«Ақмола облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылғы 21 ақпандағы «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидалары» № 57 бұйрығына сәйкес коммуналдық мемлекеттік мекемесі (әрі қарай - КММ) және мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындар (әрі қарай - МКҚК) басшыларының лауазымдарына орналасуға конкурс жариялайды.

«Ақмола облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылғы 21 ақпандағы  «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидалары» № 57 бұйрығына сәйкес коммуналдық мемлекеттік мекемесі (әрі қарай - КММ) және мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындар (әрі қарай - МКҚК) басшыларының лауазымдарына орналасуға конкурс  жариялайды.

  1. «Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Қаракөл ауылының негізгі орта білім беретін мектебі»

КММ-нің мекенжайы: 020317 индексі, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Астрахан ауданы, Қаракөл ауылы, Әл-Фараби көшесі, 25.

Лауазымдық жалақысы: еңбек еткен жылдарына байланысты 210 000 теңгеден 255 000 теңге аралығында.

КММ-нің негізгі қызметі: білім алушыларды жеке тұлға, қоғам, берудің мемлекет мүддесінде оқыту және тәрбиелеу бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім болып табылады.

  1. «Ақмола облысы білім басқармасының Астрахан ауданы бойынша білім бөлімі Каменка ауылының жалпы орта білім беретін мектебі»

КММ-нің мекенжайы: 020309 индексі, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Астрахан ауданы, Каменка ауылы, Школьная көшесі, 17.

Лауазымдық жалақысы: еңбек еткен жылдарына байланысты 210 000 теңгеден 255 000 теңге аралығында.

КММ-нің негізгі қызметі: білім алушыларды жеке тұлға, қоғам, берудің мемлекет мүддесінде оқыту және тәрбиелеу бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім болып табылады.

3.«Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі Савинка ауылының негізгі орта  білім беретін мектебі»

КММ-нің мекенжайы: 021715,  Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Бурабай аудан Савинка ауылы, Школьная көшесі, 5 А үйі. Телефон: 87163694751.

Лауазымдық жалақысы: еңбек еткен жылдарына байланысты 210 000 теңгеден 255 000 теңге аралығында.

КММ-нің негізгі қызметі: білім алушыларды жеке тұлға, қоғам, берудің мемлекет мүддесінде оқыту және тәрбиелеу бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім болып табылады.

КММ басшысының біліктілігіне қойылатын талаптар: 

жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл, оның ішінде білім беру ұйымдарындағы педагогикалық өтілі соңғы 2 жыл;

      және (немесе) педагогтің бірінші немесе жоғары біліктілік санатының, педагог – сарапшының немесе педагог – зерттеушінің немесе педагог – шебердің біліктілік санатының болуы не "үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" біліктілік санатының не "басшы-ұйымдастырушы" немесе "басшы-менеджер" немесе "басшы-көшбасшы" біліктілік санатының болуы;

      осы тармақтың 2,3-абзацтағы нормаларын қоспағанда, білім және ғылым саласындағы қызмет бағыты бойынша мемлекеттік қызметші лауазымындағы, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру немесе педагогикалық білімі бар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының басшысы лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

4.«Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының №1 мектеп-гимназиясы»

КММ-нің мекенжайы: 020000, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Ауэзов көшесі, 190. Телефон: 8 (716 2) 25-37-72.

КММ-нің негізгі қызметі: мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беруді жүзеге асыру, қосымша жалпы білім беру бағдарламаларын іске асыру болып табылады.

Лауазымдық жалақысы еңбек еткен жылдарына байланысты 222 698 тегеден 235 546 теңге аралығында

КММ басшысының біліктілігіне қойылатын талаптар: 

      жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, оның ішінде соңғы 2 жыл үздіксіз педагогикалық өтілі, басшының орынбасары лауазымында немесе орта білім беру ұйымының басшысы лауазымында кемінде 2 жыл өтілі;

     жоғары біліктілік санатының немесе педагог – сарапшының немесе педагог – зерттеушінің немесе педагог – шебердің біліктілік санатының болуы; не білім беру ұйымының "үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" біліктілік санатының не "басшы-ұйымдастырушы" немесе "басшы-менеджер" немесе "басшы-көшбасшы" біліктілік санатының болуы.

      осы талаптың 2,3-абзацындағы нормаларын қоспағанда, білім және ғылым саласындағы қызмет бағыты бойынша мемлекеттік қызметші лауазымындағы, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру немесе педагогикалық білімі бар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының басшысы лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл

КММ басшысының лауазымдық міндеттері:        білім беру ұйымының қызметін оның жарғысына сәйкес және осы біліктілік сипаттамаларына сәйкес басқарады,      педагогикалық және әдістемелік кеңеспен бірлесіп мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттың іске асырылуын ұйымдастырады,      педагогикалық кеңесті басқарады,      мектепті дамыту бағдарламасын, оқу-тәрбие жұмысының жоспарын, оқу жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларын, мектепішілік бақылау жоспарын, тәрбие жұмысының жоспарын бекітеді,      білім беру ұйымының ғылыми - әдістемелік және материалдық-техникалық базасын қалыптастырады және жетілдіреді,      оқу-тәрбие процесін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады және жетілдіреді,      заманауи ақпараттық технологияларды дамытуды қамтамасыз етеді,      қашықтан оқытуды өткізу процесін ұйымдастырады және бақылайды, барлық сыныптар үшін қашықтан оқытудың түзетілген оқу бағдарламасын және сабақ кестесін бекітеді,      педагогикалық ұйымдардың, әдістемелік бірлестіктердің, балалар ұйымдарының қызметіне ықпал етеді,      білім беру қызметінің құқықтану лицензиясына сәйкес оқушылар, тәрбиеленушілер контингентін қалыптастырады, білім алушылар мен тәрбиеленушілерді әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді,      жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қатарындағы тәрбиеленушілердің заңды құқықтары мен мүдделерін (жеке, мүліктік, тұрғын үй, еңбек және өзге де) қорғайды, оларға туыстық байланыстарды қолдау үшін жағдай жасау жөнінде шаралар қабылдайды,      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нормаларды ескере отырып, тәрбиеленушілер мен білім алушыларды ұстау және тұру жағдайларын қамтамасыз етеді,      оқу-тәрбие процесі кезінде білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) және білім беру ұйымы қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне жағдайлар жасайды,      ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеу мен оқытуды ұйымдастыру үшін жағдай жасайды,      ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар баланы тәрбиелеу және дамыту мәселелерінде балалар мен ата-аналарды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді,       оқушылардың денсаулығын сақтау және нығайту мақсатында оларды тамақпен, (мектеп міндеттемелері шеңберінде медициналық қызмет көрсетумен) қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты және бақылауды ұйымдастырады,      білім беру ұйымының мүлкі мен қаражатына заңнамада белгіленген тәртіппен иелік етеді, қаржы қаражатының түсімдері мен жұмсалуы туралы жыл сайынғы есепті ұсынады,      Қамқоршылық кеңес пен ата-аналар қоғамдастығының алдында ұйымның қызметі туралы, оның ішінде қаржылық және материалдық қаражаттың түсуі және жұмсалуы туралы жыл сайынғы есепті ұсынады,      нормативтік талаптарға сәйкес есепке алуды, оқу-материалдық базаның сақталуын және толықтырылуын қамтамасыз етеді, ішкі еңбек тәртібі қағидаларының, санитариялық-гигиеналық режимнің, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидаларының сақталуына жауап береді,       педагогтер мен қосалқы персоналды іріктеуді және орналастыруды жүзеге асырады, қызметкерлердің штаттық кестесін және лауазымдық міндеттерін бекітеді, олардың кәсіби құзыреттілігін арттыру үшін жағдай жасайды,     компьютерлік сауаттылықты, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгерген,      педагогтерді аттестаттау және біліктілік санатын беру (растау) рәсімін ұйымдастырады,      жоғары көрсеткіштері мен жетістіктері бар білім беру ұйымдарының қызметкерлері мен педагогтерін көтермелеуге ұсынады,       педагогикалық әдеп жөніндегі кеңесті басқарады, педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің ұсынымдарын ескере отырып, өз құзыреті шегінде жаза қолданады,      өз құзыреті шегінде мектептің басқа қызметкерлеріне жаза қолданады,      жұртшылықпен байланысты жүзеге асырады, ата-аналармен (оларды ауыстыратын тұлғалармен), қамқоршылық кеңеспен жұмысты үйлестіреді,      мемлекеттік және өзге де ұйымдарда білім беру ұйымының атынан өкілдік етеді, есептілікті дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді,      өзінің кәсіби дамуымен жұмыс істейді, оның ішінде менеджмент саласында,      білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтар және басқа да қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді,      білім беру қызметтерінің сапасына жауап береді.

  1. «Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының «Аяла» арнайы балабақшасы»

КММ-нің мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 020000, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Сарыарқа шағын ауданы, ғимарат 7/3.

 КММ-ның негізгі қызметі: ерекше білім беру қажеттілікке бар балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту болып табылады.

Лауазымдық жалақысы еңбек еткен жылдарына байланысты 211 408  тегеден  223 478 теңге аралығында.

КММ басшысының біліктілігіне қойылатын талаптар:

"Арнайы білім" бағыты бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім, тиісті бейіні бойынша өзге де кәсіптік білім, педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы сертификат; педагогикалық жұмыс өтілі 3 жыл, оның ішінде мектепке дейінгі ұйымда бір жыл;

      және (немесе) педагогтің, немесе педагог – сарапшының, немесе педагог – зерттеушінің, немесе педагог – шебердің, немесе бірінші немесе жоғары біліктілік санатының болуы.

  1. «Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Көкшетау қаласының «Нұрсая» бөбекжайы»

МКҚК-нің мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 020000, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Шәкәрім Құдайбердиев көшесі 57.

 МКҚК-ның негізгі қызметі: мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру саласында қызметті жүзеге асыру болып табылады.

Лауазымдық жалақысы еңбек еткен жылдарына байланысты 211 408  тегеден  223 478 теңге аралығында.

 

МКҚК басшысының біліктілігіне қойылатын талаптар:

жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім немесе тиісті бейіні бойынша өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі бес жыл, оның ішінде мектепке дейінгі ұйымда соңғы екі жыл;

немесе бірінші немесе жоғары біліктілік санатының немесе педагог – сарапшы немесе педагог - зерттеуші немесе педагог – шебер біліктілігінің болуы; "үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "басшы-ұйымдастырушы" немесе "басшы-менеджер" немесе "басшы-көшбасшы" біліктілік санатының болуы;

осы тармақтың 3-абзацындағы нормаларын қоспағанда, білім және ғылым саласындағы қызмет бағыты бойынша мемлекеттік қызметші лауазымындағы, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру немесе педагогикалық білімі бар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының басшысы лауазымындағы жұмыс өтілі кемінде бес жыл;

      

Басшысының лауазымдық міндеттері:       

нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымының (бұдан әрі – МДҰ) қызметін басқарады;

педагогикалық кеңестің жұмысын басқарады;

педагогикалық кеңеспен бірлесіп белгіленген тәртіппен оқу жұмыс жоспарларын, қосымша мектепке дейінгі білім беру бағдарламаларын, оқу-әдістемелік кешендерді әзірлеу мен бекітуді ұйымдастырады, ішкі тәртіп ережелерінің сақталуын бақылайды;

       "Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы" 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 17669 болып тіркелген) (бұдан әрі – мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты) бұйрығына сәйкес "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы" 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығында көрсетілген мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 14235 болып тіркелген) (бұдан әрі – мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы) іске асырылуын қамтамасыз етеді;

     тәрбие-білім беру процесі кезінде ұйым тәрбиеленушілері мен қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне жағдайлар жасайды;

     ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар баланы тәрбиелеу және дамыту мәселелерінде балалар мен ата-аналарды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді;

      ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеу мен оқытуды ұйымдастыру үшін жағдай жасайды;

     ұйымды басқару құрылымын айқындайды, қаржылық, шаруашылық, ғылыми, әдістемелік және өзге де мәселелерді шешеді;

     тәрбиеленушілердің контингентін қалыптастырады, олардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етеді;

      әдістемелік бірлестіктердің қызметіне ықпал етеді;

     тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау және нығайту, балаларға медициналық қызмет көрсету және тамақтануды ұйымдастыру үшін жағдайларды қамтамасыз етеді;

       мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымының мүлкі мен құралдарына заңнамада белгіленген тәртіппен иелік етеді, қаржы қаражатының түсімдері мен жұмсалуы туралы жыл сайынғы есепті ұсынады;

       оқу-материалдық базаның есебін, сақталуын және нығайтылуын, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша санитариялық-гигиеналық режим ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді;

       жұртшылықпен, ұйымдармен, ата-аналармен (оларды алмастыратын адамдармен) өзара байланысты жүзеге асырады;

      педагог кадрларды және көмекші қызметшілерді іріктеуді және орналастыруды жүзеге асырады, қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлейді;

        педагогтердің және басқа да қызметкерлердің біліктілігін арттыру үшін жағдай жасайды;

ұйымның қызметі туралы есептілікті дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді.

 

Басшы лауазымына конкурсқа қатысу үшiн кандидатқа ұсыну қажет:

  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығыменбекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 7495 болып тіркелген) Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларының 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
  • жеке басты куәландыратын құжаты не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжаттың көшірмесі (сәйкестендіру үшін);
    3)кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы және фото;
    4)білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың көшірмесі;
    5)еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;
    6)Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) біліктілік тестілеу сертификаты (бар болса);

10)білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары;
11) түйіндеме;

12) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 7495 болып тіркелген) Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларының 12-қосымшасына сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі.

13) біліктілік санатын беру (растау) туралы куәлік.

4), 5) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды жұмыс орнынан персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері куәландырады және мөрмен расталады.

Аталған құжаттардың біреуінің болмауы конкурсқа қатысушыға құжаттарды қайтарып беру үшін негіз болып табылады.

Конкурсқа қатысуға үміткер басқарма комиссиясының қарауына оның кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыру, ғылыми зерттеулер, өзінің педагогикалық тәжірибесін, наградалар туралы материалдарды, тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы ақпаратты ұсынады.

Конкурсқа қатысуға тілек білдірген тұлғалардың құжаттары конкурсты өткізу туралы  Ақмола облысының білім басқармасының ресми Интернет-ресурстарында, ресми әлеуметтік желі аккаунттарында жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күні аяқталғанға дейін қабылданады.

 

Құжаттарды қабылдау  ағымдағы  жылғы  22- шілдеден бастап 30-шілдеге дейін келесі жолдармен жүзеге асырылады:

  • білім басқармасының кеңсесіне: Көкшетау қаласы, Сәтпаев көшесі 1,  302 кабинет, 09.00-13.00 және 14.30-18.30.

     Ақпаратты нақтылау үшін байланыс телефоны: 8(716-2)90-31-12, электрондық мекен-жайы: konkurs.kadry@mail.ru

  • "Азаматтарға арналған үкімет "Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
  • веб-портал "Электрондық үкімет".

Конкурстық комиссия жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына жасы он сегізден кем емес байқаушылар шақырылады.

      Байқаушы ретінде конкурстық комиссияның отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей кадр қызметін хабардар етеді.

      Хабарлама конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон немесе электрондық пошта арқылы жүзеге асырылады.

Дата публикации
22 июля 2024