«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша ақпарат

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Ақмола облысында 12200 орындық 9 мектептің құрылысы жоспарланды. (Целиноград ауданында 9200 орындық 7 мектеп, Көкшетау қаласында 3000 орынға 2 мектеп).

Ағымдағы жылдың 24 қазандағы жағдай бойынша Целиноград ауданында әрқайсысы 1200 орындық 6 мектеп ашылды. (Талапкер ауылында 2 мектеп, Қараөткел ауылында 1 мектеп, Ақмол ауылында 1 мектеп, Қабанбай батыр ауылында 1 мектеп, Қаражар ауылында 1 мектеп).

Жыл соңына дейін Қоянды ауылында  2000 орындық тағы 1 мектепті  іске қосу жоспарланған.

Сонымен қатар, Көкшетау қаласында «Сарыарқа» мөлтек ауданында 1500 орындық 2 мектептің құрылысы жүзеге асырылып жатыр, мектептердің ашылуы ағымдағы жылдың соңына  жоспарланды.

 

 

Дата публикации
28 октября 2024