КММ мекенжайы: 020800, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, Ерейментау қаласы, М. Әуезов көшесі 10, телефондары: 8 (716-33) 2-35-32.
КММ мекенжайы: 020900, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Есіл ауданы, Есіл қаласы, М. Әуезов көшесі 21, телефондары: 8 (716-47) 2-21-30.
КММ мекенжайы: 021600, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Шортанды ауданы, Шортанды кенті, 50 Лет Октября көшесі 91, телефондары: 8 (716-31) 3-53-16.
КММ мекенжайы: 021300, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы, Қорғалжын ауылы, Жангелдин көшесі 4, телефондары: 8 (716-37) 5-13-05.
КММ мекенжайы: 020600, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Егіндікөл ауданы, Егіндікөл ауылы, Школьная көшесі, 11-үй, телефондары: 8 (716-42) 2-12-69.
КММ мекенжайы: 010078, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Қосшы қаласы, Жангелдин көшесі 1 / 1,
КММ мекенжайы: 020300, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Астрахан ауданы, Астрахан ауылы, Әл-Фараби көшесі, 44-үй, телефондары: 8 (716-41) 2-24-14.
КММ мекен-жайы: 020100, Ақмола облысы, Ақкөл ауданы, Ақкөл қаласы, Талғат Бигелдинов көшесі, 10 үй
КММ мекен-жайы: 020200, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Бұланды ауданы, Макинск қаласы, Балуан Шолақ көшесі, Телефон: 8 (716-46) 4-23-74.
КММ мекен-жайы: 021800, Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Ақмол ауылы, Гагарин көшесі, 15/2
КММ мекен-жайы: 021500, Ақмола облысы, Степногорск қаласы, 6 шағын аудан, 4 құрылыс.
КММ-нің негізгі қызметі: білікті кадрларды, оның ішінде қызметкерлерді, орта буын мамандарын және қолданбалы бакалаврларды даярлауға бағытталған техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру болып табылады.
КММ-ні басшысының біліктілігіне қойылатын талаптар:
"Арнайы білім" ("Дефектология") бағыты бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде бес жыл, оның ішінде педагогикалық өтілі соңғы екі жыл;
және (немесе) педагогтің бірінші немесе жоғары біліктілік санатының, педагог – сарапшының немесе педагог – зерттеушінің немесе педагог – шебердің біліктілік санатының болуы;
Лауазымдық жалақысы: еңбек еткен жылдарына байланысты 197 852 теңгеден 230 000 теңге аралығында.
КММ-нің басшысының лауазымдық міндеттері: арнайы білім беру ұйымының жұмысын жоспарлайды және ұйымдастырады; білім беру ұйымының даму жоспарын, оқу-тәрбие жұмысының жоспарын, оқу жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларын, түзету-дамыту және жеке бағдарламаларды бекітеді;педагогикалық әдеп жөніндегі кеңесті басқарады, кеңестің ұсынымын ескере отырып, өз құзыреті шегінде жаза қолданады; педагогтерді аттестаттау және біліктілік санатын беру (растау) рәсімін ұйымдастырады; білім беру ұйымының мүлкі мен қаражатына заңнамада белгіленген тәртіппен иелік етеді, қаржы қаражатының түсімдері мен жұмсалуы туралы жыл сайынғы есепті ұсынады;білім алушылардың ерекше білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жағдай жасайды;ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың ерекше білім алу қажеттіліктерін бағалауға қатысады;білім беру процесінде балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді және ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеу және дамыту мәселелерінде ата-аналарға консультация береді; әдістемелік жұмысты басқарады; құжаттаманың дұрыс жүргізілуіне, арнайы оқу және медициналық жабдықпен, компьютерлік техникамен және әдістемелік материалмен жарақтандыруға жауап береді; бұқаралық ақпарат құралдарының көмегімен халық арасында, педагог қызметкерлер арасында педагогтерді, медициналық және басқа да қызметкерлерді даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі семинарларда, курстарда дефектологиялық білімді тарату бойынша жұмысты ұйымдастырады; педагогтар мен мамандардың сапалы жұмысын қамтамасыз етеді; ұйымды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімін дамыту, өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, ұжымда қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыру жөнінде шаралар қабылдайды; өзіне бағынысты құрылымдық бөлімшелердің қызметін үйлестіреді; барлық органдарда арнаулы білім беру ұйымының мүддесін білдіреді; компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгерген; білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді; педагог кадрларды және қосалқы персоналды іріктеуді және орналастыруды жүзеге асырады; педагогикалық кеңесті басқарады; жұртшылықпен байланысты жүзеге асырады.
Басшы лауазымына конкурсқа қатысу үшiн кандидатқа ұсыну қажет:
1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7495 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау және лауазымнан босату қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттама сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ және фото;
4) білім тұралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулығы туралы анықтама;
7) психикалық мінез-құлық бұзылыстары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
9) Осы қаулыға 7-қосымшаға сәйкес сертификаттаудан өткені туралы сертификат;
10) ҚАЗТЕСТ тапсырғаны туралы сертификат (В1 орта деңгейінен төмен емес)
11) Білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары;
12) түйіндеме;
13) біліктілік санатын беру (растау) туралы куәлік.
4), 5) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды жұмыс орнынан персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері куәландырады және мөрмен расталады.
Аталған құжаттардың біреуінің болмауы конкурсқа қатысушыға құжаттарды қайтарып беру үшін негіз болып табылады.
Конкурсқа қатысуға үміткер басқарма комиссиясының қарауына оның кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыру, ғылыми зерттеулер, өзінің педагогикалық тәжірибесін, наградалар туралы материалдарды, тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы ақпаратты ұсынады.
Конкурсқа қатысуға тілек білдірген тұлғалардың құжаттары конкурсты өткізу туралы Ақмола облысының білім басқармасының ресми интернет-ресурстарында, ресми әлеуметтік желі аккаунттарында жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күні аяқталғанға дейін қабылданады.
Құжаттарды қабылдау 2025 жылғы 04-12 наурыз аралығында келесі жолдармен жүзеге асырылады:
Конкурстық комиссия жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына жасы он сегізден кем емес байқаушылар шақырылады.
Байқаушы ретінде конкурстық комиссияның отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей кадр қызметін хабардар етеді.
Хабарлама конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон немесе электрондық пошта арқылы жүзеге асырылады.