Ақмола облысының білім басқармасы келесі білім беру ұйымдарында Қамқоршылық кеңесін құру және оның құрамына кандидаттар бойынша ұсыныстар қабылдау туралы хабарлайды

  1. “Көкшетау жоғары техникалық колледжі” КМҚК
  2. “Аршалы агротехникалық колледжі” КМҚК
  3. “Чаглинка ауылындағы жоғары агротехникалық колледжі” КМҚК
  4. “Ветеринария және биотехнология жоғары колледжі” КМҚК
  5. “Білім-Инновация IT мектеп-лицейі” ММ
  6. “Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған №4 «Болашақ» мектеп-интернаты” ММ
  7. “Абай атындағы дарынды балаларға арналған қазақ тілінде оқытатын облыстық мамандандырылған №3 мектеп-интернаты” ММ

Қамқоршылық кеңестердің құрамына келесі тұлғалар шақырылады:

  • педагогикалық еңбек ардагерлері (болған жағдайда);
  • жергілікті өкілді және/немесе атқарушы және/немесе құқық қорғау органдарының өкілдері;
  • үкіметтік емес (коммерциялық емес) ұйымдардың өкілдері;
  • қайырымдылық жасаушылар және/немесе меценаттар (болған жағдайда);
  • бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері (болған жағдайда);
  • оқушылардың өзін-өзі басқару органдарының өкілдері.

ҚР БҒМ 2017 жылғы 27 шілдедегі №335 бұйрығымен бекітілген Білім беру ұйымдарында Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидалары мен оны сайлау тәртібіне сәйкес, жоғарыда аталған білім беру ұйымдарының Қамқоршылық кеңестерінің құрамына үміткерлер бойынша ұсыныстарды қабылдаймыз.

Ұсыныстарды қабылдау мерзімі – хабарландыру шыққан күннен бастап 20 күн ішінде.

Қамқоршылық кеңестерді құру бойынша ақпарат алу үшін келесі телефон нөміріне хабарласуға болады: 📞 8 (7162) 90-31-30

Дата публикации
11 сентября 2025