Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің стратегиялық жоспары шеңберінде Ақмола облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті (бұдан әрі – Департамент) бұзушылықтарды уақтылы анықтау және алдын алу, Ақмола облысының мемлекеттік органдары мен квазимемлекеттік сектор объектілерінің бюджет қаражатын толық және уақтылы игеруге бағытталған ішкі процестердің тиімділігін арттыру бойынша белгілі бір жұмыс жүргізуде.
Ақмола облысы бойынша мемлекеттік органдардың және квазимемлекеттік сектор объектілерінің бюджеттік қаражатын толық және уақтылы игеруге бағытталған ішкі процестердің тиімділігін арттыру.
Шектеусіз тексерулерге жол бермеу және мемлекеттік аудит объектілеріне артық қысымды жою үшін аудит объектілерінің тиісті өзара келісілген тізбесі әзірленді.
Барлық аудиторлық тексерулер тәуекелдерді басқару жүйесіне негізделген және бұзушылықтарды ғана емес, олардың пайда болу себептерін де анықтауға және уақтылы жоюға бағытталған.
Шұғыл ден қою шараларын қабылдау және бюджет қаражатын тиімсіз және негізсіз пайдаланудың алдын алу мақсатында қазынашылық органдары әзірлеген тәуекел бейіндері негізінде алынған тәуекел төлемдері мен шарттар талданады.
Білім беру саласында еңбекақы төлеуге бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылуына бақылауды күшейту мақсатында Ішкі мемлекеттік аудит комитеті (бұдан әрі – Комитет) «Онлайн бюджеттік мониторинг» (бұдан әрі – «ОБМ») модулінің функционалдығын кеңейтті.
Осылайша, Комитет алдын алу жұмыстарының үлесін арттыру және оны масштабтау үшін аумақтық департаменттердің ОБМ модуліне қол жеткізуін қамтамасыз еткенін атап өтеміз.
Осыған байланысты Комитет ведомстволық бағынысты департаменттерге 2024 жылғы 28 қазандағы тапсырманы жолдады.
Департамент осы тапсырманы орындау мақсатында білім беру саласындағы еңбекақы төлеу мониторингі үшін ОБМ модуліне кіре отырып, лауазымды тұлғаларды бекітті.
Тәуекелдің 6 бейіні бойынша еңбекақы төлеу мониторингі тұрақты негізде жүргізіледі, оның ішінде:
- жеке тұлғаның карт-шот бойынша деректерінің сәйкес келмеуі;
- артық қаражатты бірнеше төлеммен аудару тәуекелі;
- артық қаражатты бір төлемнен артық аудару тәуекелі;
- лауазым бойынша артық қаражатты аудару тәуекелі;
- ЖТ МДБ-нда аты-жөнінің сәйкес келмеуі;
- белгіленген нормалардан тыс әлеуметтік салық есебінен аударымдар.
Департаменттің лауазымды адамдары бейіндердің бірі бойынша тәуекел төлемі белгіленген жағдайда «орындалуда», «бұзушылықтар жоқ», «мәлімдеме жолданды» тәуекел мәртебесін ОБМ-не тіркейді және бюджеттік бағдарламаның әкімшісін, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігін (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметіне) және оның аумақтық органдарын хабардар ете отырып, мониторинг объектісіне ден қою хаттарын (мәлімдеме) жолдау арқылы дереу шаралар қабылдайды.
Жоғары тәуекелдер жағдайлары сақталған жағдайда (оларды мониторинг объектісі жоймаған жағдайда) кейіннен мемлекеттік аудит тағайындалады және жүргізіледі.
Ағымдағы жылғы 17 сәуірден бастап ОБМ модулінде мәлімдемені қалыптастыру тетігі пысықталды.
Департамент 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 мамырға дейінгі кезеңде білім беру саласында ОБМ арқылы еңбекақы төлеу мониторингін жүргізді, жалпы сомасы 1 492 974 699 теңгеге 4186 тәуекел төлемдері (1135 жеке тұлға) бойынша барлығы 181 ден қою хаттары (мәлімдемелер) жолданды, оның ішінде: