«Ақмола облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылғы 21 ақпандағы «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидалары» № 57 бұйрығына сәйкес Степногорск қаласының коммуналдық мемлекеттік мекемелер және мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын басшыларының лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды

    1. «Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі Степногорск қаласының Ыбырай Алтынсарин атындағы № 1 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ басшысының лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

    КММ-нің мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 021500, Ақмола облысы, Степногорск қаласы, 1-шағын аудан, №57 ғимарат. Телефон: 8(71645) 73480

    КММ-нің негізгі қызметі:  білім алушыларды жеке адамның, қоғам, мен мемлекеттің мүлдесінде оқыту және тәрбиелеу болып табылады және бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру жүзеге асырылады.

    Лауазымдық жалақысы еңбек еткен жылдарына байланысты 199 570 теңгеден  240 150 теңге аралығында.

     

    1. «Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі Степногорск қаласының Абай Құнанбаев атындағы №6 мектеп-гимназиясы»

    КММ-нің мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 021500, Ақмола облысы, Степногорск қаласы, 5- шағын аудан, № 1 ғимарат. Телефон: 8 (716 45) 7-34-80.

    КММ-нің негізгі қызметі:  бастауыш, негізгі, орта білім берудің жалпы білім беру бағдарламаларын, сондай-ақ оқушыларды тереңдете, бейіндік, саралап оқытуды көздейтін қосымша жалпы білім беру бағдармаларын сапалы меңгеру үшін оңтайлы жағдайлар жасау болып табылады.

    Лауазымдық жалақысы еңбек еткен жылдарына байланысты 199 570 теңгеден  240 150 теңге аралығында.

    КММ басшысының біліктілігіне қойылатын талаптар: 

          жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, оның ішінде соңғы 2 жыл үздіксіз педагогикалық өтілі, басшының орынбасары лауазымында немесе орта білім беру ұйымының басшысы лауазымында кемінде 2 жыл өтілі;

         жоғары біліктілік санатының немесе педагог – сарапшының немесе педагог – зерттеушінің немесе педагог – шебердің біліктілік санатының болуы; не білім беру ұйымының "үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" біліктілік санатының не "басшы-ұйымдастырушы" немесе "басшы-менеджер" немесе "басшы-көшбасшы" біліктілік санатының болуы.

          осы талаптың 2,3-абзацындағы нормаларын қоспағанда, білім және ғылым саласындағы қызмет бағыты бойынша мемлекеттік қызметші лауазымындағы, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру немесе педагогикалық білімі бар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының басшысы лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

     

    1. «Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Степногорск қаласының балалар көркемөнер  мектебі»

    МКҚК-нің мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 021500,                           Ақмола облысы, Степногорск қаласы, 6- шағын аудан, № 43 ғимарат, 43а  т.е.б. Телефон: 8 (716-45) 7-34-80

    МКҚК-нің негізгі қызметі: көркемдік-эстетикалық тәрбие беру, Бейнелеу сауаттылығы негіздерін оқыту бойынша қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыру, эстетикалық талғамды қалыптастыру, оқушыларды әлемдік көркем мәдениетке және ұлттық дәстүрлерге баулу, сондай-ақ орта арнаулы және жоғары өнер және мәдениет орындарында көркемдік білім беруді жалғастыру үшін неғұрлым дарынды оқушыларды анықтау.

    Лауазымдық жалақысы: еңбек еткен жылдарына байланысты 199 570 теңгеден 240 150  теңге аралығында.

    МКҚК басшысының біліктілігіне қойылатын талаптар: 

    тиісті бейіні бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлаудан өткені туралы құжат, білім беру ұйымдарында педагогикалық жұмыс өтілі кемінде бес жыл, оның ішінде білім беру жүйесінде үздіксіз жұмыс өтілі соңғы екі жыл, қосымша білім беру ұйымы басшысының орынбасары немесе басшысы лауазымындағы өтілі кемінде екі жыл;

          немесе жоғары біліктілік санатының немесе педагог – сарапшының немесе педагог – зерттеушінің немесе педагог – шебердің біліктілік санатының болуы не "басшының үшінші біліктілік санатты орынбасары" немесе "басшының екінші біліктілік санатты орынбасары" немесе "білім беру ұйымы" не "басшы-ұйымдастырушы" немесе "басшы-менеджер" немесе "басшы-көшбасшы", "басшының бірінші біліктілік санатты орынбасары" біліктілік санатының болуы;

          осы тармақтың 2,3-азатжолындағы нормаларды қоспағанда, білім және ғылым саласындағы қызмет бағыты бойынша мемлекеттік қызметші лауазымындағы, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру немесе педагогикалық білімі бар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының басшысы лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде бес жыл.

    МКҚК басшысының лауазымдық міндеттері:  

    білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім беру ұйымын ұйымның Жарғысына және өзге де нормативтік құқықтық актілер мен нормативтік құжаттарға сәйкес басқарады; мәдени-демалыс қызметі, дене шынықтыру мен спортты дамыту саласында әлеуметтік, қосымша білім беру қызметтерін көрсету бойынша құрылымдық бөлімшелердің жұмысын және өзара іс-қимылын ұйымдастырады; басқарудың заманауи әдістері негізінде жұмысты болжайды және жоспарлайды; қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орындайды; білім беру сапасын бақылауды жүзеге асырады, білім беру процесі кезінде білім алушылар мен ұйым қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне жағдайлар жасайды; білім алушылардың ерекше білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жағдай жасайды; балалар мен ата-аналарды, оның ішінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар баланы тәрбиелеу және дамыту мәселелерінде психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді; педагогикалық кеңестің жұмысын басқарады; білім беру және тәрбиелеу мәселелері бойынша жақын және алыс шет елдердегі білім алушылардың, тәрбиеленушілердің қосымша білім беру ұйымдарымен өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту бойынша шараларды жүзеге асырады, қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды белсенді пайдаланады және дамытады; басқару құрылымын айқындайды, балаларға қосымша білім беру ұйымының қаржы-шаруашылық қызметіне басшылықты жүзеге асырады; білім алушылар мен тәрбиеленушілердің контингентін қалыптастырады; педагогтардың жұмысын үйлестіреді, қамқоршылық кеңестің және қоғамдық ұйымдардың, оның ішінде балалар ұйымдарының қызметіне жәрдемдеседі; оқу-материалдық базаның есебін, сақталуын және толықтырылуын, санитариялық-гигиеналық режим, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидаларының сақталуын қамтамасыз етеді; педагогтер мен қосалқы персоналды іріктеуді және орналастыруды жүзеге асырады, олардың кәсіби құзыреттілігін арттыру үшін жағдай жасайды; жұртшылықпен байланысты жүзеге асырады, білім алушылардың, тәрбиеленушілердің ата-аналарымен (оларды алмастыратын адамдармен) жұмысты үйлестіреді; есептілікті дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді; барлық органдарда ұйымның мүддесін білдіреді және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қызметті жүзеге асырады.

     

    Басшы лауазымына конкурсқа қатысу үшiн кандидатқа ұсыну қажет:

    1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7495 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау және лауазымнан босату қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

    2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттама сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

    3) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ және фото;

    4) білім тұралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;

    5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

    6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулығы туралы анықтама;

    7) психикалық мінез-құлық бұзылыстары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

    8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

    9) Осы қаулыға 7-қосымшаға сәйкес сертификаттаудан өткені туралы сертификат;

    10) ҚАЗТЕСТ тапсырғаны туралы сертификат (В1 орта деңгейінен төмен емес)

    11) Білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары;

    12) түйіндеме;

    13) біліктілік санатын беру (растау) туралы куәлік.

    Конкурсқа қатысу үшін кандидат конкурс жариялаған мемлекеттік органның қарауына кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыру, ғылыми зерттеулері, жинақтаған жеке педагогикалық тәжірибесі, марапаттары туралы материалдарды, тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы ақпаратты (олар болған жағдайда) қосымша ұсынады.

    Осы тармақтың 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды жұмыс орнының персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері растайды және мөрмен расталады.

    Конкурсқа қатысуға үміткер басқарма комиссиясының қарауына оның кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыру, ғылыми зерттеулер, өзінің педагогикалық тәжірибесін, наградалар туралы материалдарды, тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы ақпаратты ұсынады.

    Конкурсқа қатысуға тілек білдірген тұлғалардың құжаттары конкурсты өткізу туралы  Ақмола облысының білім басқармасының ресми Интернет-ресурстарында, ресми әлеуметтік желі аккаунттарында жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күні аяқталғанға дейін қабылданады.

    Конкурстық комиссия жұмысының ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз етуге арналған байқаушылар тізімі:

    1. Сергазина Айна Амановна
    2. Абдрахманова Анель Мерекеевна
    3. Батаева Гульнур Умербаевна
    4. Каирбаева Алия Сарсенбаевна
    5. Болатова Баян Амантаевна

    Құжаттарды қабылдау  ағымдағы  жылғы  28 наурыздан 07 сәуірге дейін келесі жолдармен жүзеге асырылады:

    • білім басқармасының кеңсесіне: Көкшетау қаласы, Сәтпаев көшесі 1,  302 кабинет, 09.00-13.00 және 14.30-18.30.

         Ақпаратты нақтылау үшін байланыс телефоны: 8(716-2)90-31-09, электрондық мекен-жайы: konkurs.kadry@mail.ru

    • "Азаматтарға арналған үкімет "Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
    • веб-портал "Электрондық үкімет".

    Конкурстық комиссия жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына жасы он сегізден кем емес байқаушылар шақырылады.

          Байқаушы ретінде конкурстық комиссияның отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей кадр қызметін хабардар етеді.

          Хабарлама конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон немесе электрондық пошта арқылы жүзеге асырылады.
Дата публикации
28 марта 2025