«Ақмола облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидалары» бұйрығына сәйкес: «Ақмола облысы білім басқармасының психологиялық қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшысының лауазымына орналасуға конкурс жариялайды (әрі қарай – КММ).

КММ орналасқан жері: индексі 020000, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Пушкин көшесі, 17. КММ -нің негізгі қызметі: Мемлекеттік мекеме қызметінің мәні білім алушылардың, тәрбиеленушілердің, педагогтердің, ата-аналардың және өзге де заңды өкілдердің психологиялық әл-ауқатын сақтауға және нығайтуға бағытталған психологиялық қызметтің бірыңғай жүйесін құру болып табылады. КММ басшысының біліктілігіне қойылатын талаптар:   жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім, педагогикалық жұмыс өтілі 7 жылдан кем емес; «үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары» немесе «екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары» немесе «бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары» не «ұйымдастырушы-басшы» немесе «басшы-менеджер» немесе «көшбасшы-басшы», немесе       «үшінші біліктілік санатты басшысы» немесе «екінші біліктілік санатты басшысы» немесе «бірінші біліктілік санатты басшысы» біліктілік санатының болуы; Лауазымдық жалақысы: еңбек еткен жылдарына байланысты 206 701 теңгеден 251 297 теңге аралығында. КММ басшысының лауазымдық міндеттері: Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес психологиялық қолдау орталығы (бұдан әрі – Орталық) барлық бағыттарына жалпы басшылықты жүзеге асырады; штаттық кестені айқындайды және бекітеді; даму стратегиясын, мақсаты мен міндеттерін айқындайды, ПҚО дамыту бағдарламаларын әзірлеуді, бекітуді және орындауды, ішкі еңбек тәртібінің қағидаларын ұйымдастырады, басқарудың қазіргі заманғы әдістері негізінде ПҚО жұмысын болжайды және жоспарлайды; бюджет қаражатын ұтымды пайдалануды қамтамасыз етеді; ПҚО мүлкі мен қаражатына заңнамада белгіленген тәртіппен билік етеді, қаржы қаражатының түсімдері мен жұмсалуы туралы жыл сайынғы есепті ұсынады; оқу-материалдық базаны есепке алуды, сақтауды және толықтыруды қамтамасыз етеді; кадрларды іріктеуді және орналастыруды жүзеге асырады; қызметкерлердің лауазымдық міндеттерін айқындайды, олардың кәсіби шеберлігін арттыру, ұжымда қолайлы психологиялық атмосфераны қалыптастыру үшін жағдайлар жасайды; аудандық психологиялық қолдау кабинеттерінің қызметін үйлестіруді ұйымдастырады; ПҚО ғылыми-әдістемелік, сараптамалық кеңестерінің, педагог-психологтер қауымдастықтарының жұмысына басшылық етеді;өңірдегі білім беру ұйымдарының психологиялық қызметінің құрамына кіретін барлық мамандардың біліктілігі мен кәсіби шеберлігін арттыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады және өткізеді, супервизиялар жүргізеді; өңірдің білім беру ұйымдарының психологиялық қызметтерінің жұмысында мониторинг пен талдауды ұйымдастырады; білім беру процесінің қатысушыларына психологиялық қолдау көрсету бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимылды ұйымдастырады, күрделі жағдайларды қарау бойынша өңірлік консилиумдардың жұмысына басшылық жасайды; білім беру процесіне қатысушыларды сұранымдар бойынша психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді ұйымдастырады; білім беру ұйымдарында шұғыл (дағдарыстық) жағдайлар туындаған кезде психологиялық көмек көрсету мақсатында жедел әрекет етуді ұйымдастырады; білім беру және денсаулық сақтау ұйымдарымен бірлесіп балалардың аутодеструктивті мінез-құлқының алдын алу мәселелері бойынша профилактикалық жұмысты ұйымдастырады;өңірдің білім беру ұйымдарының психологиялық қызметтерінің озық тәжірибесін жинақтауды және насихаттауды ұйымдастырады. Өткізілетін іс-шаралардың сапасын бақылайды, атқарылған жұмыстардың есебін жүргізеді, есептілікті дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді; әдіскерлер мен мамандар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаттарын сақтауға ықпал етеді; компьютерлік сауаттылыққа ие, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды белсенді пайдаланады; оқу-материалдық базаны есепке алуды, сақтауды және толықтыруды, санитарлық-гигиеналық режим, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы қағидаларының сақталуын қамтамасыз етеді; қызметкерлердің шығармашылық бастамасын көтермелейді және ынталандырады; ұйымның мүдделерін барлық органдарда білдіреді және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де қызметті жүзеге асырады. Республикада және шетелде қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимылды ұйымдастырады. Басшы лауазымына конкурсқа қатысу үшiн кандидатқа ұсыну қажет: 1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагог қызметкерлерін лауазымдарға тағайындау, қызметтен босату қағидаларына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш. № 57 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7495 болып тіркелген); 2) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттама қызметінің электрондық құжаты (сәйкестендіру үшін); 3) кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ және фото; 4) білім тұралы мемлекеттік үлгілі құжаттың көшірмесі; 5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі; 6) "Денсаулық сақтау саласындағы бухгалтерлік құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысандағы денсаулығы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген); 7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама; 8) Наркологиялық ұйымнан анықтама; 9) сертификаттаудан өту туралы сертификат (бар болса); 10) білім беру ұйымын дамытудың перспективалық жоспары; 11) түйіндеме; 12) Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітілген мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін қызметке тағайындау, қызметтен босату қағидаларына 17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге көрсетілетін қызметті алушының келісімі Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7495 болып тіркелген). 13) біліктілік санатын беру (растау) туралы куәлік. 4), 5) тармақшаларда көрсетілген құжаттарды жұмыс орнынан персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкері куәландырады және мөрмен расталады. Аталған құжаттардың біреуінің болмауы конкурсқа қатысушыға құжаттарды қайтарып беру үшін негіз болып табылады. Конкурсқа қатысуға үміткер басқарма комиссиясының қарауына оның кәсіби жетістіктері, біліктілігін арттыру, ғылыми зерттеулер, өзінің педагогикалық тәжірибесін, наградалар туралы материалдарды, тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы ақпаратты ұсынады. Конкурсқа қатысуға тілек білдірген тұлғалардың құжаттары конкурсты өткізу туралы Ақмола облысының білім басқармасының ресми интернет-ресурстарында, ресми әлеуметтік желі аккаунттарында жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күні аяқталғанға дейін қабылданады. Құжаттарды қабылдау 2024 жылғы 20-28 маусым аралығында келесі жолдармен жүзеге асырылады: білім басқармасының кеңсесіне: Көкшетау қаласы, Сәтпаев көшесі 1, 302 кабинет, 09.00-13.00 және 14.30-18.30. Ақпаратты нақтылау үшін байланыс телефоны: 8 (716-2) 90-31-05, электрондық мекен-жайы: konkurs.kadry@mail.ru «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы; «Электрондық үкімет» веб-порталы. Конкурстық комиссия жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына жасы он сегізден кем емес байқаушылар шақырылады. Байқаушы ретінде конкурстық комиссияның отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей кадр қызметін хабардар етеді. Хабарлама конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон немесе электрондық пошта арқылы жүзеге асырылады.

Дата публикации
20 июня 2024