Білім беру жүйесінде 23221 баланы қамтитын 56 қосымша білім беру ұйымы жұмыс істейді (ағымдағы жылғы 01 қарашадағы жағдай бойынша).
Олар: балалар шығармашылық үйлері / орталықтары – 18, Балалар музыка мектептері-17, жас техниктер, натуралистер, туристер станциялары-бір-бірден, аула клубтары-4, өнер мектебі-1, көркемсурет мектептері-2, білім беру жүйесінің Балалар-жасөспірімдер спорт мектебі-1, балалардың қызмет бағыттары мен қызығушылықтары бойынша басқа да ұйымдар-10 (ӨТБ, Көкшетау Дарыны, Мейірім, "Батыр" БЖК, Доки).
56 қосымша білім беру ұйымдарында балаларға 787 үйірмеге қатысуға және 19 бағыт бойынша оқуға мүмкіндік берілді: көркем-эстетикалық, сәндік-қолданбалы, туристік-өлкетану, экологиялық, техникалық, спорттық, қоғамдық-гуманитарлық, жаратылыстану-математикалық және т.б. Балалар музыка және көркемөнер мектептерін қоспағанда, үйірмелер тегін негізде жүргізіледі.
Балалар мектептен тыс ұйымдарда түрлі шығармашылық, туристік-өлкетану, спорттық конкурстарға, фестивальдарға, турнирлерге, чемпионаттарға қатысады. 2019-2020 оқу жылында облыстық, республикалық және халықаралық байқауларда 1142 бала жүлделі орындарға ие болды (2018-2019 оқу жылында – 1186 бала).
Қосымша білім беру шығыстары бойынша ақпарат әрбір ұйымның сайттарында орналастырылған.
Ұйымдардың сайттарына сілтеме білім басқармасының сайтында Ашық бюджеттер бөлімінде орналасқан.