастыруды жүзеге асырады;       педагогикалық кеңесті басқарады;       жұртшылықпен байланысты жүзеге асырады.

 Басшы лауазымына конкурсқа қатысу үшiн кандидатқа ұсыну қажет:

1) Осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттама сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

3) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ және фото;

4) білім тұралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулығы туралы анықтама;

7) психикалық мінез-құлық бұзылыстары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

9) Осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес сертификаттаудан өткені туралы сертификат;

10) ҚАЗТЕСТ немесе QAZAQ RESMI TEST тапсырғаны туралы сертификат (В1 орта деңгейінен төмен емес)

11) түйіндеме;

12) біліктілік санатын беру (растау) туралы куәлік.

Конкурсқа қатысу үшін кандидат конкурс жариялаған мемлекеттік органның қарауына оның кәсіби жетістіктері, Біліктілігін арттыру, ғылыми зерттеулер, өзінің педагогикалық тәжірибесін жинақтау, марапаттар туралы материалдарды, тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы ақпаратты (олар болған кезде) қосымша ұсынады.

Осы тармақтың 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды жұмыс орнының персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері растайды және мөрмен расталады.

Конкурсқа қатысуға тілек білдірген тұлғалардың құжаттары конкурсты өткізу туралы  Ақмола облысының білім басқармасының ресми Интернет-ресурстарында, ресми әлеуметтік желі аккаунттарында жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күні аяқталғанға дейін қабылданады.

Құжаттарды қабылдау  ағымдағы  жылғы  06-14 қараша аралығында келесі жолдармен жүзеге асырылады:

білім басқармасының кеңсесіне: Көкшетау қаласы,  Сәтпаев көшесі 1,  302 кабинет, 09.00-13.00 және 14.30-18.30.

     Ақпаратты нақтылау үшін байланыс телефоны: 8 (716-2) 90-31-12, электрондық мекен-жайы: konkurs.kadry@yandex.kz

2)"Азаматтарға арналған үкімет "Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;

3)веб-портал "Электрондық үкімет".

         Конкурстық комиссия жұмысының ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына депутаттық корпус, үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер, кәсіподақтар, ардагерлер кеңесі, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің арасынан байқаушы шақырылады.

Дата публикации
06 ноября 2025