Мектепке дейінгі ұйымдарда мемлекеттік тапсырыс беру конкурсы бойынша

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 бұйрығымен бекітілген еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, орта білім беруге және балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларына сәйкес конкурстық рәсімдерді өткізу мерзімі білім беруді басқару органдарының ресми интернет-ресурстарында конкурс өткізу туралы хабарландыру мәтіні орналастырылған күннен бастап 16 (он алты) жұмыс күнін құрайды.

Мектепке дейінгі ұйымдармен мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру шарты тиісті қаржы жылына бекітілген бюджет қаражаты шегінде бір қаржы жылына жасалады.

Осыған байланысты, мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру тәртібінің мерзімдерін бұзылуының алдын алу және осы мәселеге қатысты арыз-шағымдарды болдырмау мақсатында мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесін өзектендіру рәсімін ағымдағы жылдың бірінші желтоқсанына дейін аяқтауды сұраймыз.

Конкурстық комиссия отырысының хаттамасын және білім бөлімінің мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесін бекіту туралы бұйрығының көшірмелерін ағымдағы жылдың бірінші желтоқсанына дейін ұсыну қажет.

 

Дата публикации
31 октября 2024