Ақмола облысының әкімдігі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы №122 «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауғажоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімшелеріне мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына
(әрі қарай - Қағидалар) сәйкес, 2024-2025 оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы конкурс жариялайды.
Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру конкурсына қатысу үшін жоғары оқу орны (бұдан әрі - ЖОО) мынадай құжаттарды қамтитын конкурстық өтінім беруі қажет:
1) Қағидалардың 8-қосымшасына сәйкес белгіленген нысан бойынша жоғары оқу орнының өтінім;
2) Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес белгіленген нысан бойынша жоғары оқу орнының сауалнамасы;
3) Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес белгіленген нысан бойынша тиісті оқу жылына арналған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға ұсыныстарды қамтитын конкурстық өтінім;
4) Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес жоғары жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) ақпараттық картасы.
Конкурстық өтінімге кіретін құжаттар нөмірленуі, ЖОО-ның бірінші басшысының қолы қойылуы, мөрмен расталуы және конкурсты ұйымдастырушының edu_obl@aqmola.gov.kz ресми электрондық мекенжайына электрондық форматта а.ж. 8 шілдеден бастап (сағ. 09-00-ден)
12 шілдеге дейін (сағ.18-30-ға) ұсынылуы тиіс. Өтінімді қабылдауды:
8 (716 2) 90 31 07, 8 (716 2) 90 31 10 телефон нөмірлері бойынша растау қажет.
Конкурстық өтінім конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген сағаттан және күннен кешіктірілмей жіберіледі. Конкурстық өтінімді беру мерзімі өткен соң түскен конкурстық өтінім кешіктірілу себептеріне қарамастан қаралмайды. Оларды беру мерзімі өткеннен кейін конкурстық өтінімге қандай да бір өзгерістер енгізуге жол берілмейді.
Қосымша:Ақмола облысында 2024-2025 оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналғанмемлекеттік білім беру тапсырысы.