1) Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Атбасар ауданы, Атбасар қаласы, аграрлық-индустриялық колледжі».
МКҚК-ның мекенжайы: индексі 020400, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Атбасар қаласы, 1 мөлтек аудан, 12-үй, тел: 8 (716-43) 5-38-82.
2) Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Сандықтау ауданы, Каменка ауылы, агротехникалық колледжі».
МКҚК-ның мекенжайы: индексі 021409, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Сандықтау ауданы, Каменка ауылы, Тәуелсіздіктің 25 жылдығы көшесі, 42/4 құрылыс, тел: 8 (716-40) 9-62-67.
МКҚК-ның негізгі қызметі: білікті кадрларды, оның ішінде жұмысшыларды, орта буын мамандарын даярлауға бағытталған техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру.
МКҚК басшысының біліктілігіне қойылатын талаптар: жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім немесе тиісті бейін бойынша өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат; білім беру саласындағы педагогикалық жұмыс өтілі соңғы бес жылдан кем емес, оның ішінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы басшысының орынбасары лауазымындағы жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе тиісті бейін бойынша кәсіпорындарда басшы лауазымдарындағы жұмыс өтілі бес жылдан кем болмауы тиіс; педагогтің бірінші немесе жоғары біліктілік санатының, педагог-сарапшының немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы (педагогикалық өтілі бес жылдан кем емес жоғары оқу орындары оқытушыларының, мемлекеттік қызметкерлерін, әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың), біліктілікті арттыру жүйесінің әдіскерлерін, өндірістен өткен тұлғаларды қоспағанда).
МКҚК басшысының лауазымдық міндеттері: Қазақстан Республикасының заңнамасына және білім беру ұйымының жарғысына сәйкес оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік, әкімшілік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметке басшылық жасайды. Басқару құрылымын, штат кестесін, білім беру ұйымдары қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді. Білім алушылардың контингентін қалыптастырады, олардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етеді. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында жұмыс істеу үшін қажетті жағдайды, қоғамдық тамақтануды, медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыруды және олардың жұмысын бақылауды қамтамасыз етеді. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеу мен оқытуды ұйымдастыру, оның ішінде кедергісіз орта құру үшін арнайы жағдайлар жасайды. Жұмыс берушілермен және әлеуметтік серіктестермен жұмысты үйлестіреді. Материалдық-техникалық базаны қайта жабдықтауды және қайта құруды ұйымдастырады.
Лауазымдық еңбек ақысы еңбек еткен өтіліне қарай 171 120 теңгеден 207 553 теңгеге дейін.
Басшы лауазымына Конкурсқа қатысу үшiн кандидатқа ұсыну қажет:
1) өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);
3) білімі туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі (ЖОО-ның жеке үлгідегі құжаты);
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
5) кадр есебі бойынша жеке іс парағы және фото;
6) бұрынғы жұмыс орнынан болған жазалары мен көтермелеулері көрсетілген өндірістік мінездеме;
7) қолда бар біліктілік санаты және ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (болған жағдайда);
8) «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;
9) соттылығының жоқтығы туралы анықтама;
10) Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
11) тестілеуден өткені туралы құжат (болған жағдайда);
12) біліктілікті арттыру, қайта даярлау курстарынан өткені туралы құжат (болған жағдайда);
13) жетпіс екі сағаттан кем емес білім берудегі менеджмент бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткенін растайтын құжат;
14) білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары.
3), 4), 5), 6), 7) тармақшаларда көрсетілген құжаттар жұмыс орнындағы кадр қызметінің немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкерінің мөрімен расталады.
Аталған құжаттардың біреуінің болмауы конкурсқа қатысушыға құжаттарды қайтарып беру үшін негіз болып табылады.
Конкурсқа қатысуға үміткер басқарма комиссиясының қарауына оның кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыру, ғылыми зерттеулер, өзінің педагогикалық тәжірибесін, наградалар туралы материалдарды, тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы ақпаратты ұсынады.
Конкурсқа қатысуға тілек білдірген тұлғалардың құжаттары конкурсты өткізу туралы бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күні аяқталғанға дейін қабылданады.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар білім басқармасының кеңсесіне төмендегі мекенжайға ұсынылуы тиіс: Көкшетау қаласы, Сәтпаев көшесі 1, 302 кабинетке, 09.00-13.00 және 14.30-18.30 дейін немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы ұсынуы қажет.
Ақпаратты нақтылау үшін байланыс телефондары: 8 (716-2) 903105, 903106, электронды пошта: g.alieva@akmo.gov.kz.