«Ақмола облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылғы 21 ақпандағы «Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық орналастыру және мемлекеттік мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру ұйымының басшысы лауазымына конкурстық тағайындау қағидаларын бекіту туралы» № 57 бұйрығына сәйкес конкурс жариялайды Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Bolashaq saraiy» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның басшысына (әрі қарай – Кәсіпорын).

Кәсіпорынның мекенжайы: индексі 020000, Қазақстан Республикасы,  Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 107-үй, тел: 8 (716-2) 25-50-58.         Кәсіпорынның негізгі қызметі: білім алушылардың, оның ішінде ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың жеке тұлға, қоғам мен мемлекет мүддесіндегі білім беру және мәдени қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында, қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыру болып табылады.

Кәсіпорын басшысының біліктілігіне қойылатын талаптар: тиісті бейін бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлаудан өткені туралы құжат; білім беру ұйымдарындағы педагогикалық жұмыс өтілі кемінде бес жыл, оның ішінде соңғы екі жыл үздіксіз педагогикалық жұмыс өтілі, білім беру ұйымдары басшысының орынбасары лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде бір жыл; педагогтың бірінші немесе жоғары біліктілік санатының, педагог-сарапшының немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы (мемлекеттік қызметшілерді, педагогикалық өтілі бес жылдан кем емес жоғары оқу орындары оқытушыларының қызметкерлерін, әдістемелік кабинеттер (орталықтар) әдіскерлерін, біліктілікті арттыру институттарының мамандарын қоспағанда).

Кәсіпорын басшысының лауазымдық міндеттері: Ұйымның Жарғысына және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес білім алушылар мен тәрбиеленушілердің қосымша білім беру ұйымын басқарады. Мәдени-демалыс қызметі, дене шынықтыру және спортты дамыту саласындағы әлеуметтік, қосымша білім беру қызметтерін көрсету бойынша құрылымдық бөлімшелердің жұмысын және өзара іс-қимылын ұйымдастырады. Басқару құрылымын анықтайды, балаларға қосымша білім беру ұйымдарының қаржы-шаруашылық қызметіне басшылық жасайды. Оқу-материалдық базаның есебін, сақталуын және толықтырылуын, санитарлық-гигиеналық тәртіптің, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді. Педагогикалық кадрлар мен көмекші қызметкерлерді іріктеуді және орналастыруды жүзеге асырады, олардың кәсіби құзыреттілігін арттыру үшін жағдай жасайды.

Лауазымдық еңбек ақысы еңбек еткен өтіліне қарай 175 532 теңгеден 212 862 теңгеге дейін.

Білуі қажет: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарын, білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын, білім алушыларды білім беру мен тәрбиелеу мәселелері бойынша басқа да нормативтік құқықтық актілерді; педагогика және психология негіздерін, заманауи педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін; басқарудың инновациялық әдістерін; экономика негіздерін, қаржы-шаруашылық қызметті; құқық негіздерін, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларын, санитарлық ережелер мен нормалар.

Басшы лауазымына Конкурсқа қатысу үшiн кандидатқа ұсыну қажет:

1) өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);

3) білімі туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі (ЖОО-ның жеке үлгідегі құжаты);

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

5) кадр есебі бойынша жеке іс парағы және фото;

6) бұрынғы жұмыс орнынан болған жазалары мен көтермелеулері көрсетілген өндірістік мінездеме;

7) қолда бар біліктілік санаты және ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);

8) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

9) соттылығының жоқтығы туралы анықтама;

10) Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;

11) тестілеуден өткені туралы құжат (болған жағдайда);

12) біліктілікті арттыру, қайта даярлау курстарынан өткені туралы құжат (болған жағдайда);

13) жетпіс екі сағаттан кем емес білім берудегі менеджмент бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткенін растайтын құжат;

14) білім беру ұйымын дамытудың Перспективалық жоспары.

3), 4), 5), 6), 7) тармақшаларда  көрсетілген құжаттар жұмыс орнындағы кадр қызметінің немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкерінің мөрімен расталады.

Аталған құжаттардың біреуінің болмауы конкурсқа қатысушыға құжаттарды қайтарып беру үшін негіз болып табылады.

Конкурсқа қатысуға үміткер басқарма комиссиясының қарауына оның кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыру, ғылыми зерттеулер, өзінің педагогикалық тәжірибесін, наградалар туралы материалдарды, тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы ақпаратты ұсынады.

Конкурсқа қатысуға тілек білдірген тұлғалардың құжаттары конкурсты өткізу туралы  бұқаралық  ақпарат құралдарында жарияланған күннен бастап               7 жұмыс күні аяқталғанға дейін қабылданады.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар білім басқармасының кеңсесіне төмендегі мекенжайға ұсынылуы тиіс: Көкшетау қаласы,  Сәтпаев көшесі 1,  302 кабинетке, 09.00-13.00 және 14.30-18.30 дейін ұсынуы қажет, ақпаратты нақтылау үшін байланыс телефондары:  8 (716-2) 903105, 903106, электронды пошта: g.alieva@akmo.gov.kz немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы.

Дата публикации
12 октября 2020