О внесении изменений и дополнения в постановление акимата Акмолинской области от 8 февраля 2022 года № А-2/60 «Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера родительской платы по Акмолинской области»

Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Ақмола облысы бойынша мектепке дейiнгi тәрбие мен оқытуға
мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекiту
туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2022 жылғы 8 ақпандағы № А-2/60
қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №
26811 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Мыналар бекітілсін:

1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Ақмола облысы бойынша
мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы;


2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Ақмола облысы бойынша ата-ана
төлемақысының мөлшері.»;


көрсетілген қаулымен бекітілген Ақмола облысы бойынша мектепке дейінгі
тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы осы қаулының 1-
қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулы осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес 2-қосымшамен
толықтырылсын.

2. 1-тармақтың алтыншы абзацының күші 2023 жылғы 1 қыркүйектен
бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

Дата публикации
13 февраля 2024