Орта білім беру ұйымдарында 2020-2021 оқу жылының басталуын, ұзақтығын және демалыс кезеңдерін айқындау туралы

«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 14) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17669 болып тіркелген) бекітілген Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2020 жылғы 12 тамыздағы № 340 бұйрығының негізінде БҰЙЫРАМЫН:

  1. Меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан орта білім беру ұйымдарында 2020 - 2021 оқу жылының басталуы, ұзақтығы және каникулы кезеңдерінің мынадай мерзімдері айқындалсын:

1) 2020 - 2021 оқу жылының басталуы - 2020 жылғы 1 қыркүйек;

2) оқу жылының ұзақтығы 1-сыныптарда – 33 оқу аптасы, 2-11 (12)- сыныптарда – 34 оқу аптасы. Мейрам күндеріне түскен сабақтар оқу бағдарламасы мазмұнының кіріктірілуі ескеріле отырып, қайталауға арналған сағаттар есебінен келесі жұмыс күндеріне ауыстырылады.

3) оқу жылы ішіндегі каникул кезеңдері:

1-11 (12) – сыныптарда: күзгі каникул – 10 күн (2020 жылғы 5-14 қараша аралығында), қысқы – 11 күн (2020 жылғы 31 желтоқсан мен
2021 жылғы 10 қаңтар аралығында), көктемгі – 12 күн (2021 жылғы 
20-31 наурыз аралығында);

1-сыныптарда: қосымша каникул – 7 күн (2021 жылғы 8-14 ақпан аралығында).

  1. Мектепке дейінгі және орта білім бөлімінің басшысы (Сүлейменоваға Ә.Т.) осы бұйрықты барлық білім ұйымдарына жеткізсін.
  2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау басшының орынбасары Дүйсеноваға Б.Б. жүктелсін.

Басшы                                                                                                                                                       Б. Жүсіпов

Дата публикации
26 августа 2020