«Ақмола облысының Қосшы қаласында жалпы білім беретін мектепті салу және пайдалану» МЖӘ жобасы бойынша екі кезеңдік конкурстық рәсімдерді пайдалана отырып, жекеше әріптесті айқындау жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарлама

«Ақмола облысының білім басқармасы» ММ «Ақмола облысының Қосшы қаласында жалпы білім беретін мектепті салу және пайдалану» МЖӘ жобасы бойынша екі кезеңдік конкурстық рәсімдерді пайдалана отырып, жекеше әріптесті айқындау бойынша конкурс өткізілетіні туралы хабарлайды.

Жобаның атауы: «Ақмола облысының Қосшы қаласында жалпы білім беретін мектепті салу және пайдалану»

Жобаны іске асыру саласы: Жоба орта білім беру саласында жүзеге асырылуда.

МЖӘ жобасының мақсаты: Қосшы қаласында 1500 оқушыға арналған жалпы білім беретін мектепті салу және пайдалану және тегін негізде білім беру қызметтерін ұсыну арқылы халықтың қажеттілігін қанағаттандыру.

Осы жобаның ілеспе мақсаттары мен міндеттері:

  • орта білім беру объектілері желісін дамыту және материалдық-техникалық саланы жақсарту;
  • қазақстандық стандарттарға сәйкес келетін 1500 оқушыға арналған заманауи жалпы білім беретін мектептерді іске асыру;
  • оқушылардың оқу процесін ұйымдастыру үшін қолайлы жағдайлар жасау және қамтамасыз ету;
  • халықаралық және қазақстандық білім беру стандарттарын интеграциялау негізінде оқушыларды сапалы білім берумен қамтамасыз ету;
  • салауатты өмір салтын ұстанатын, өмір бойы білім алуға қабілетті, жетекші қазақстандық және халықаралық университеттерге түсетін функционалдық сауатты, патриоттық, жауапты, көптілді, креативті және сыни тұрғыдан ойлайтын оқушыларды қалыптастыруға ықпал ететін оқыту ортасын құру;
  • білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды сапалы қамтамасыз ету.

МЖӘ объектісінің жобалық қуаты: 1 ауысымда 1500 оқушы орнынан тұратын мектеп.

МЖӘ жобасын іске асыру орны: Жер учаскесі Қосшы қаласында «Сиреневый Сад» ш.а. орналасқан, онда учаскенің ауданы 2,98 га құрайды (ғимараттың отырғызылуына байланысты учаскенің сегментациясы болады).

МЖӘ жобасын іске асыру кезеңі: 72 ай және одан да көп, оның ішінде:

  • Құрылыс кезеңі: 12 айдан бастап;
  • Техникалық пайдалану мерзімі: 5 (бес) жылдан бастап.

Жобаны салу мен іске асырудың осы мерзімдері шамамен және болжамды болып табылады.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген әлеуетті жекеше әріптестер 2025 жылғы 17 қараша сағат 16:00 (жергілікті уақытпен) дейін «Ақмола облысының білім басқармасы» ММ-нің техникалық тапсырмасына сәйкес әзірленген техникалық ұсынысты ұсынуы, сондай-ақ қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды ұсынуы қажет, оның негізінде «МЖӘ туралы» ҚР Заңының 32-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 15 маусымдағы № 52 бұйрығымен бекітілген МЖӘ жобаларын жоспарлау және іске асыру ережелерінің 10-қосымшасына сәйкес біліктілік іріктеу жүргізілетін болады.

Конкурсты ұйымдастырушының атауы: «Ақмола облысының білім басқармасы» ММ.

Байланыс деректері: «Ақмола облысының білім басқармасы» ММ  Оқу-материалдық базаны дамыту және нығайту бөлімінің басшысы – Дюсембаев Асет Буркитбаевич, тел.: 8 (716-2) 90-31-46, e-mail: edu_obl@aqmola.gov.kz.

Құжаттар көшірмесінің топтамасын сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін және 14.30-18.30-ға дейін (жергілікті уақыт бойынша) мына мекен-жай бойынша алуға болады: ҚР, Көкшетау қаласы, Қ.Сатпаев көшесі, № 1Б үй.

Техникалық тапсырма осы конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап сұрау салу бойынша беріледі.

Дата публикации
22 сентября 2025