Ақмола облысында 596 мектепке дейінгі ұйымда 37208 бала (437 - мемлекеттік, 159 - жекеменшік, 264-балабақша, 332-мектеп жанындағы шағын орталықтар, сенімгерлік басқаруға берілген (МЖӘ) -8 ББ) мектепке дейінгі білім мен тәрбие алуда. 2-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі оқыту және тәрбиемен қамту 92,3% құрайды (жоспар бойынша жыл соңына дейін 93%)
2024-2025 жылдарға арналған мектепке дейінгі ұйымдарды іске қосу мен ашудың қадамдық жоспарына сәйкес ағымдағы жылы 1623 жаңа орын құру жоспарлануда: (анықтама ретінде: 1381 орынға 10 мектепке дейінгі ұйым ашу және жұмыс істеп тұрған 7 мектепке дейінгі ұйымды 242 орынға кеңейту).
Жыл басынан бері 1241 жаңа орын ашылды (446 орындық 2 мемлекеттік балабақша және 626 орындық 7 жеке балабақша пайдалануға берілді. 4 мемлекеттік мектепке дейінгі ұйым 59 орынға және 2 жекеменшік ұйым 110 орынға кеңейтілді). Жыл соңына дейін тағы 382 жаңа орын ашуды жоспарлап отырмыз (қараша айында Қосшы қаласының жеке бизнесі есебінен).
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2023 жылдың 1-ші шілдесінен бастап ХӘОТ санаттарынан бүгінгі күні 9693 бала (27% барлық балалар санынан) облыстың мектепке дейінгі ұйымдарында тегін тамақтанады, осы мақсаттарға облыстық бюджеттен 1,8 млрд. теңге бөлінді (ай сайын бір бала үшін ата-ана төлемі 17805 теңге).
Білім беру саласындағы бюджет қаражатын жоспарлау және игеру процестеріндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою мақсатында Ақмола облысының білім басқармасы 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап балалардың қатысуын тіркеуді есепке алу жүйесін және электрондық табелдеуді белгілеу бойынша пилоттық жобаны енгізді. Бұл жобаға Көкшетау қаласының 46 мектепке дейінгі ұйымдары кірді (Анықтама: 19 мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында және 27 балабақшада QR жүйесі (6 МЖӘ, 17 ЖБ, 4 шағын орталық. Qr және iqolek Family, it Factory әзірлеушісі). Балалардың балабақшаға нақты баруына талдаудың қортындысы бойынша, үнемдеу орташа есеппен айына 20 млн. теңгені құрайды. Қазіргі уақытта Ақмола облысының 19 өңірінде осы есепке алу жүйесін енгізу бойынша кезең-кезеңмен жұмыс жүргізілуде.
Ақмола облысында балабақшаға бармайтын балалардың (1 жастан 5 жасқа дейін) ата - аналарға арналған 352 консультациялық пункт жұмыс істейді, ( қалада - 122, ауылда-239), жыл соңына дейін олардың санын 361-ге жеткізу жоспарлануда. Бұл ретте 2025 жылы тағы 60 пункт іске қосылады. (Анықтамалық: ағымдағы жылы консультациялық пункттерге 2,6 мыңнан астам: халықтың әлеуметтік осал топтарынан - 569, көпбалалы - 674; толық емес - 203; басқа - 1233 ата-ана жүгінді. 2,2 мың баламен, оның ішінде 2 жас - 1127, 3 жас - 572, 4 жас - 299, 5 жас - 214 жұмыс жүргізілді).
Ақмола облысының мектепке дейінгі ұйымдарының базасында Инновациялық педагогикалық тәжірибені тарататын 6 құзыреттілік орталық жұмыс істейді. (Құзыреттілік орталықтар өсу нүктелерімен жұмыс істейді, ал өсу нүктелері өз кезегінде базалық деңгейдегі мектепке дейінгі ұйымдармен жұмыс істейді). Биыл семинарлар 870-тен астам педагогтар қамтыды
Жазғы каникул кезеңінде болашақ бірінші сынып оқушыларының бастапқы мүмкіндіктерін теңестіру үшін облыста оқу жылы басталар алдында «Білімге құмар» қысқа мерзімді мектепалды даярлық бағдарламасы ұйымдастырылды. 442 мектеп базасында 963 педагогтің жетекшілігімен 7,5 мыңға жуық бала мектепалды даярлықтан өтті.
Балалардың үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын меңгеру деңгейін бағалау мақсатында ағымдағы жылы мектеп жасына дейінгі баланың жеке даму картасы енгізілді.
Бүгінгі таңда Ақмола облысы бойынша толтыру 89,3% (ҚР - 76%) құрайды. Қызметтің бұл түрі алғаш рет іске қосылғандықтан, осы процестерді жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Өңірде мектепке дейінгі білім беру саласын мемлекеттің қолдауы бойынша жұмыс жалғастырылатын болады.