Ақмола облысының әкімдігі «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлауға, жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы №122 бұйрығына сәйкес, Ақмола облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 17 шілдеде № 7960-пен тіркелген Ақмола облысы әкімдігінің 2020 жылғы 16 шілдедегі № А-7/366 «2020-2021 оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» қаулысына сәйкес 2020-2021 оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы конкурс жариялайды.
Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру конкурсына қатысу үшін жоғары оқу орындары мынадай қажетті құжаттарды ұсынады:
1) 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы жоғары оқу орнының өтінімін;
2) 2-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы жоғары оқу орнының сауалнамасын;
3) 3-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы тиісті оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырудың ұсынысын.
Конкурстық өтінімге кіретін құжаттар тігіледі, нөмірленеді, жоғары оқу орнының бірінші басшысы қол қояды, мөрімен расталады және конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген тәртіппен ұсынылады. Конкурстық өтiнiм білім беру саласындағы уәкілетті органға конкурс өткiзу туралы хабарландыруда көрсеткен сағат пен күннен кешiктiрілмей ұсынылады.
Қосымшалар қағаз және электрондық тасығыштарда ұсынылады. Мемлекеттік тапсырысты орналастырудың ұсыныстарды электрондық нұсқасын edu@akmo.kz электрондық поштаға жіберу қажет.
Конкурстық өтiнiм беру мерзiмi аяқталғаннан кейiн түскен конкурстық өтiнiмдер кешiгу себептерiне қарамастан қаралмайды.
Конкурстық өтінімдерді беру мерзімі аяқталғаннан кейін оларға қандай да бір өзгерістер енгізуге рұқсат етілмейді.
Конкурсқа қатысуға арналған құжаттар конкурсты ұйымдастырушының төмендегі мекен-жайда орналасқан кеңсесіне а.ж. 5 тамыз сағат 18:30-ге дейін ұсынылады: «Ақмола облысының білім басқармасы» ММ, 020000, Ақмола облысы, Сәтпаев көшесі, 1А, 90-31- 22, 90-31-10, 302 каб.